1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология



Pdf көрінісі
бет8/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63
Айналу дәрежесі - бұл реакцияға түскен реагент мөлшерінің, алғашқы реагент мөлшеріне қатынасы.
Өнім шығымы - мақсатты өнім мөлшерінің, оның стехиометриялық теңдеу бойынша алынуға тиісті 
мөлшеріне қатынасы немесе шын өндірілген өнімнің теорияға сəйкес өндірілетін өнім мөлшеріне қатынасы. 
Талғампаздық - мақсатты өнімнің жалпы шыққан өнімге қатынасы. 
Экономикалық көрсеткіштер – өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайды. Оларға: 
Өзіндік құн. Кəсіпорынның өнімді дайындауға жəне тұтынуға кететін шығынның ақшамен өрнектелуін 
толық өзіндік құн деп атайды. Ал кəсіпорынның тікелей өндіріспен байланысты шығынын өнімнің 
фабрикалық-зауыттық өзіндік құны деп аталады. 
Еңбек өнімділігі – жұмыскердің бірлік уақыт ішінде өндіретін өнімінің мөлшері немесе бірлік өнімді 
өндіруге жұмсалатын жұмысшы уақытының мөлшері. 


Капиталдық шығын – кəсіпорынды немесе цехтың құрылысын салуға жұмсалған барлық шығынның 
қосындысы. 
Меншікті капиталдық шығын – қондырғының бірлік өнімділігіне есептелген шығын. Өндірістің басында 
аппаратқа, машинаға, түтікөткізгішке, жəне т.б. бірмезеттегі шығын, яғни капиталды шығындар жұмсалады. 
P=K/W мұндағы: Р-меншікті капиталдық шығын, тг* жыл/т. К-капиталдық шығын, теңге . W-қондырғының 
қуаттылығы, т
.
жыл
-1
Меншікті капиталдық шығын, өзіндік құн жəне еңбек өнімділігі негізінен өндірістің техникасы мен 
қондырғысының қуаттылығына байланысты. Қондырғының бірлік қуаттылығы артқанда көптеген химиялық 
өндірістер үшін еңбек өнімділігі 60-80% артады. 
Экономикалық көрсеткіштерді техникалық көрсеткіштер негізінде есептейді. 
Эксплутациондық көрсеткіштер – өндірісте жəне химиялықтехнологиялық үдерісте регламенттік 
жағдаймен күйден ауытқулар пайда болған өзгерістерді сипаттайды. Үдерістің көрсеткіштеріне 
ауытқулардың əсерін эксплутациондық көрсеткіштермен анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет