1. «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым және оқу пәні ретінде Қарастырылатын сұрақтар: «Жаңартылған мазмұндағы қазақ тілін оқыту әдістемесі»



бет7/21
Дата21.01.2023
өлшемі157,11 Kb.
#62199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
дәріс ЖҚТОӘ (1)

Қарастырылатын сұрақтар:
1. Фонетиканы оқытудың мақсат, міндеттері, мазмұны, ерекшеліктері
2. Дыбыс, әріп, буын, дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дыбыстар, тасымал, алфавитті оқыту әдістемесі
Тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін фонетиканы оқытудың тиімді жолдарын қарастыратын ғылым ­– фонетиканы оқыту әдістемесі болып табылады. Фонетиканы оқыту әдістемесі ­– оқушыда фонетикалық білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру үдерісін айқындайтын қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы. Оның ғылыми-әдістемелік негізінің қалыптасуына А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков, К.Бейсенбаева, М.Дүйсебаева т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты.
Бастауыш мектепте фонетиканы оқытудың басты мақсаты ­– оқушыларға тіл дыбыстары, олардың ой білдірудегі маңызы, ерекшелігі, яғни оқушыларға тілдің дыбыстық жүйесі туралы мағлұмат беруге мүмкіндік жасау. Атап айтқанда, дыбыстарды: қызметі, жасалымы және естілімі тұрғысынан қарастыру. Осыдан нақты мақсат туындайды, яғни дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіндігі, олардың әрқайсысының жіктелінетіндігі, үндестік заңы, олардың табиғаты т.т. сөз болады.
Бастауыш мектепке арналған Қазақ тілі бағдарламасында тілдің фонетика саласынан 2-сыныпта сағат, 3-сыныпта 9 сағат, 4-сыныпта сағат берілген.
2-сыныпта 1-сыныпта өтілген материалдарды қайталау; «У» дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатыны, кейде жуан, кейде жіңішке болып келуі; «У» әрпінің емлесі: дауыссыз дыбыстан кейін келген «У»-дың алдында ү,ұ дыбыстары естілгенмен, жазылғанда олардың орнына «У»-дың өзі ғана жазылуы; дауысты ы,і әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылғанда, ы,і әріптерінің түсіп қалатыны; «И»-дің дауысты дыбыс екені; бірде жуан, бірде жіңішке болатыны; «И»-ді дауыссыз «й» дыбысымен салыстыру; И, й әріптерінің емлесі; Я әрпінің жазылуы; Ю әрпінің жазылуы; Дауыссыз дыбыстардың қатаң, үяң, үнді болып бөлінетіні; Б, п дыбыстары. Б және п әріптерінің емлесі; Қ-г, к-г дыбыстары. Қ-г, к-г әріптерінің емлесі; Л, р дыбыстары. Л, р дыбыстарының үнді дауыссыз екені; Л, р әріптерінің емлесі; Ң дыбысы. Ң,н дыбыстарының үнді дауыссыздар екені мәселелері қамтылған.
3-сыныпта 2-сыныпта өтілген материалды қайталау: и, у дыбыстары; я, ю әріптері; дауыссыз дыбыстардың түрлері, емлесі; Э, ф, в, ц дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері, салыстыру; Ч, щ дыбыстары мен әріптерінің ерекшеліктері; X, һ дыбыстары мен әріптері, олардың айтылу ерекшеліктері; X, һ қатысты сөздердің емлесі берілген.
4-сыныпта дыбысқа байланысты берілген білімді жинақтап, бекіту: дыбыстың түрлері, алфавит, буын, тасымал; Буын үңдестігі туралы ұғым қалыптастыру: дауысты дыбыстардың сөз ішінде жуан-жіңішкелігіне қарай үндесіп жазылуы; Дыбыс үндестігі туралы түсінік (Түбірдің соңғы дыбы-сы қатаң болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң болып келетіні. Түбірдің соңғы дыбысы ұяң немесе үнді болса, оған жалғанатын қосымшаның бірінші дыбысы да ұяң не үнді болып сәйкестенуі. Дауысты дыбыстың әсерінен түбірдің соңыңдағы қатаң дыбыстың ұяң не үнді болып өзгеруі) қарастырылған.
Дыбыс, әріп, буын, дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дыбыстар, тасымал, алфавитті оқыту әдістемесі
Дауысты дыбыстарды оқыту әдістемесі. Бастауыш сыныптарда дауысты дыбыстардан білім беру үшін дауысты дыбыстарды жеке сөзден, сөйлем ішіндегі сөздерден тапқызып, әуелі астын сыздырады да, соңынан дауыстылар тақтаға бөлек топталып жазылады. Дауыстының анықтамасы беріледі де, оның дұрыстығына көз жеткізу үшін әр дауысты дыбысты оқушылар жеке де, хормен де айтатын болады. Бұл жолы оның ауыз қуысында кедергісіз еркін шығатындығы, сондықтан да ұзақ айтуға болатындығына тәжірибе жасалады. Бұдан соң дауыстылардың іштей қанша түрге бөлінетіні сұралады. Оқушы жауап береді. «Дауысты дыбыстар неге әр түрлі болып айтылады?» «Оның себебі неде?» «Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді?». Бірінші сұраққа оқушылар жауап бере алмауы мүмкін. Бірақ бұл сұрақ оларды ойландырады, себебін білуге құмартады. Сол кезде мұғалім оның әр түрлі болу себебін өзі түсіндіреді. Бұл үшін сөйлеу мүшелерін естеріне салып, дауысты дыбыстың әр түрлі айтылуына тілдің, еріннің, жақтың қызметтері себеп болатындығын, сондықтан оларды үш топқа бөлетінін хабарлап, терминдерін естеріне түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет