1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Каучук және резеңке өндірісі. Силиконды резинаның медицинада қолданылуы



бет31/38
Дата23.04.2023
өлшемі1,26 Mb.
#85881
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38
Байланысты:
охт ждд

Каучук және резеңке өндірісі. Силиконды резинаның медицинада қолданылуы.

Каучук — эластикалық, су және электр өткізбеушілік қасиеттерімен сипатталатын табиғи немесе синтетикалық эластомерлер, оларды вулканизациялау арқылы резеңкелер мен эбониттер алуға болады. Резеңке (лат. resina «шайыр») — каучукты вулканизациялау арқылы алынған эластикалық материал. Каучуктің қасиеттері. Каучук — қатты зат. Молекулалық массасы 150000—300000 шамасында. Табиғи каучуктың макромолекулалары тізбекті құрылымды, оратылып түйіншектеліп жатады. Каучуктың аса маңызды қасиеті — оның майысқақтығы. Каучук суды, газды өткізбейді және электроқшаулағыш. Ол этил спиртінде аздап ериді, ал бензин мен хлороформ сияқты еріткіштерде әуелі ісініп, сосын ериді. Температура жоғарылағанда — каучук жұмсарып жабысқақ, ал температура төмендегенде — қатайып морт сынғыш болады. Ұзақ сақтағанда, каучук қатайып кетеді. Резеңке – майға, әртүрлі агрессивті орталарға, үйкеліске берік, созылғыш изолятор, тербелісті тұту қабілеті күшті, беріктік шегі жоғары органикалық зат. Сондықтан резеңке басқа материалдармен салыстырғанда құндыматериал болып табылады. Резеңке оған түсірілген кішігірім салмақтан оңай деформацияланатын және өз пішішіне қайта келетін қабілеті бар; Резеңке деформацияны білдіртпей, бірнеше рет 500-1000%-ке дейін созыла алады; Резеңкенің маңызды сипаттамасы ол оның қаттылығының аздығы; Жоғары су және газ өткізгіштігі, көптеген агрессивті ортаның әрекетіне төзімділігі, электроизоляциялық қасиеті резеңкені көптеген бұйымдарды жасауға көмегін тигізеді. Резеңкенің беріктігі мен тозуға төзімділігін арттыру үшін оның құрамына беттік активті заттар және толықтырғыштар (күйе, кремний оксиді, титан оксиді, бор, барит, тальк) енгізіледі. Резеңкеден шиналар, шлангтер, конвейер ленталары және тұрмыста қолданылатын көптеген заттар алынады. Алыну жолдары. Каучукты вулканизациялап (вулкандап), яғни күкірт қосып қыздырып, резеңкеге айналдырады. Ол үшін каучукке күкірт пен толықтырғыштар (күйе мен бор сияқты) қосып, 130— 140°С шамасында қыздырады. Күкірт атомдары каучуктың қос байланыстарының кейбіреулері бойынша қосылып, оның сызықтық молекулаларын бір-біріне "жөрмеп" байланыстырып, полимер кеңістіктік құрылымға ие болады. Кеңістіктік полимердің қасиеттері сызықтық полимерден өзгеше. Резеңке каучукпен салыстырғанда берік болады. Каучук бензинде біртіндеп ериді, ал резеңке бензинде ерімей, тек ісінеді. Каучукты вулканизациялағанда, оның массасының 2-3%-індей күкірт қосады. Резина бұйымдарын дайындаудың ең соңғы сатысы вулкандау болып табылады. Вулкандау кезінде бұйымның формасы бекиді.Вулканизатордың мөлшеріне байланысты жұмсақ және қатты эбонит резина алуға болады. Вулкандағаннан кейін шикі резинадан жасалған бұйым өзінің пластикалық қасиетін толық жойып, иілгіш солқылдақ, мықты және химиялық реагенттерге тұрақты болады. Вулкандау үрдісі 125-180℃ температурада арнаулы аппаратта (қыздыратын қазан, пресс, автоклав пресс) 0,3-0,5 МПа қысымда, қаныққан бу атмосферасында, ыстық ауада және т.б. жағдайда жүреді. Каучуктың түрлері. Табиғи каучук көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтті шырындарында болады. Табиғи каучукты, негізінен, Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады. Каучук алу үшін өсімдіктің қабығын кертіп тіледі. Сол тіліктен ағатын сүтті шырынды (латексті) — каучуктың коллоидті ерітіндісін жинап алады. Сосын ерітіндіге электролитпен әсер етіп немесе қыздырып коагуляциялап (ірілендіріп) каучук жасайды. Қазақстанда каучук өсімдіктері – көк сағыз және тау сағыз өседі. Жасанды каучук алу мақсатымен 1826 ж. ағылшын физигі М.Фарадей каучуктың молекулалық құрылысын анықтады. Жасанды каучук, этил, метил спирті, мұнай, табиғи газ, бутадиен, стирол, изобутилин сияқты органикалық заттарды полимерлеу арқылы алады.
Елімізде жасанды каучукты көбінесе дивинилден алынады. Дивинил торф, ағаш сияқты органикалық заттардан алынатын спирттерден өндіріледі. Техникада жасанда каучуктың мына түрлері жиі қолдланылады – хлоропенді каучук, натрий бутадиен каучугі, силиконды каучук. Синтетикалық каучук (СК). Қолдануына байланысты СК жалпылай міндет атқаратын және арнайы міндет атқаратын болып бөлінеді. Жалпылай міндет атқаратындарына: бутадиен (СКБ), бутадиен-стирол каучугі (СКС) изопрен; арнайы міндет атқаратын каучуктерге – бутадиеннитриль (СКН), хлопренді (найрит), бутилкаучук, тиоколовый, сиоиконовый (СКТ) және т.б. жатады. Синтетикалық бутадиен-стирол каучуктарын (СКС) бутадиен мен стиролды сополимерлеу арқылы алады. Изопрен беріктілігі бойынша табиғи каучуктан да асып түселі. Изопренді көбіне аяқ киім, резеңке қолғап, пысақтың сабын жасауда қолданады. Бутадион стиролды каучук. Стирол бутадиеннің негізгі қасиеттері: беріктігі, жыртылуға төзімділігі, серпімділігі тозуға төзімділігі. Бутилкаучуктен алынған резеңкелердің негізгі артықшылығы - көптеген агрессивті ортаға, соның ішінде сілтілерге, сутегі асқын тотығына, кейбір өсімдік майларына, жоғары диэлектрлік қасиеттерге төзімділігі болып табылады. Бутилкаучукты қолданудың маңызды саласы -шиналар өндірісі. Сонымен қатар, бутилкаучук жоғары температура мен агрессивті ортаға, резеңкеленген маталарға төзімді әртүрлі резеңке бұйымдарды өндіруде қолданылады. Этилен-пропиленді каучук шлангілер, оқшаулағыш заттар (изоляция), сырғанауға қарсы профильдер, сильфондар өндіру үшін қолданылады. Бутадиен-нитрилді каучук – синтетикалық полимер, бутадиен мен акрилонитрилдің сополимерлену өнімі. Хлоропренді каучук - серпімді ашық сарғыш зат. Хлоропренді каучук созылу кезінде кристалданады, осы қасиетінің арқасында оның негізінде алынатын резеңке жоғары беріктікке ие болады. Силиконды резинаны химиялық тұрғыдан инертті, этил спиртінің, ацетонның әлсіз қышқылдары мен сілтілерінің әсеріне жақсы қарсы тұрады, бірақ олар бензинде, хош иісті еріткіштерде және хлорланған көмірсутектерде қатты ісінеді (ісіну қайтымды). Силиконды резиналардың аталған қасиеттері оның медициналық техникада қолданылуын анықтады. Силиконды резинадан жасалған бұйымдарды пайдаланбайтын хирургияның бірде-бір саласы жоқ деп айта аламыз. Силиконды резинадан жасалған бұйымдар жалпы хирургияда, жүрек – тамыр хирургиясында, кеуде хирургиясында, нейрохирургияда, жақ-бет хирургиясында, отоларингологияда, офтальмологияда, ортопедияда, урологияда, стоматологияда, гинекологияда, анестезиологияда қолданылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет