10. Бастауыш сыныптары үшін оқу-тәжірибелік участокті жабдықтауға қойылатын талаптарды көрсетіңіз Оқу - тәжірибе саласы дегеніміз ашық аспан аясындағы биологияның лабораториясы, мұнда ауыл шаруашылық еңбек пен биология жөнінде практикалық сабақтар мен жас натуралистер уйірмесінің жұмыстары және басқа да сыныптан тыс жұмыстар жургізіледі. Оқу – тәжірибелік саласы биология кабинеті үшін улестіру материалдары мен коллекцияларды дайындау үшін негізгі бастама болып табылады. Жергілікті жағдайлар мен оқушылардың санына байланысты әрбір мектептерде оқу – тәжірибелік жұмыстары үшін 0,5 тен 5,0 гектарға дейінгі көлемде саласын пайдалануға береді. Бұл жер күн беткейде болу керек, су қорымен қамтамасыз етілу керек және балалардың сабақ кестелерін бузбай практикалық жұмыстарды орындау үшін олардың бұл сала келіп жетуіне ең алдымен танымдық және тәрбиелік мәнге ие болуы керек. Сондықтан саласы мүмкіндік беретін тура мектепке жақын орналасуы керек. Оқу тәжірибелік жерді уйымдастыруда және мунда жүргізілетін жұмысты орнату ушін мектептің бүкіл оқытушылар мен оқушылар ужымын қатыстыру керек. Бұл жерді қалай пайдалану керек, олардың әрбір бөлімдерінің ауданы қандай болу керек, оқу және қосымша орындарды қай жерге орналастыру керек деген сияқты мәселелерді алдынала ойластырылып алынғаны жөн. Муның бәрі келешекте зор масштабта сызылатын жердің жалпы жоспарында белгіленеді. Осыдан кейін саладағы тәжірибелік жұмыстың тематикалық жоспары, сынып бойынша және жас натуралистердің үйірмесі үшін жұмыс жүргізуде тәжірибе жердің үлестіру, жаз уақытын дағы оқушылардың графигі құрылады. Сонымен бірге тұқымдар мен көшеттер және тыңайтқыштарға деген қажеттіліктер де ескеріледі
11. Оқу-тәжірибелік участокте бастауыш сынып оқушыларымен уйымдастырылатын жұмыстарға сипаттама беріңіз Оқу тәжірибелік участокта бастауыш сыныптарының бөлімі болу қажет. Бұл бөлім 1-4 сынып оқушыларының табиғат, ауыл шаруашылық жөніндегі алғашқы білімдерді жақсы меңгеруіне, және кейбір арнайы еңбек дағдыларын үйренуге, сонымен бірге олардың еңбекке деген творчестволық қатынасының дамуына мүмкіндік тудырады. Белгі бір ауыл шаруашылық мәдениетін тањдап алу белгілі бір жергілікті жағдайлар мен оқу бағдарламалары арқылы анықталады. 1ші сынып оқушылары гүлді және буршақ өсімдіктерді отырғызып, олармен қарапайым тәжірибелер жүргізеді.
Ал 2-ші сынып оқушылары сәбіз, қызымша сияқты тамырлы жемістер мен 1жылдық сәндік-гүлді өсімдіктерді отырғызып, олармен тәжірибе жүргізеді. Сонымен бірге, қарақат және басқа да өсімдіктердің бутақтарын дайындауға үйреніп, оларды күтіпбаптайды. 3-ші, 4-ші сынып оқушылары болса, көкөністі және гүлді сәндік өсімдіктердің көшеттерін отырғызып, жемісті ағаштарды және жидекті буталарды бағыпкүтіп көп жылдық өсімдіктермен жұмыс істейді. Олар өсімдіктерді сулатпалы шыбық пен буталарды бөлу арқылы көбейтуге үйренеді. Оқу тәжірибелік участок оқушылардың табиғатты тануында, олардың өз отанының табиғатына деген қызығушылығын оятуда, табиғатқа деген олардың сүйіспеншілігін қолыптастырып, оны аялай білуінде маңызды орын алады.