2 модульдің құрылымы
ұзақтығы – 64 сағат,
күндізгі режимдегі сабақтар (дәріс – 2 сағат, тәжірибелік сабақтар – 24 сағат, тренинг – 22 сағат, КТС – 10 сағат, ықшам сабақ таныстырылымы/жоба қорғау – 4 сағат, тестілеу – 2 сағат)
1) Модульдің мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты: Физика пәні мұғалімдерінің пәнді оқытудың инновациялық әдістерін зерттеу және қолдану бойынша педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Модульдің міндеттері:
пәннің мазмұны мен оқу бағдарламасының жаңалықтарын меңгеру бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;
білім алушылардың сыни ойлауын және функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаңа нысандар мен әдістерді пайдалану дағдыларын жетілдіру;
пән бойынша қалыптастырушы және жиынтық бағалау үшін оқу тапсырмаларын құрастыру дағдыларын жетілдіру;
білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды қолдану дағдыларын дамыту;
заманауи IT-технологияларды қолданудың практикалық дағдыларын дамыту;
технологиялық тәсіл негізінде сабақты жобалау дағдыларын жетілдіру;
күрделілігі жоғары есептерді шығару және заңдылықтарды дәлелдеу дағдыларын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |