1. Жаһандық перспективадағы білім беру



бет12/27
Дата27.02.2023
өлшемі60,69 Kb.
#70089
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
1. Жа анды перспективада ы білім беру

9 сурак

:XX ғ. экономикалық дамудың алдыңғы қатарына жаңа технологиялар шықты.Өндіріс машиналық кезеңнен толық автоматтандыру мен компьютерлендіруге өтіп , қарқынды өндірістік өсім басталды.Уақыт өте келе ғылым өндірістің жетекші факторы , ғылыми жетістіктер мен өнертабысы өмір тәжірибесіне шапшаң енгізіле бастады. Әлемнің экономикалық бейнесін өзгерткен ірі корпорациялардың (монополиялардың ) пайда болуы бұл ғасырдың ерекшелігі болды. Өндірістің белгілі бір салаларын өз қолдарына шоғырландырып алған монополиялар өндіріс деңгейін, бағасын , еңбекақы мөлшерін қалауынша белгілейді. Бір мемлекет аумағында әрекет ету монополиялардың тақияларына тарлық ете бастағанда трансұлттық корпорациялар (ТҰК) құрылды. Жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптаса бастағанда халықаралық қаржы жүйесі пайда болды.ұзамай , Еуропаның экономикалық бірігуі саяси деңгейге өтті. 1957 ж. кейіннен 1992 ж. Еуропалық одаққа ( ЕО ) айналған Еуропалық экономикалық қауымдастық ( ЕЭС немесе Ортақ нарық ) құрылды. Одаққа кірген елдер – одақ ішіндегі қаржының, тауардың , жұмыс күшінің қозғалысына деген шектеулерді алып тастап , өздерінің шаруашылық өмірін біріктіруге ұмтылады. 1999 жылдан бастап ЕО ортақ валюта – евроны енгізді. Халықаралық экономикалық дағдарыстар – Қазіргі заманның ерекшеліктерінің бірі.Нью-Йорк биржасындағы акциялар бағасының құлауынан басталған алғашқы дағдарыс (1929 – 1933 ж.ж.) әлемдік экономика мен қаржы саласының барлық бұтағын шарпыды. Өндірістің құлдырауы , ақшаның құнсыздануы – жалақының қысқаруына , бағаның өсуіне , жаппай жұмыссыздыққа алып келді. Тығыз экономикалық байланыстар Еуропаның бір де бір елін бұл дағдарыстан құтқармады. Бүкіл әлем 1974 – 1975 жылдары және 2008-2009 жылдары экономикалық және қаржылық дағдарыстарға тап болып отырды. XX ғ. мемлекет меншік иесі , несие беруші және тапсырыс беруші болып , экономиканың белсенді реттеуішіне айналды. Еуропа елдерінде экономиканы жоспарлау қарқынды дамуда. Капиталды өзге елдерге мемлекеттік несиелер мен инвестициялар түрінде шығару үлкен рөл атқарып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет