Антибиотиктер туралы жалпы мәліметтер. Анбиотиктердің жіктелуі. Алынуы.
Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат. Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды. Антибиотиктерді басқа биологиялық заттардан айыратын қасиеті – олардың антимикробтық әрекеті және бұл әрекеттің бір бағыттылығы болуында.
Антибиотиктерді әртүрлі көрсеткіштер бойынша жіктеу: 1.Әсер ету спектрі бойынша: Бактерияға қарсы, грам-позитивті (бензилпенициллин, ристомицин, новобиоцин), грамтеріс (полимиксин) бактериялар, сондай-ақ кең спектрлі антибиотиктер (левомицетин, канамицин, мономицин, гентамицин);
Зеңге қарсы (нистатин, леворин, гризеофульвин);
6 топты қамтитын ісікке қарсы: актиноминдер, антракциклиндер, оливомицин, брунеомицин, блеомицин, сондай-ақ стоталон және эленин сияқты интерферондар.
2. Химиялық құрылымы бойынша: Ациклды (нистатин, канцидин);
Гетероциклді (гризеофулвин);
Макроциклді (макролидазалар, эритромициндер):
хош иісті (гигромицин);
Аминогликозид;
Полипептазалар (грамицидин, олимиксин):
пенициллиндер,
актиномициндер,
стрептомициндер.
Антибиотиктер артықшылықтары: -Препаратты уақытылы қолданған уақытта аурудың барлық симптомдары кетеді;
-Үлкендерге және балаларға бөлек шығарылады; -Вирустар мен бактериялармен жақсы күреседі; -Дәрігерлер ортасында жақсы белгілі.
Кемшіліктері: -Аллергия мен кері әсер етуі мүмкін;
-Емделу курсының қымбаттығы; Барлық препараттарда эффективтілік дәлелденбеген;
-Көп жағдайларда балалар мен аяғы ауыр әйелдерге рұқсат етілмеген Антибиотиктерді алу жолын үшке бөлуге болады: Мүктерден антибиотик-гликозидтер алуға негізделген микробиологиялық синтез. Бұл инъекцияға арналған стерильді ұнтақ немесе ампула түрінде шығарылатын тұрақсыз қосылыстар; Бұл тәсілмен антибиотиктерді алу үшін, микроорганизмдердің жоғарғы өнімді штаммдарын және оларды өсіретін арнайы қоректік орталарын пайдаланады. Мысалы, бұл тәсілмен пенициллинді алады.
Табиғи антибиотиктерді химиялық модификациялау - микробиологиялық және химиялық синтездің үйлесі. Бұл синтез негізінде жартылай синтетикалық антибиотиктер пенициллин, цефалоспорин, тетрациклин алынады.
Химиялық синтез - oрганикалық қосылыстардан структурасы күрделі емес ситетикалық антибиотиктер алу тәсілі. Бұл тәсілмен - левомицетин және оның туындылары алынады. Антибиотиктердің қолданылуы
Антибиотиктер медицинада және ветеринарияда, тағамдық өндірісте, ауыл шаруашылығында қолданылады.Медициналық практикада антибиотиктер жұқпалы инфекцияларды (тырысқақ, оба, дизентерия, туберкулез, және т.б.) емдеуде және шартты патогенді микроорганизмдерден туатын басқа көптеген инфекцияларды емдеуде кең қолданылып келеді. Ісікке қарсы (блеомицин), иммуносупресорлы (циклоспорин) әсері бар антибиотиктер де бар. Тағамдық және консервілеу өндірісінде низин тағам өнімдерін консервілеу үшін қолданылады. Жануарларға жемдік қоспа, өсуді ширатушы ретінде жиырмадан астам антибиотиктер қолданылады.