1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамалары: химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Су сапасының көрсеткіштері. Судың кермектігі, кермектік түрлері, суды жұмсарту. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған су



бет9/38
Дата23.04.2023
өлшемі1,26 Mb.
#85881
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
охт ждд

12. Су сапасының көрсеткіштері. Судың кермектігі, кермектік түрлері, суды жұмсарту. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған су.
Судың сапалық көрсеткіштері. Судың сапасы физикалық, химиялық және бактериологиялық анализдермен анықталынады. Су сапасының маңызды көрсеткіштеріне физикалық және химиялық сипаттамалары: мөлдірлігі, түсі, иісі, температурасы, жалпы тұз мөлшері, су кермектілігі, тотығу шамасы, құрғақ қалдық, жалпы сілтілігі, жүзгін заттардың мөлшері және су реакциясы (сутек көрсеткіші рН) жатады. Осы көрсеткіштер су құрамындағы қоспалардың бар жоғын анықтайды.

Судың кермектілігі – оның сапасын анықтаушы көрсеткіштердің бірі. Табиғи сулардың кермектілігі олардағы кальций және магний тұздарының болуына байланысты. Ол Са2+ және Мg2+ иондарының бір литр судағы жалпы милимоль мөлшерімен бейнеленеді. Кермектілік екі топқа жіктеледі: уақытша және тұрақты.Уақытша (карбонатты) кермектілік Ку, негізінен, суда кальций және магний гирокорбанаттары Са(НСО3)2 мен Мg(НCО3)2 болуымен сипатталады, олар суды қайнатқан кезде ерімейтін тұздарға айналады және қатты тұнба түрінде тұнады: Са(НСО3)2 -> СаСО3 + СО2 + Н2О
Мg(НСО3)2 -> МgСО3 + СО2 + Н2О
Тұрақты (корбанатты емес) кермектік Кт судағы кальций және магний хлоридтері, сульфаттары, нитраттары мөлшерімен анықталады, олар суды қайнатқан кезде де ерітіндіде еріген күйде болады. Судың уақытша және тұрақты кермектілігінің қосындысы жалпы кермектілікті береді. Табиғи сулар жалпы кермектілік бойынша: жұмсақ (Қу < 2); орташа кермек (Қу =2¸10) және кермек (Қу > 10) суларға жіктеледі. Суды жұмсарту. Суға кермектілік беретін кальций және магний қосылыстарынан тазалау, суды жұмсарту деп аталады.
Суды жұмсартудың ең тиімді әдістерінен бірі әкті-содалы әдісті фосфатты әдіспен үйлестіру болып табылады. Жұмсарту процесі төмендегі процестерге негізделген:

  1. уақытша кермектілікті жою, темір иондарын жою және СО2 байланыстыру үшін сөндірілген әкпен өңдеу:

Са(НСО3)2 + Са(ОН)2 -> 2СаСО3¯ + 2Н2О
Мg(НСО3)2 + 2Са(ОН)2 -> 2СаСО3¯ + Мg(ОH)2¯ + 2Н2О
FеSО4 + Cа(ОH)2 -> Fе(ОH)2¯ + CаSО4¯
CО2 + Cа(ОH)2 -> CаCО3¯ + H2О

  1. тұрақты кермектілікті жою үшін кальцилендірілген содамен өңдеу: 3) Cа2+ және Мg2+ иондарын толық тұндыру үшін тринатрийфосфатпен өңдеу:

3Са(НСОз)2 + 2Nа3PО4 -> Cа3(РО4)2¯ + 6NаHCО3
3МgCl2 + 2Nа3PО4 -> Мg3(PО4)2¯ + 6NаCl
Кальций және магний фосфаттарының ерігіштігі өте төмен болғандығы, фосфатты әдістің тиімділігін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет