Қазіргі заманғы технологиялар. Технологиялық теңсіздік. Масс-медиа түрлері. Медиалық жаһандану
Жаңа мыңжылдықтағы ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы нәтижесінде, ғаламтор әлемдік сипатқа ие болып, таралымы мен тағылымы зор құбылысқа айналды; заманымыздың бүкіл болмысын айқындайтын ортақ құндылық болып қалыптасты. Сөйтіп, ғаламтор қоғамдық өмірдің барлық саласына дендеп енді: саясат пен экономика, әлеумет, мәдениет пен өнер, тіпті, жұмырбасты пенденің күнделікті тұрмыс-тіршілігі де желімен тығыз байланысып, біте қайнасып кеткендей. Әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына ғаламат әсер етіп, соны сатыға көтерді. Ғаламтор ақпарат ағымының тиегін ағытты, әлемдік ақпараттық кеңістікті қалыптастырып, шеңберін кеңейтті, журналистиканың тың саласы – жаңа медианы жасады. Бұл үдеріс Қазақстанның ақпараттық кеңістігін де айналып өтпеді. Әлі өзіндік бет-бейнесі дұрыс қалыптаспай тұрып, отандық БАҚ интернет-журналистика, яғни, жаңа медианың оң және теріс әсерінен соңғы жылдары орасан зор өзгеріске ұшырауда. Алайда, әлемдік жаңалықты жақсы-жаманын сұрыптамастан сіңіріп алғанымыз жарамас-ты. Сондықтан, жаңа медианың отандық БАҚ, ақпараттық кеңістікке ықпалын сараптап алу керек.
Әлемді ақпарат билеген заманда дәстүрлі медианың болашағы алаңдатпай қоймайды. Өйткені бүгінде қандай жаңалықты болмасын, оқырманға һәм көрерменге әп-сәтте жеткізуші электронды БАҚ-дың дәурені жүріп тұр. Әсіресе, интернеттің алдағы 20-30 жылда газет-журнал атаулыны ақпарат кеңістігінен ығыстырып тастауы мүмкін. Отандық БАҚ-тың дәстүрлі форматтан мультимедиалық форматқа көшу жолындағы жанталасы осыған саятындай. Сонымен қатар, 2006-2009 жылдарға есептелген Қазақстан Республикасының ақпарат нарығының бәсекеге қабілеттілігін дамыту жөніндегі тұжырымдамада отандық БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың бірден-бір тетігі желідегі БАҚ сапасын арттыру деп көрсетілген. Сондықтан, отандық интернет–БАҚ-тың санымен қатар сапасын арттыру кезек күттірмейтін мәселе.
Ақпараттық теңсіздік- бұл халықтың әртүрлі топтар және қабаттарында ақпаратқа тең рұқсат мүмкіндігінің жоқтығын анықтайтын түсінік. Ақпараттық теңсіздікті жою бойынша іс - шаралар: