1. Жаратылыстанудағы оқытудың қағидаттарына сипаттама беріңіз Жүйелілік пен дәйектілік қағидаттың маңызын ашыңыз


Географиялық алаңда жүргізілетін узаққа созылған жүйелі бақылауларды білім берушілік және тәрбиелік манызын атаңыз



бет16/28
Дата25.05.2023
өлшемі303,13 Kb.
#97278
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
жаратылыстану ссесия

15. Географиялық алаңда жүргізілетін узаққа созылған жүйелі бақылауларды білім берушілік және тәрбиелік манызын атаңыз

50Балл


1.Бастауыш мектептеріндегі «Жаратылыстану» курсының тәрбиелік мәселелерін талдаңыз
Жаңартылған мазмұндағы "Жаратылыстану" пәнін оқыту әдістемесі курсы болашақ мамандарға балаларды қоршаған ортамен таныстырудың теориялық және әдістемелік мәселелерінен білім беруге арналған. Бұл курсты меңгерген мамандар мектепке дейінгі балаларды қоршаған ортамен таныстырудың мазмұнын, көлемін, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, әртүрлі жастағы топ балаларымен жұмыс істеуді үйренеді. Оқыту мен тәрбиенің жаңа технологияларын меңгереді. Осы жастағы балаларға қоршаған ортадан беретін білім негізінде олардың ойлау қабілеттерін, байланыстырып сөйлеу шеберліктерін дамыта отырып, тіл дамыту, шығармашылыққа жетелеу талаптарын орындау да қамтамасыз етіледі.
Бұл курсты нәтижелі меңгеру үшін студенттердің мектептегі базалық пәндерден (өсімдіктану, жануартану, география, экология, химия, физика, астрономия т.б.) ұғымы болу керек. Курстың мазмұны философиямен, жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста жүзеге асады. Болашақ тәрбиешілерді дайындауда қойылатын басты талаптардың бірі - Қазақстан республикасының табиғат ерекшеліктері мен оның дамуын, табиғатты қорғау жолдарын меңгеру.Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын (соөж) және өздігінен орындайтын жұмыстары (сөж) кезінде әртүрлі топтағы балаларды қоршаған табиғатпен таныстырудың мазмұны, әдістері талқыланады. Семинарлық сабақтарды әдістемеге байланысты жүргізіліп отырған жаңа бағыттағы педагогикалық, психологиялық зерттеулерді, белгілі педагогтардың туындыларын, алдыңғы катарлы іс-тәжірибелерді саралап, оны студенттер өз іс-тәжірибесінде қолдануға төселеді.
Жоғары оқу орындарында оқылатын «Жаратылыстануды оқытудың теориясы мен әдістемесі» пәні педагогиқалық ғылымдар саласына жатады. Себебі, бұл пән болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқушыларға өздерін қоршаған ортадан білім беруге дайындайтын болғандықтан, олардың психологиялық, жекебастық ерекшеліктеріне сүйене отырып, білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгертуге арналады. Бұл пән өз мазмұнында бастауыш сыныпта жаратылыстануды оқытуға байланысты зерттеулер және оның даму тарихын, бастауыштағы жаратылыстану пәнінің бағдарламасын, оқулығын, олардың құрылымын, мазмұнын, білім берудің формасы мен әдістерін толығымен талдайды. Қазіргі таңдағы жүргізіліп отырған зерттеулер жүйесімен, олардың тиімді тұстарын пайдалану мәселелерін қамтиды. Әдістемелік пәндерге тән жағдай, міндетті түрде дидактиқалық принциптермен байланысты қаралады және сол принциптерге сүйенеді. Болашақ мұғалімдерге балалардың жаңа білімді меңгеру заңдылыктарын, берілетін білімнің сыныптар аралық байланысын, алған білімді жаңа жағдаяттарда қолдану шеберліктерін шыңдауы осы пәнді оқу арқылы жүзеге асады.Жаратылыстану әдістемесі басқа әдістемелік пәндер сияқты алдыңғы қатарлы мұғалімдердің озық тәжірибелеріне сүйенеді. Сонымен қатар тиімді және оқушылар белсенділігін көтеретін жаңа технологияны қолдануды саралайды. Алдыңғы қатарлы тәжірибелерді қолдану арқылы мұғалімдер үнемі өз әдісі мен тәсілін жетілдіруге мүмкіндік алады. Осы тұста күнделікті ақпараттық технологияларды да қолдануға көңіл бөледі. Жоғары оқу орындарында «Жаратылыстануды оқыту теориясы мен технологиясы» пәнін студенттерге меңгерту тек лекция оқумен шектелмейді. Оны өз мәнінде студенттердің меңгеруі семинарлық, сарамандық сабақтар, өзіндік жұмыстар орындау мәселелерімен байланысты жүзеге асады. Бұл пәнді оқуда семинарлық сабақтарда теориялық материалдар тереңдетіліп, қосымша әдебиеттерді талдау жұмыстары орындалса, сарамандық сабақтарда жаратылыстану әдістемесінің теориялық тұстарын өз тәжірибелерінде пайдалану, яғни сабақ жоспарын жасау, сабақ типтерін анықтау, тақырыпқа байланысты мақсат қоя білу, сабаққа керекті көрнекіліктер дайындау сияқты жұмыстар атқара отырып болашақ мамандардың кәсіптік шеберліктері шыңдала түседі.
Жаратылыстану әдістемесін меңгеру кезінде студенттер оқушыларда ғылыми ұғымды қалыптастырудың жолдарын, оны жүзеге асыру әдістерін оқып үйренеді. Жаратылыстану әдістемесі табиғатқа жүргізілетін бақылаулар түрлерімен, оны ұйымдастырудың жолдарымен, табиғатты қоргау туралы Заңдарды жүзеге асыру мүмкіндіктерімен студенттерді таныстырып қана қоймай, келешекте осы мәселелер бойынша оқушылармен жүрғізілетін жұмыстар түрлерін дайындап жаттығады. Жаратылыстану пәнінің зерттеу түрлеріне теориялық, әдістемелік әдебиеттермен танысып, оны саралау, бақылау, педагогиқалық эксперимент, эксперимент нәтижелерін өңдеу, қорытындылау, озық тәжірибелерді жинақтау, педагогика мен психология ғылымдарының жетістіктерімен танысып, оны өз тәжірибесіне енгізу жатады. Қоғамның дамуы, ғылым мен техниканың өркендеуі білім саласына өзгеріс ендірмей қоймайды. Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономиқалық, парасаттылық және мәдени қарымы білім саласының жай-жаспарына және оның прогрессивті даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты - екендігі орта білімнің мемлекеттік стандартында айкын көрсетіліп отыр. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында адам шығармашылық пен мәдениет үлгілерін таратын субъект ретінде көрінуімен құнды екені айтылған. Шығармашылық әрекет адам баласында бірден пайда болатын дағды емес. Ол оқудың, білім алудың, алған білімін іс жүзінде қолданудың нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын біліктілік дағды. Қазіргі таңда пән бағдарламалары ғылымилық мазмұнды қамтамасыз етумен катар білімді ізгілендіру жағына да үлкен мән береді. Бастауыш білім жалпы білім беру жүйесінің алғашқы, әрі маңызды сатысы, білім беру жүйесінің ірге тасы. Осылай болса, оқу үрдісіне қойылатын талаптардың жүзеге асуы осы сатыдан басталады.Білім беру - қоғамдық процесс. Сондықтан қоғам алдында болашақ жастарды өмірге дайындауда туған талап-тілектер оқу бағдарламасының мақсатына енеді. Осы негізгі мақсаттан оқушыларға бағдарлама мазмұнына сәйкес білім берілуі керектігі туындайды. Әр уақытта да адам бойындағы білім оқу нәтижесінде біртіндеп қалыптастыны белгілі. Оқу, білім, алу - дамудың негізі. Оқу арқылы алған білім біртіндеп басқа іс-әрекеттердің де дамуына жол салады. Даму -психологиялық процесс. Дамудың психологиялық заңдылықтары бұрыннан зерттеліп келеді, қазіргі кезде де зерттеліп отыр. Л. С. Выгодекий, А. Н. Леонтьев, Л. В. Занков, Давыдов, П. Гольперин, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаевтар даму мәселесін жан-жақты зерттеген ғалымдар. М. Мұқановтың пікірінше, "Білім дегеніміз тиісті объектілер туралы алған хабар. Ол адамның басында қалыптасып сақталып отырады". Білім ұғымдар жиынтығынан қалыптасады. Ал ұғымға жетудің екі жолы бар. Оның біріншісі - баланың күнделікті өмір тәжірбиесі болса, екіншісі - мектеп қабырғасында белгілі бағдарламалар бойынша жүйелі түрде берілетін ғылыми ұғымдар. Ғылыми ұғым қалыптасу үшін қарапайым ұғымдар біртіндеп күрделі ұғымға өтіп отырады. Сонымен қатар әр ұғым жеке түсіндірілмей, өзге ұғымдармен байланыста, сабақтастықта қаралғанда ғана нәтиже береді. Ұғым беру кезінде мұғалім мен оқушының әрекеттері үндестік тауып, бір мақсатқа орай бір -бірін толықтырып, алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады. Осы үндестіктер болғанда ғана кез-келген ұғымды оқушыларға саналы, нәтижелі, меңгерту қамтамасыз етіледі.Оқыту барысында оқушылардың білімі кеңейіп, алған түсінігінің мазмұны байып, біртіндеп тұжырымдалған, реттелген сипатқа ие болады. Олар кездескен жаңа қиындықтар мен ситуациялар жағдайында бұрын меңгерген білімін қолдануға мүмкіндік алады. Бұл білім қорының жинақталып тұжырымдалып дамуына жағдай жасаумен бірге оқушының ойлану мүмкіндігін кеңейтеді. Әр пән бойынша оқыту мен білім берудің мақсатының әр түрлілігі және олардың мазмұны мен көлемінің де бір-бірінен айырма жасайтыны белгілі. Дегенмен, оқытудың алдына коятын ортақ мақсаты - ол білімдендіру, білім қорын молайту, тәрбиелеу, баланы дамыту. Ж. Аймауытовтың пікірінше оқыту- білім көбейту, ақыл күшейту. Бұл барлық пәнді оқытуға ортақ мақсат. Оқыту процесінің жүйелі , нәтижелі болуы оның мазмұны мен мақсатының сабақтастығында. Сондықтан да "Стандарт білім мазмұнының міндетті минимумын, оқушының оқу жүүктемесінің шегіне жеткен (мақсимальный) көлемін және оқушы дайындығына қойылар талап деңгейін белгілеп береді". Ал пәннің мазмұны мен мақсаты оның бағдарламасынан көрінеді. "Әрине, жүйені реформалау барысында мекетеп білімнің тарихында жинақталған жағымды тэжірибенің баршысы қаперге алынып, кәдеге жарайтын болады. Шын мәнінде "Жаратылыстану" немесе , қазіргі таңда "Жаратылыстану" деп аталып отырған жаңа пән осы қағидалардың айғағы. Бұл бұрын оқытылып келген, сонымен қатар оқыту әдістемесі біраз зерттелген "Айналамен таныстыру" және "Табиғаттану" пәндерінің негізінде құрылып, адам, табиғат, қоғам жайындағы білім жүйесін жинақтап, саралап, кіріктіре ооқытудың жолын іздестіруге арналып отыр. Жаратылыстану бағдарламасының түсініктемесінде оның мақсаттарын жинақтап былай делінген "Интегративті пән болғандықтан, оны оқып-үйренудің негізгі мақсаты - адам, коғам, табиғат, яғни реалды дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларда біртұтас көзқарас қалыптастыру және осы біртұтас дүниедегі адамның орны мен рөлін түсінуге көмектесу". Бастауыш буын оқушыларының дүниені тұтас қабылдауға бейімділігі ескеріліп, білім стандартында негізінен жалпы білімділік. . . кіріктірілген курстар енгізілген". Соның бірі - "Жаратылыстану" пәні. Бұл пәннің негізгі қызметті - табиғат, қоғам, адам туралы мағлұматтар арқылы жергілікті жағдайдан туындайтын бастапқы биологиялық, географиялық түсініктерді қалыптастыру. Сондай-ақ, оқу мазмұнын бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне лайықты отырып берілетін білім нақты объекетілеріге, дүниеде бар заттар мен құблыстарға негізделіп, олардың ішкі - сыртқы байланыстарын ашатындай теориялық ұғымдар жүйесін меңгертуді көздеу.Бағдарламада мазмұныны меңгеру жеке тұлғаны дамыту мәселесі өзінің мақсатына орай бірнеше міндет жүктейді:
-табиғатты оқып, үйренуді оқушылардың шығармашылық әрекеттері нәтижесінде меңгеруін қамтамасыз ету.
-Берілетін білімді оқушылардың табиғатты, қоршаған ортаны бақылау мен тығыз байланыстыру арқылы жүзеге асыру. Сол арқылы білім мазмұнының ғылымилығына көздерін жеткізу.
-Табиғи денелерге тэжербие жасау, сарамандық жўмыстар атқара отырып, теориялық алған білімдерін жүзеге асыру, біліктерін қалыптастыру.
-Әр түрлі шығармашылық жұмыстар нәтижесінде табиғатты, оның жеке денелері мен құбылыстарын ажыратып қана қоймай, олардың арасындағы байланыстарды аңғарып, олардың бірінің өзгерісі екіншісінің өзгеруіне әсер ететінін түсінуге жадай жасау;
-оқушылардың дүниетанымдық, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, қалыптастыру;
-жекебас дамуын, оның интелектуалдық, эмоциялық, іскерлік, қарым-қатынастық тұрғыда жетілуін, өзін қоршаған ортамен қатысқа түсу мүмкіндігін дамыту.
«Дүниетану» мен жалпы жаратылыстану әдістемесін оқыту,-
педагогикалық ғылымының дамуына сай және қоғамның жеткіншек ұрпақты
тәрбиелеудегі талаптарына, сонымен қатар жаратылыстану барысын және оның мақсатын, әдісін зерттейді.
Мектеп оқушыларына жаратылыстануды оқытуда, мұғалім оларды білім,
білік, дағдыларды жарақтандырып қана қоймайды, білімді жалғастыру үшін керек және іс жүзіндегі қызметімен, сонымен бірге олардың көзқарасын, еркін, мінезін қалыптастырады, ақыл - қабілетін және т.б. дамытады. Сондықтан қазіргі оқыту әдісетемесі жаратылыстануды органикалық тарау және тәрбиелік құрал ретінде оқыту барысында зерттейді және тексереді. Осы мағынада оқыту әдістемесі тәрбие процесінің құбылысын зерттейді, бәрін емес, тек жаратылыстануды оқыту процесінде орын алатындарын айтуға болады.
Оқыту процесінде өзара тығыз байланыстағы бөлімдер:
1) оқу пәні,
2) оқыту (білім, білік, дағдыларды және оқушының дамуын қамтамасыз
ету бағытындағы оқытушының қызметі),
3) оқу (білім, білік, дағдыларды меңгеруден тұратын оқушының қызметі).
Сондықтан оқыту әдістемесінің міндетіне мыналар кіреді:
1) оқу пәнінің мазмұнын анықтау,
2) оқыту тәсілі мен соған қажетті жабдықтарды ұйымдастыру әдісін
зерттеу,
3) оқылатын оқу материалдарын балалардын меңгеру нәтижесін және
процесін үйрену,
4) өзара барлық осы оқыту элементтерімен жағдай табу, тәрбие
процесіндегі мақсаттарды оқытуда барынша жүзеге асыруға көмек беретін
заңды байланыстарын ашу жатады.
Оқыту әдістемесі тек бейнелеп және оқу құбылысын түсіндіріп қана
қоймай, сонымен бірге, балаларға «Дүниетануды» ойдағыдай оқытуда
басшылыққа алатын мұғалім қағида үстануы тиіс. Тек осы жағдайда оқыту
әдістемесі тәжірибеге жол көрсететін алдыңғы оқыту теориясымен
қамтамасыз ететін мұғалімге басшылық бола алады. (Скаткин М.Н., 1992.).
Жаратылыстануды оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері
Әдістеме педагогикалық ғылым ретінде, педагогикада да қолданылатын
зерттеу әдістерін қолданады. Зерттеуші – әдістемеші нәтижесінде
«Дүниетану» зандарың, принциптерін және ережесін оқытуда, мектепте
жаратылыстануды оқыту барысында байқалған фактілерді, құбылыстар
арасындағы заңдылықты талдайды және салыстырады.

2.«Жаратылыстану » қурсының мазмұнынан оқушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, дамытуға мумкіндік тудыратын уғымдар жүйесін атаңыз


«Жаратылыстану» пәні арқылы, біріншіден, кіші мектеп жасындағы оқушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына ықпал етеміз. Екіншіден, әлем жайлы ой-өрісін кеңейтеміз. Үшіншіден, ғылымды түсінуін және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауын қалыптастырамыз. Төртіншіден, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерін дамытамыз. Қарап отырсақ, «Жаратылыстану» пәнінің бағдарламасына ғасырлар бойы адамзатты толғандырған тақырыптар енгізілді.
Жаңартылған бағдарламаның мәні — баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың оқуды алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуын көздейтін тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Яғни, оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек.Осы орайда бастауыш сыныптарда жаңартылған білім мазмұнымен бірге енгізілген жаратылыстану пәнінің алатын орны ерекше.
Жаратылыстану пәні бағдарламасыныңнегізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Пән бойынша берілетін білімдер жүйесі оқушылардың қоршаған әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы алғашқы білімін қалыптастырады. Пән оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын, сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу жоспарын дайындау және болжам жасау, зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Бастауыш сыныпта оқушылар пәнді меңгеру барысында дәстүрлі емес ойлау формаларына үйренеді. Ақиқатпен байланысты іс-әрекеттердің жауабын табуға, сұрақтар қоюға , ғылыми-зерттеу тәсілдерін түсініп, ойлауға және бақылауғадағдыланады. Жаратылыстану пәнінің мақсатыбастауыш сынып оқушыларын әрі қарай жаратылыстану ғылымы пәндерін (биология, химия, физика) меңгеруге дайындау, күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғатта) көрген, бақылаған құбылыстары мен үдерістерді түсіндіру, сипаттау үшін алған білімдерін пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. «Жаратылыстану» пәні оқушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл пәннің артықшылығы баланың тапсырманы өздігінен ізденіп орындауы және дұрыс тұжырым жасауына бағытталуы , сондай-ақ баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын арттыру.
Баланы бастауыш сыныптан бастап мамандыққа бейімдеу — осы жаратылыстану пәнін дұрыс жүргізуден басталады. Мектептегі жоғарғы сыныптарда мамандыққа бейімдеу бойынша жаратылыстану – математика бағытында математика физика, география, биология, химия, информатика және технология пәндері оқытылады. Ал бастауыш сыныпта оқытылатын жаратылыстану пәні осы пәндерге баланы бағыттау, бейімдеу болып табылады Енді осы жаратылыстану пәнін оқытуға тоқтала кетейік. Жаратылыстану пәнінің құзіреттілігін арттыруда қандай әдіс-тәсілдерді қолдану тиімді деген сұрақ туындайды. Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнін оқытуда әр түрлі жаңа технология элементтерін сабақтың мазмұнына байланысты жоспарлап қолдану өз нәтижесін жақсы береді. Баланың қабылдау ерекшелігі де ескерілу керек. Бұл факторларды еске алмай білім берілсе ол нәтижесіз болады. Бұл жерде мұғалім шеберлігі басты роль атқарады. Негізі тірек сызба нұсқалары балаға берілетін білімді жеңілдетеді. Есте сақтау қабілеті төмен баланың ойында өткен тақырып тез сақталады Сызба арқылы білім шашыранқы түрде емеснақты беріледі.Үйренген нәрсесін сызба арқылы беруге дағдыланады. Кестелер сабақты ғылыми тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді. Баланың шығармашылық қабілеті артып өз бетінше сызбалар құрастыруға талпынады. Жаратылыстану пәнінде қолданылатын зерттеудің негізгі принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаратылыстану пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына, әлем туралы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен анықталады.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-ғылымдық білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағытталған
Оқулық «Мен-зерттеушімін», «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам», «Күш пен қозғалыс», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы», «Жарық» және «Дыбыс» сияқты оқу бөлімдерін қамтиды.Осы бөлімдер бастауыш оқу кезеңінің әрбір сыныбында « жеңілден күрделіге» қағидатына негізделеді. Әр жаңа тақырыпты толық меңгеру үшін оқулықтың бас кейіпкерлеріНегеш пен Эврика көмектеседі. Негеш пен Эврика оқушыларды ғылым әлеміне бағыттап, болжам жасауға, тәжірибе немесе зерттеу жүргізуге, табиғи құбылыстарды ашуға ынталандырады. Жаратылыстану сабақтарын келесі түрлерге бөледі: жаңа материалды үйрену сабағы; білімді тәжірибеде қолдану сабағы; оқу материалын бекіту және қайталау сабағы; білімді бақылау және есепке алу сабағы; құрамдастырылған сабақ. Сабақтың түрін таңдау сабақтың дидактикалық мақсатына байланысты жүзеге асырылады. Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыс сабақтың барлық түрлеріне ортақ нысан болып табылады.
«Әрбір бала- болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас талапкерлердің жарқырап көрінуіне жаратылыстану пәнінің білім мазмұны мен оны оқытудағы мұғалімнің тиімді әдіс- тәсілдері негіз болары сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет