Капитализм деп жеке меншік билеу құқығын бекітетін және оны капитал ретінде өнеркәсіп орнына салу әрі осыдан пайда көру мүмкіндігін беретін экономикалық жүйені атаймыз. Бұл жүйеде белсенділік пен бәсеке қабілеттілік бағаланады.
Өнеркәсіптік төңкеріс капитализм дамуының сүйреуші күші болды. Өнеркәсіп дамуы жаңа зауыттар мен құрал-жабдықтарға капитал салуды талап етті.
Жаңа өнім түрлерін ендіру және белгісіз жаңа нарықтық аумақтарды игеру үшін ірі материалдық шығынды талап ететін қатерге бас тігу қажет еді. Міне капитализм кезінде осындай адамдар тобы: іскер адамдар, кәсіпкерлер, банкирлер пайда болды.
Капитализм бастапқы дамуында үкіметке тәуелсіз болды. Ол мемлекеттен тек шарттар сақталуын бақылауды және жеке меншікті қорғауды талап етті. Бірақ XІX ғ. капитализм дамуы аяусыз қанау мен оған қарсы қозғалыстар тудырды. Кей елдерде бұл тіпті әлеуметтік төңкерістерге ұласты. Осыған сәйкесті капитализм мінезі өзгеріске ұшырады. Еуропа және американ капитализмі бірте-бірте үкімет органдары бақылауына алынды. АҚШ-та салық жүйесін және әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру арқылы кәсіпкерліктен түскен пайда қоғамдық бөліске салынды. Әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыссыздық, медициналық көмек төлемақылары белгіленді. Өнеркәсіпте, транспортта, коммуникация жүйесінде, фондалық (құнды қағаз) биржаларында жаңа, мемлекет бақылауындағы ережелер бекітілді.
Қазіргі уақытта АҚШ үкіметі өнеркәсіп орындары бәсекелестігін күшпен сақтауға тырысуда. Өйткені АҚШ-та монополияға қарсы заңға қарамастан ірі корпорациялар ролі өсе түсуде. Сол сияқты кез-келген ел үкіметі бақылауынан тыс трансұлттық корпорациялар пайда болды. Қазіргі АҚШ капитализмі корпоративті капитализм деп аталады.
Қазіргі уақытта дүние жүзіндегі экономикалық жүйелер тек қана капитализммен шектелмейді. Американдық социолог Линдблом экономикалық жүйелердің төрт негізгі түрлерін бөліп шығарды.
1. Ең алдымен басшылыққа тұтынушылар мүддесін алатын жеке кәсіпкерліктің дәстүрлі жүйелері. Негізінен Батыс Еуропа, Солтүстік Америка елдері.