1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Ацетилен өндірісі және қайта өңдеу. Оның химия өнеркәсібі мен медицинада қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз



бет20/28
Дата11.12.2023
өлшемі198,48 Kb.
#137409
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
28. Ацетилен өндірісі және қайта өңдеу. Оның химия өнеркәсібі мен медицинада қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз.
Ацетилен – алкиндер тобына жататын, түссіз газ болып табылады. Ацетилен өндірісінің қазіргі күнге дейінгі өз мәнін жоғалтпаған тәсілі ол кальций карбидінен алу. Ол төмендегі реакция арқылы жүзеге асырылады. СaO + 3C = CaC2 + CO …. CaC2 + 2H2O = C2H2 + Ca(OH)2 Ацетиленді көмірсулардан алу өндірісі 20 ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады. Метан және басқа парафиндерден жоғары температуралы пиролиз қатысында ацетилен алады:2СН4 = С2Н2 + Н2 Ацетиленнің өнеркәсіптік қолданылуы. Егер бұрын ацетиленді негізінен автогендік пісіруге қолданса, қазіргі кезде оның 50%-нан артығын химиялық өнімдер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланады. Ацетиленнен алынатын негізгі өнімдер мономерлер (хлорлы винил, винилацетат, акрилонитрил, винилацетилен, винил эфирлері) болып табылады. Олар пластикалық массалар, синтездік талшықтар және каучуктер өндіру үшін шикізат болады; көптеген оттекқұрамды өнімдерді (спирттер, күрделі эфирлер, қышқылдар, кетондар) алу үшін пайдаланатын ацетальдегид; еріткіш ретінде қолданылатын хлортуындылар (хлорэтилендер).Осыдан аз – ақ бұрын ацетилен металл пісіру және кесу үшін жанғыш зат ретінде ғана пайдаланылатын. Қазір ол әр түрлі органикалық қосылыстарды синтездеу үшін көбірек қолданылады.
29. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) туралы жалпы мәліметтерді көрсетіңіз. ЖМҚ классификациясы, қасиеттері, алу әдістері. Медицинада қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз.
Жоғары молекулалық қосылыстар дегеніміз өзіне тән көптеген қасиеттері бар және аты айтып тұрғандай үлкен молекулалық массасы бар қосылыстарды айтамыз. Жоғары молекулалық қосылыстардың құрамының күрделі болуы молеклалық массасының өте оғары болуын қамтамасыз етеді.Жалпы молекулалық қосылыстардың үш түрі бар. Олар: төменгі молекулалық қосылыстар, молеклалық массасы 1000 дейінгі заттар. Екінші түрі: олигомерлер, молеклалық массасы 1000 нан 5000 аралығында. Үшінші түрі: жоғары молекулалық қосылыстар, молекулалық массасы 5000 нан басталады да ондаған млн ға дейінгі заттар жатады. Сонымен қатар, бір немесе көптеген түрдегі құраушы буындары көбейіп тізбектелген түрде жасалған молекула полимер деп аталады. Полимерлердің құрамынан осы бір немесе көптеген буындарын алып тастасада оның физика химиялық қасиеттері еш өзгеріссіз қалады. Полимерлер пішіндеріне қарай: сызықты, тармақты, кеңістік деп үш түрге бөлінеді.
Классификациясына тоқталсам. Шығу тегілеріне қарай үшке жіктеледі. Бірінші түрі: табиғи, целлюлоза және каучук т.б. Екінші түрі: жасанды: нитроцеллюлоза және вискоза т.б. Үшінші түріне: синтетикалық, полиэтилен,полипропилен,полистирол және т.б. Тізбектерінің құрылысына қрайда екі түрге жіктеледі. Олар: гомотізбекті және гетеротізбекті. Гомотізбекті де полимердің құрамы барлығы бірдей болатын атомдардан тұрады, ал қосымша тізбек қаралмайды. Егерде тізбек көміртектің атомынан тұратын болса оның атауы карботізбек деп аталады. Шомотізбекті полимерлер алифатикалық және ароматикалық, галогендік деген сияқты тағыда басқа болып жіктеледі. Ал химиялық табиғатына байланысты полимерлер органикалық, бейорганикалық, элементорганикалық болып жіктеледі.
Жоғары молекулалық қосылыстарды алудың негізгі әдістерінің екі түрі бар. Олар: поликонденсация және полимеризация. Поликонденсация дегеніміз төменгі молекулалық қосылыстардан жоғары молекулалық қосылыстардың түзілуі болып табылады. Поликонденсация әдісінде полимерлерді алу үшін көптеген реакциялар қолданылады. Оларға: ароматикалық, аминдеу.этерификациялау т.б. Барлық полимерлердің 1/4 –і поликонденсация әдісі арқылы анықталады. Ал полимеризация дегеніміз төмен молекулалық қосылыстардың қосылуынан жоғары молекулалық қосылыстардың түзілуі деп аталады. Реакцияның нәтижесінде ешқандай қосымша заттар пайда болмайды, ал алынатын полимердің құрамы мономерге ұқсас болады. Полимеризация әдісі кезінде мономерлердегі қос байланыстар үзіледі де химиялық байланыстар пайда болады. Осы химиялық байланыстардың пайда болуынан макромолекулалар түзіледі. Алынатын полимердің ¾-і полимеризация әдісімен өндіріледі.
Қазәргә таңда қолданыстағы полимерлердің қасиеттеріне және өндірілуіне байланысты төрт түрге жіктеледі:
 Пластмассалар. Полимерлерден айырмашылығы: пластиктер бөлінуінің беріктігі 50-200 кг/см2 қатты заттар болып табылады.
 Эластомерлер. Оған көбінесе каучук жәнеде резеңке сияқты материалдарды жатқызамыз.
 Талшықтар және жіптер. Бұларға әр түрле маталар жатады.
 Бояулар және лактар. Олар заттың бетіне жұқа түрде жағу арқылы қлданылады.
Полимерлердің қолданылуы аясы өте кең. Мысалы ауы шаруашылығында, медицинада,құрылыста, азық өнеркәсібінде. Ауыл шаруашылығында көбінесе аса қажетті препараттар мен залалсыздандырғыштар жасауда. Құрылыста: құрылыста қолданылатын матриалдарға фунгицид жасауда кеңінен қолданылады. Азық-түлік өндірісінде: консервіленген тамақтарды сақтауда қолданысқа ие.
Медицинада қолданылуына жеке тоқталсам. Өте қажетті препараттар мен зарарсыздандырғыштар жасауда пайдаанылады. Сонымен қатар медицинада медициналық құралдар, арнайы қолданылатын ыдыстар жінеде препараттарды қаптайтын ораушының әр түрлерін дайындау үшінде қолданылады. Және де хирургия саласында қолданысқа ие.Хирургия саласында стамотологиялық протез және көздің хрустальдарын, жүректің қақпақтарын жасауда қолданылады. Қазіргі кезді осы айтылған протез немесе көптеген буындар, тамырлар жасаудың барлығы таңғаларлық жаңалық емес. Алайда, қазіргі полимердің материалдарынан құрылымы күрделі болатын ортаңғы құлақты жасап шығарған болатын. Сонымен қатар, капсула түріндегі препараттар фармацияда кеңінен қолданыс табады. Осы препараттардың сырттары яғни қаптамалары полимерден жасалады. Яғни, дәрілік заттарды орау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет