1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология



Pdf көрінісі
бет7/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63
Судың өндірістегі рөлі: Химиялық өндірістерде су универсалды еріткіш, жылу тасымалдаушы және 
шикізат ретінде қолданылады. Су – сутек жəне оттек алудың көзі, қышқыл, сілті алуда, сонымен бірге 
көптеген химиялық үдерістерде реагент болып табылады. Оны қатты, сұйық, газтəрізді ерітінділерін 
дайындау үшін қосымша материал, ал газдарды тазалауда абсорбент ретінде пайдаланады. Су табиғатта таза 
күйінде болмайды, онда əртүрлі тұздар еріген түрде болады.
4. Химиялық өндірістің көрсеткіштерін жіктеп, оларға анықтама беріңіз. Технологиялық, 
экономикалық, эксплуатациялық. 
Химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған 
машиналармен аппараттарда жүзеге асырылатын үдерістер мен операциялардың жиынтығы. 
Химиялық өндірістің жəне технологиялық үдерістің пайдалылығы мен тиімділігін əртүрлі көрсеткіштермен 
анықтайды.
Технологиялық көрсеткіштер химиялық-технологиялық үдерістің сапасын анықтайды. Оларға: 
Өндірістің өнімділігі (қуаты) – бірлік уақытта алынған өнімнің немесе өңделген шикізаттың мөлшері: Ө=B/t 
Мұндағы, Ө – өнімділік, В – өнім массасы, кг,т, W – уақыт, сағ. Өнімділік, кг/сағ; т/тəулік, м3 /тəулік 
өлшенеді 
Өндіріс қуаты - аппараттың оптималды жағдайдағы ең жоғарғы өнімділігі: W=Өmax 
Интенсивтілік - бірлік уақыттағы аппарат өнімділігінің аппарат көлеміне немесе өнім өндіретін ауданына 
қатынасы. U=Ө/Vr Vr- аппарат (реактор) көлемі. Интенсивтілік бірлік уақытта аппаратың бірлік көлемінен 
немесе қимасынан алынған өнімнің мөлшерімен өлшенеді. Өлшем бірліктері - (кг/(м² тəулік); кг/(м³ сағ.); 
кг/(м³ тəулік) ). 
Жұмсалу коэффициенті - белгілі мөлшерде өндірілген өнімге жұмсалған шикізаттың, судың, энергияның 
жəне əртүрлі реагенттердің мөлшері. B(m)=Q/B Q-жұмсалған шикізат, су жəне т.б мөлшері, В-өнім массасы. 
Шығын коэффициентін тонна тоннаға (т 

т
-1
) куб

метр тоннамен (м
3. 
т
-1
),
киловатт сағат тоннамен (квт
.
сағ
.
т 
-1
) өрнектейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет