2) Модульдің қысқаша мазмұны
4.1. Физика сабағында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту жолдары (Тренинг - 2 сағат).
Тренингтің мақсаты: физика сабағында оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру әдістері туралы білім мен дағдыларды дамыту.
Тренинг жоспары:
Кіріспе бөлім: физика сабағында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту тәсілдерімен және зерттеу оқыту процесімен танысу.
Негізгі бөлім: шағын топтарда жұмыс. Зерттеу оқыту негізінде физика сабағының жоспарын әзірлеу (зерттеу жобасы, практикалық жұмыс, зертханалық жұмыс, физикалық эксперимент және т.б.).
Қорытынды бөлім: аудиториямен талқылау үшін физика сабағында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту әдістері негізінде жасалған сабақ жоспарын ұсыну. Қалыптастырушы бағалау.
Күтілетін нәтиже:
Физика сабағында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту туралы білім.
Зерттеу сабағын қолдануға негізделген физика сабағының тиімді жоспары.
4.2. Тестілеуге және шағын-сабақ таныстырылымы/жоба қорғауға дайындық (2 сағат)
Ескерту: Сабақ өткізу үшін оқыту әдістері мен ресурстарды таңдау тренердің қалауы бойынша жүзеге асырылады.
3) Күтілетін нәтиже:
Курс соңында модуль бойынша тыңдаушылар:
1. Физика сабағында зерттеу жұмыстарын қалай ұйымдастыру керектігін біледі.
2. Оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру бойынша педагогикалық зерттеуді қалай жүргізу керектігін біледі және түсінеді.
3. Оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыруға бағытталған физиканы оқыту әдістемесін біледі және қолданады.
4. Олар мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстар мен оқушыларға арналған тапсырмаларды, физика пәнін оқытуда зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |