9. « Жаратылыстану» сабағында қолданылатын көрнекі құралдардың негізгі топтары мен түрлерін атаңыз
9)Жаратылыстануды оқыту процесін жоғары деңгейде жүргізу үшін материалдық базаның маңыздылығы жоғары.
Жаратылыстану пәні бойынша материалдық база 3 негізгі топқа жинақталады:
Класта сабақ өту үшін қажетті құрал-жабдықтар немесе оқу жабдықтары өз кезегінде үш топқа жіктеледі:
Класта сабақ өту үшін қажетті құрал-жабдықтар немесе оқу жабдықтары өз кезегінде үш топқа жіктеледі:
1. Табиғаттың тірі және өлі табиғи объектілері
2. Иллюстративті (суреттер, кестелер, модельдер т.б.)
3. Қосымша көмекші құралдар (лабораториялық құрал-жабдықтар, приборлар) және техникалық құралдар (кодоскоп, диапроектор, микроскоп, теле-видеоаппараттар, компьютер т.б.)
Жаратылыстану сабақтарында табиғи көрнекі құралдар басқа көрнекі құралдардан басым түсуі шарт. Табиғи тірі объект жайында нақты шындыққа үйлесімді ұғым береді.
Оларды төмендегідей типтерге жіктеуге болады:
Иллюстративті көрнекіліктер:
Иллюстративті көрнекіліктер:
Модельдер және муляждар
Түрлі көоемді суреттер, кестелер, схемалар, көркем суреттер, карталар.
Бұл көрнекіліктерді қолдану танысқалы отырған заттың өзін тікелей көру мүмкін болмаған жағдайда, олардың бейнесін суреттеме түрінде пайдаланады.
Муляж – табиғи объектінің дәлме-дәл көшірмесі, яғни оның сыртқы белгілері (түсі, пішіні, көлемі) сақталынады. Оларды парафин, пластиллин, ұн немесе желімді пйдалана отырып даярлауға болады. Қыста оқытылатын кейбір объектілерден, мәселен, шырынды жемістер, саңырауқұлақтар муляждарын жасауға болады.
Модель – зат пен оның құрылысының барлық детальдарын сол қалпында қайталайтын көшірмесі (балалар ойнайтын ойыншық машиналар, т.б.)
Қосымша көмекші құралдар
Қосымша көмекші құралдар
Бұл топқа техникалық оқу құралдары (экранды-дыбыс құралдары) мен зертханалық құрал-жабдықтар жатады:
1- сынауық, 2- колба, 3- құйғы, 4- стакан, 5-тамшуыр, 6- склянка, 7- отбақыраш
Тірі табиғат бұрышы (мүйісі)
Тірі табиғат бұрышы (мүйісі)
Тірі табиғат бұрышын ұйымдастыра отырып мұғалім оқушылардың білімін толықтырады, тереңдетеді сондай-ақ практикалық мышық пен дағды қалыптастырады.
Тірі табиғат мүйісін ұйымдастыру үлкен материалдық тұрғыда қаражатқа байланысты. Жетіспеген жағдайда класс кабинетінде бөлме өсімдіктерінің түрлерін көбейту, аквариум, шағын террариум, құстар мен сүтқоректілердің ыңғайлы түрлерін ұстауға болады.
Тірі табиғат бұрышын жасауға арнайы ауқымды орын болмаған жағдайда бөлме өсімдіктерін, жер шарының әр бұрышындағы өсімдіктер түрлерін өсіріп, оқушыларды сол өсімдіктердің ерекшеліктерімен, күту, оларды бақылау сияқты жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Онда әр өсімдікте этикетка іліну керек, мұнда өсімдіктің аты, отаны, отырғызылған уақыты жазылады.
Мектеп маңындағы оқу-тәжірибе үлескесі
Мектеп маңындағы оқу-тәжірибе үлескесі
Әрбір мектептің маңында арнайы жер бөлініп, онда оқу-тәжірибе үлескесі ұйымдастырылады. Онда бастакыш сыныптарға арналған мөлтектер бөлініп беріледі. Әрбір сынып өз мөлтегінде жұмыс істейді.
Оқу-тәжірибе үлескесі алдын ала мынандай бөлімдерге бөлінеді: дала өсімдіктері бөлімі, көкөніс өсімдіктер бөлімі, жеміс-жидектер бөлімі, әсемдік өсімдіктер бөлімі және жануарлар бөлімі.
Дала өсімдіктері бөлімінің өзі 2 бөлімге коллекциялық және тәжірибелік деп бөлінеді.
Географиялық алаң
Географиялық алаң
Географиялық алаң шамамен 10×10 көлемді алатын алаң. Оны биіктігі 1м-ге баратын қашамен қоршайды, қашаның бір бөлігін түрлі түске (мысалы, ақ пен қара) кезектестіріп бояйды да, өлшеуіш қаша ретінде пайдаланады. Алаңға арналған орынды мүмкіндігінше ашықтау жерден таңдайды. Оның дәл ортасында тіктегіші бар, биіктігі 1м вертикаль таяқ (гномон) орнатады. Оның көмекгімен күннің түсу уақытын, көкжиек бағытын анықтайды.
Ауа райын бақылау үшін метрологиялық дүңгіршек (будка) орнатып, оның ішіне термометр қояды. Желдің бағытын анықтау үшін биіктігі 10м бағанаға флюгер орнатады. Алаң ашық жерде орналаспаса флюгер мектеп шатырына бекітіледі.
Қар жамылғысының қалыңдығын анықтау үшін ұзындығы 1,5-2м, ені 8-10см қар өлшейтін рейка қолданылады. Рейканың бет жағы ақ түске боялады да, 1см сайын бөлінеді
Достарыңызбен бөлісу: |