1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар


Каучук және резеңке өндірісін сипаттаңыз. Каучук пен резинаның медицинада қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз



бет23/28
Дата11.12.2023
өлшемі198,48 Kb.
#137409
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
32. Каучук және резеңке өндірісін сипаттаңыз. Каучук пен резинаның медицинада қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз.
Каучук дегеніміз қатты зат болып табылады.Оның молекулалық массасы 150мыңнан 300мың аралығында.Каучуктың басты қасиеттерінің бірі оның майысқақтығында. Каучу су жәнеде газ өткізбейтінде қасиетке ие. Ол бензин сияқты заттарда бірінші ісінеді содан соң ериді ал этил спиртінде аздап ериді.Егер температура жоғарылайтын болса каучук жабысқақ болады, егер температура төмендейтін болса қатайып кетеді,яғни морт сынғыш болады. Егер ұзақ сақтайтын болсақ каучук қатайып қалады. Ал резеңке деп отырғанымыз ол майға, әртүрлі болатын агрессивті орталарда, созылатын және тербелісті ұстау қабілеті күштірек және беріктік шегі жоғарырақ болатын органикалық зат болып табылады. Резеңкені басқа заттармен салыстыратын болсақ ерекше материал.
Резеңкелерге сыртқы күштердің әсерінен едәуір деформацияға қабілетті және жүкті алып тастағаннан кейін тез бастапқы қалпына келетін серпімділігі жоғары молекулалық қосылыстар жатады. Резеңкелердің серпімді қасиеттері мен беріктігі салыстырмалы түрде кең температура диапазонында қалады. Жалпы осы резеңкелер табиғи және синтетикалық каучук түрлеріне жіктеледі.Яғни, каучуктарды екі түрге бөліп қарастырсақ болады табиғи және жасанды каучуктер. Көптеген жылдар бойы тропикалық гевея ағашының латекс деп аталатын сүт шырынынан тек табиғи каучук алынған болатын.Осы латекс яғни сүттің шырынынан каучук коллоидті ерітіндісін жинап алады да,содан соң оны қыздырып коагуляциялап каучук өндіріледі. Жасанды каучук метил, этил,мұнай, табиғи газ жәнеде органикалық заттарды полимерлеу арқылы алынады.
Сонымен, вулканизация процессі арқылы каучукты алуға болады. Бұл әдіс күкіртті қосып қыздырады да резеңкеге айналдыру арқылы жүзеге асырылады. Жүзеге асыру үшін каучукке тотықтырғыштар мен күкіртті қосады оны температурасы 130-140градус шамасында қыздырады. Күкірттің атомдары каучуктің қос байланысы арқылы қосылады, содан соң оның сызықтық молекулаларын біріне бірін байланыстырады да полимер болатын кеңістік сияқты құрылымға ие болады. Осы пайда болатын кеңістік полимерінің қасиеттері сызықтық полимерлерге қарағанда басқаша болады. Жалпы резеңкені каучукпен салыстыратын болсақ ол беріктік қасиетке ие болып келеді. Каучук болса бензинде жақсы ериді, ал резеңке болса бензінде ерімейді тек қана ісінеді. Вулканизация процессі кезінде каучукты алғанда оның 3-4 пайызы күкіртке тиесілі. Резеңкенің өзінің бастапқы түріне қайта келмейтін қасиетке ие болып табылады. Сонымен қатар резеңке 500 ден 1000 пайызға дейін созылу қасиетіне де ие. Резеңкенің негізгі сипаттамасы ретінде қаттылығының жетіспеушілігі болып табылады.Газ өткізе алатын және көптеген ортаға төзімділігі және резеңке көптеген заттар да материал ретінде пайдаланылады. Резеңке берік жәнеде созылғандада төзімді болу үшін оған активті заттар қосады.
Ең алдымен силиконды резеңке деп отырғанымыз бұл эластикалық материал болып табылады және ол жоғары молекулалық базада каучуктан өндіріледі.Егерде ережелердің барлық шарттарына сай өңделетін болса онда силиконды резеңке улы емес яғни қолдануға болады. Силиконды резеңке медицинада таптырмас құрал ретінде белгілі.Силиконды резеңкелер жалпы хирургияда, жүрек-қан тамыралары хирургиясында,кеуде хирургиясында, нерохирургияда, жақ-бет хирургиясында, офтальмологияда , ортопедияда, урологияда, стоматологияда, гинекологияда, анестезиологияда кеңінен қолданылады.Жиырма жылдан астам уақыт бойы медициналық құралдарыды өндіруде пероксид әдісінің орынына селиконды каучукты вулканизациялаудың прогрессивті әдісі қолданылып келе жатқанын ерекше атап өткен жөн. Әлемдік тәжірибеде бұл әдіс имплантанттар, эндопротездер және тағыда басқалар сияқты маңызды медициналық құралдарды алу үшін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет