30. Биотехнология. Тарихы және кезеңдері. Биотехнология дәрілік препараттар өндірісінде. Биотехнология – халық шаруашылығына және адамның іс әрекетінің әр түрлі салаларына бағытталған, микроорганизмдердің, изоляцияланған клеткалардың және оның құраушыларының биохимиялық іс- әрекетін пайдалану арқылы бағалы өнімдерді алу. Биотехнологияның мақсаты- өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің штаммаларын шығару. Биотехнологияның негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері. Биотехнологияның міндеттері:
әр түрлі биотехнологиялық өнімдердің өндіріс сұрақтарын шешу және жаңа биотехнологиялық үрдістерді дамыту;
-энергияның альтернативтік көздерін алу; тағам өнімдерінің
биотехнологиясы;
биологиялық белсенді заттар және антибиотиктердің синтезі;
қоршаған орта жағдайының биологиялық индикаторларын құру және іздеу; -микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлардың селекциялары. Химиялық технологиялармен салыстырғанда биотехнологияның келесі негізгі артықшылығы бар:
-химиялық синтез арқылы алынбаған ДНҚ, белоктар сияқты спецификалық және ерекше табиғи заттарды алумүмкіншілігі;
-биотехнологиялық процестердің төменгі температура мен қысымда жүргізілуі;
-басқа орган измдермен салыстырғанда микроорганизмдер өте жоғары өсу және клеткалық массаның жинақталу жылдамдықтарынаие; -Шикізат ретінде биотехнология процестерінде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық арзан қалдықтарын пайдалануға болады;
-Химиялық процетермен салыстырғанда биотехнологиялық процестер экологиялық таза, қалдықтар аз, табиғатта жүретін табиғи процестерге жақын; -Биотехнологиялық өндірістегі технология мен аппаратура арзан және күрделі емес.
Биотехнологияның даму тарихы. Биотехнология ежелгі заманнан басталды. Биотехнологияның даму тарихы негізгі бес кезеңге бөлінеді: