4 модуль. Вариативті. Физика сабағында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту әдістері қарастырылады. Тестілеуге және шағын-сабақтың таныстырылымына дайындық (жоба қорғау) жүргізіледі.
6. Оқу процесін ұйымдастыру
7. Біліктілікті арттыру курстары келесі кезеңде ұйымдастырылады:
1) күндізгі оқу режиміндегі курстың оқу-тақырыптық жоспары (бұдан әрі – ОТЖ) бойынша күндіз оқу режимінде ұйымдастырылады. Күндіз оқу курстарының ұзақтығы 80 сағатты құрайды. Бір апталық күндіз оқу курстарын ұйымдастыру кезінде ОТЖ-дағы сағаттар саны екі есеге қысқарады, сабақтардың тақырыптары мен өткізу формасы өзгеріссіз қалады;
2) осы бағдарламаға сәйкес курстың оқу-тақырыптық жоспары бойынша қашықтан оқу режимінде ұйымдастырылады және екі кезеңнен тұрады: қашықтан (онлайн) – 30 сағат, өзіндік жұмыс (оффлайн) – 50 сағат.
Білім беру процесін күндіз және қашықтан оқу режимінде ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында: өзіндік жұмыс, жоба жұмыстары, шағын-сабақ таныстырылымы (шағын іс-шаралар), қорытынды тестілеу, сондай-ақ қашықтан оқу режиміндегі курс үшін аралық тестілеу өткізіледі. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар, тест тапсырмалары, жобалау жұмыстарының және шағын-сабақ (шағын-іс-шаралардың) тақырыптары курстың оқу-әдістемелік кешеніне (бұдан әрі – ОӘК) енгізілген.
8 . Білім беру процесі оқытудың интерактивті формалары мен әдістерін қамтиды: дәріс, семинар, практикалық жұмыс, көшпелі практикалық сабақ (әрі қарай – КТС), тренинг, шеберлік-сынып, конференция, дөңгелек үстел, шағын-сабақ таныстырылымы, рөлдік ойындар, кейстер әдісі, бейнефильмдерді талқылау, мәселелерді бірлесіп шешу, сонымен қатар вебинар, онлайн-форум, онлайн-кеңес беру және қашықтан оқу режиміндегі курста тыңдаушының өз бетінше оқуы.
9. Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында кіріс және шығыс тестілеу, шағын-сабақты/жобалық жұмысты қорғау және қорытынды тестілеу өткізіледі. Қашықтан оқу ZOOM білім беру платформасы арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |