белсенді орталықтар деп
аталады.
Осы тізбекті процесті қарастыра отырып, оның өтуі барысында белсенді
орталықтардың саны өзгермей, тұрақты болып қалатындығына көз жеткізуге болады.
Белсенді орталықтардың концентрациясы тұрақты болып қалатын тізбекті механизм бойынша жүретін химиялық реакцияларды тармақталмаған тізбекті реакциялар деп атаймыз . Белсенді
орталықтар
реакция
барысында
пайда
болатындықтан
және
катализаторлардың рөлін атқаратындықтан мұндай химиялық реакцияларды
автокатализдік реакциялар деп атайды.
2.11.2 Тармақталған тізбекті реакциялар Алайда, тізбекті реакция басқаша сипатта да өтуі мүмкін: онда әрбір цикл немесе әрбір
элементар реакция бір белсенді бөлшектен артық беріп отырады. Бұл кезде белсенді
орталықтардың саны уақыт бойынша үздіксіз және өздігінен артатын болады, ал оған қоса
реакцияның жылдамдығы да арта түседі; процесс көшкін сияқты өздігінен үдетілетін болады.
Осы жағдайға сәйкес процесс айтарлықтай тұрақсыз болып, өздігінен болмашы
өзгерістерден өте күшті әсерлесуге ауыса алатын болады. Осындай текті құбылыстар
жарылыс процестеріне тән.
Реакциялардың белсенді орталықтарының үдемелі түрде артуына қатысты тізбекті реакциялар