Байланысты: 1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сип-emirsaba.org
26. Метанол синтезінің физика-химиялық негіздері. Процестің технологиялық параметрлері. Метанолдың қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз. Метанол, метил спирті, ағаш спирті, СН3ОН – иісі (этил спиртінің иісіне ұқсас) бар, түссіз сұйықтық; тығызд. 0,7924 г/см3 (20ӘС-та),балқу t – 97,9ӘС, қайнау t 64,5ӘС. Сумен (кез келген қатынаста), спиртпен, бензолмен, ацетонмен, т.б. органикалық еріткіштермен оңай араласады. Синтез-газдан катализдік метил спиртімен жұмыс істегенде, оның өте улы екенін үмытпау керек.Бірнеше грамынан адам сокыр болады, одан көбірек болса, уланып өледі;
Метанол синтезінің технологиялық көзқарасы бойынша және оны шикізаттың басқа да қатты түрлерінен алуға болатынына қарамастан, ең тиімді шикізаты – табиғи газ және мұнай өндірісінің газдары болып табылады. Технологиялық бастапқы шикізат болатын газ - көмірсутектік газдың : табиғи газдың, ацителен өндірісінің синтез газының, кокс газының, сұйық көмірсутектердің (мұнай, мазут, жеңіл каталитикалық крекингтің) және қатты отындардың (көмір,сланец) конверсиясы (айналуы) нәтижесінде алынады. Метанол синтезі үшін бастапқы газды сутегі алу өндірісіндегі барлық шикізат қорынан алуға болады, мысалы аммиак синтезі және майларды гидрлеу процесстері. СО+2Н2→СН3ОН Қысым. Техникалық есептеулерде көбіне тепе-теңдік константасы компоненттердің парциалды қысымдары арқылы беріледі. Метанол синтезі катализаторына қойылатын негізгі талаптар:жоғарғы активтілігі, селективтілігі (процесті метанол түзілу бағытына қарай бағыттауы), жұмыс барыс бірқалыптылығы, тепература өзгерістеріне тұрақтылығы және жоғары механикалық беріктік. Метанол синтезі катализаторлары екі топқа бөлінеді : мырыш-хромды және мыс құрамды (мырыш-мыс-алюминиилі және мырыш-мыс-хромды). Қолдануы:Метанол өндірісте формальдегид, полимерлер, бояғыш заттар,фармацевтикалық препараттар алу үшін;Бояулар мен лактарды ерітетін еріткіш ретінде;Этил спиртін денатурациялануда қолданылады;Aнтифриз құрамына кіреді;
Медицинада: Ол криобиологияда криопротектор ретінде кеңінен қолданылатын іш жүргізетін және құрғататын агент ретінде қолданылады.Ол глициринде ерітілген түрінде болады