1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Шикізатты кешенді және ұтымды пайдалану проблемасы. Шикізатты рециркуляциялау



бет8/38
Дата23.04.2023
өлшемі1,26 Mb.
#85881
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Байланысты:
охт ждд

10. Шикізатты кешенді және ұтымды пайдалану проблемасы. Шикізатты рециркуляциялау.
Химиялық шикізатты тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары
Азранырақ шикізатты пайдалану (мүмкіндігінше жергілікті шикізатты);
Екінші материалдық қорларды пайдалану (жанама өнімдер, қалдықтар);
Концентрациясы төменірек шикізатты пайдалану;
Шикізатты кешенді түрде пайдалану, яғни шикізат құрамындағы барлық құнды компоненттерді ең жоғарғы дәрежеде бөліп алу жіне оларды пайдалану; Төменгі РПИ көрсеткіші бар шикізаттардан жасалған альтернативті шикізаттарды пайдалану;
Шикізаттың рециркуляциясы, яғни бұйымдарды пайдалану мерзімі өткеннен соң, істен шыққан немесе ескіруге ұшырағаннан кейін қайта өңдеу.
Шикізатты кешенді пайдалану
Шикізатты кешенді пайдалану қазіргі химиялық технологияның маңызды міндеттерінің бірін шешуге жол ашады, шикізатты және өндіріс қалдықтарын толықтай пайдалануға жақындатады. Бұл шикізат қорын кеңейтуге, шығаратын өнім көлемін ұлғайтуға, шикізат пен энергия шығынын азайтуға және сондай-ақ қоршаған ортаны өндірістік қалдықтармен ластауды да азайтады. Шикізатты кешенді пйдалану өндіріске жұмсалатын күрделі қаржы мөлшерін азайтады, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді және өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсартады. ШКП-дың экономикалық тиімділігін былайша есептеуге болады:

Шикізатты қайта өңдеу немесе шикізатты рециркуляциялау -мерзімі біткен, істен шыққан және ескірген бұйымдарды қайта өңдеу. Полимер материалдарын, соның ішінде резеңке мен пластмассаны қайта өңдеу әлдеқайда қиын. Әдетте, олар қайталама мақсаттағы өнімдерге өңделеді. Шикізатты қайта өңдеу табиғи ресурстардың сарқылу жылдамдығын едәуір төмендетеді.
Қолданылуы.

11. Шикізатты өңдеудің каталитикалық процестері. Каталитикалық крекинг және риформинг.
Химиялық өндірісте өте үлкен мөлшерде шикізат өңдіріледі және сондай көлемде су, отын, энергия да жұмсалады. Дүние жүзінде Қазақстанның минералды-шикізат қоры алдынғы қатарлы орынды алады. Ал химиялық өндірісте шикізатты пайдаланудың өзінің ерекшеліктері бар. Атап өтейік: Біріншіден: шикізат базасының көп варианттылығы, ауылшаруашылық өнімдері,ауа және су,металлургия мен мұнай өңдеу өнімдері. Екіншіден: әртүрлі химиялық өнімдер алу үшін шикізаттың бір түрін комплексті пайдалану мүмкіндігі, Үшіншіден: бір шикізаттан әртүрлі өнім алу мүмкіндігі.
Химиялық өнеркәсіп өнімдерін сатылауға болады :
1) Бастапқы зат (шикізат)
2)Аралық өнім (жартылай өнімдер)
3)Дайын өнімдер
Шикізат деп өнеркәсіптік өнімдер өндірісінде қолданылатын ең бастапқы табиғи материалдар. Шикізаттан дайын өнім алу үшін, көптеген процесстерден өткізу керек. Солардың кейбір түрлеріне тоқталамыз. Атап айтсақ крекинг пен риформинг процесстері.
Крекинг процесі деп жанармай алуда мұнай және оның фракцияларын өңдейтін негізгі термиялық процесін атаймыз. Процесс 470 – 540°С температурада және 4 – 6 МПа қысымда көмірсутектер ыдыратып, изомерлену реакциялары арқылы жүреді. Процесс барысында бензин, сонымен қатар ауыр кокс сияқты қалдықтар және көп мөлшерде газ түзіледі. Реакцияның жылдамдығы, бағыты алынатын өнімнің құрамы бастапқы шикізаттың температураға, қысымға, химиялық құрамына, жылу әсерінің жылдамдығына, қолданылған катализаторға байланысты болып келеді. Крекингтің түрлері бар: термиялық және катализдік. Ашық түсті мұнай өнімдерін алуда термиялық крекинг жоғары температура (470 – 500С) мен қысымда (5 – 6 МПа) қолданылады. Бұл тәсіл арқылы 25 – 40% бензин алынады, оның ішіндегі октан саны төмен (56-60). Егерде термиялық крекингті күкіртті, шайырлы, жоғары парафинді мұнайда қолдансақ өнімнің сапасы нашар болады. болады. Октанның саны аз, ал дизель және керосин жанар майында күкірт көп болып, ауыр қалдықтар 30 – 40% құрайтын болады. Сондықтан бұл жағдайда катализдік крекинг қолданылғаны жөн. Бұл әдісте аты айтып тұрғандай, түрлі катализаторлар қатысында жүреді, процесс 0,4 МПа-ға дейінгі қысымда, 450 – 520С температурада өтеді. Мұнайды, соның ішіндегі, керосин мен газойль фракцияларын катализдік крекинг арқылы өңдейді. Осындай әдіс арқылы октанның саны 80 – 90 болатын бензин алуға болады. Екінші тоқталатын процесіміз каталитикалық риформинг немес басқаша хошиістендіру деп аталатын процесс. Ол үлкен көлемді күшейтілген қысымның үлкен көлемді сутектің қатысуымен 5000С температурада жүреді. Бұл жағдай сутектің бөлінуі арқылы және катализаторда қорытқы көмірдің жинақталуы арқылы өтетін хош иісті көмірсутектердің жинақталуындағы кері айналымды реакциялардың өтуін қиындатады. Процессте катализатордың жұмысые алюминийдің оксидіне жалатылған платина атқарады. Себебі оның ерекше қасиеті бар: ол бірнеше айлар бойы өзінің активтігін сақтай отыра, кейін регенерация жолымен қайта алынады. Катализаторлардың арасында хлоры барлары да жетеді. Егерде өнімге активтілігін сақтау керек болса, аз мөлшерде дихлорэтан СlCH2-CH2Cl енгізіледі. Автокөліктерге арналған жанаржағармайдың сапасын арттыру үшін жанармайды тікелей өндіруде риформинг тәсілі елеулі маңыздылыққа ие. Бұл процесстің ерекшелігіне таза ароматтық көмірсутектерді алуға мүмкіндік туғызуын да, сонымен қатар гидрлеуді өткізуге қажетті сутектің қайнар көзі боп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет