1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология



Pdf көрінісі
бет6/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Химиялық өндіріс құрылымы:
1. ШИКІЗАТТЫ ДАЙЫНДАУ (Шикізатты дайындау (1) бөлімінде оны алдын ала өңдеу үдерістері, 
яғни ұнтақтау, бөгде қосындылардан тазарту, компоненттерді араластыру жəне т.б. жүргізіледі. 
Шикізатты дайындау үдерістері шикізат түріне жəне оны өзгерту жағдайына байланысты болады) 
2. ШИКІЗАТТЫ ӨҢДЕУ (Дайындалған шикізат компоненттері өзара химиялық əрекеттесуге түседі де 
(2), нəтижесінде жаңа заттардың түзілуі жүреді. Көптеген жағдайда химиялық өзгерістердің 
нəтижесінде таза өнім алу мүмкін емес) 
3. НЕГІЗГІ ӨНІМДЕРДІ БӨЛУ (Ол реакцияға түспеген бастапқы шикізаттың аздаған бөлігімен 
араласқан, сондықтан түзілген қоспадан негізгі өнімді бөліп, оны бөгде қосындылардан тазалайды (3). 
Өндіріс қалдықтарының құрамында қоршаған ортаға қауіпті зиянды компоненттермен қатар тастауға 
келмейтін пайдалы заттарда болуы мүмкін) 


4. ҚАЛДЫҚТЫҢ УТИЛИЗАЦИЯСЫ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ (Сондықтан химиялық 
өндірістің маңызды элементтерінің бірі – санитарлық таза- лау жəне өндіріс қалдықтарының 
утилизациясы (4). Санитарлық тазалау немесе қалдықтарды залалсыздандыру – құрамындағы улы 
заттар- ды қоршаған ортаға қауіпсіз болатын зиянсыз затқа айналдыру. Химия өнеркəсібі шикізатты 
өнімге дейін өңдеу үшін өте көп мөлшерде ( барлық энергоресурстың ~15%) энергия жұмсайды) 
Функционалды элементтері:
1. ЭНЕРГИЯ (Сондықтан энергетикалық жүйе – химиялық өндірістің маңызды жəне күрделі элементі 
(5). Энергия тікелей өнімді алу үшін жұмсалудан, негізінен өндірістің жұмыс істеу жағдайын 
қамтамасыз етуге пайдаланылады. Сонымен бірге химиялық өзгерістер энергия бөлу арқылы 
(экзотермиялық реакция) жүреді. Сондықтан энергияны шикізатты өңдеуге қолданғаннан кейін 
мүмкіндігінше қайтаруды ойластыру керек. Химиялық өндірісте энергиядан басқа қосымша 
материалдарда қолданылады. Оларға, мысалы, өнімді бөлу жəне тазалауға арналған сорбенттер, 
үдерісті жүргізуге қажетті орта жасайтын заттар жəне т.б. жатады. Олардың ішінде су ерекше орын 
алады, өйткені ол технологиялық ағыстарды салқындату, бу жасау, технологиялық ағыстарды еріту 
жəне сұйылту үшін қолданылады) 
2. СУ ЖӘНЕ ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР (Қосымша материалдарды жəне суды дайындау (6) 
химиялық өндірістің өте маңызды жəне күрделі бөлімі болып табылады. Қосымша материалдар жəне 
су технологиялық үдерісті қамтамасыз етеді, бірақ өндірістің соңғы өнімінің құрамына кірмейді) 
3. БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ (Күрделі химиялық өндірісті басқару жүйесіз пайдалану мүмкін емес (7). 
Басқару жүйесі өндірістің күйін, үдерістің жақсы жағдайда жүруін, авариялық жағдайдан қорғауды, 
күрделі жүйені қосу жəне тоқтатуды бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл элемент технологиялық 
үдерісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі болып табылады) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет