5.Жаратылыстану оқыту әдістемесінің дамуы үшін К.П. Ягодовскийдің еңбектерінің маңызын көрсетіңіз 1916 жылы К.П.Ягодовскийдің «Бастауыш мектептегі жаратылыстану дан практикалық сабақтар» атты еңбегі жарық көріп, бастауыш мұғалімдерінің әдістемелік құралына айналды. Кітап Л.С.Севруктің ескірген оқу құралын алмастырып, бастауыш мектепте жаратылыстану пәнін оқытудың қалыптасуына елеулі әсер етті.
Жаратылыстану пәнін оқыту саласындағы ірі әдіскер А.Я.Гердтің ұлы В.А.Герд болды. Ол өзінің «Естествознание как особый предмет в начальной школе» атты еңбегінде бастауыш мектепте жаратылыстануға жеке сабақтар бөлуді, бұл пәнге өзіне тән әдістерімен оқытуды талап етті. Оқулық үлкен тарихи маңызға ие болды. В.А.Герд жаңа үлгідегі мектепті ұйымдастыруға үлкен үлес қосты.
Сонымен революцияға дейін жаратылыстану пәндері бойынша педагогикалық, әдістемелік жұмыстар жеткілікті белсенді жүргізілді, бірақ үздік әдістемелік идеялардың практикаға енгізілуі баяу және қиындықпен жүрді. Ол кезде жаратылыстану пәні маңызды пән ретінде саналуы жағынан соңғы кезекте тұрды, маңызды пән ретінде саналған жоқ.
1923 жылы мектептегі жаратылыстану курсына түбегейлі өзгеріс енгізілді. Мемлекеттік ғылыми кеңес кешенді бағдарлама түзу идеясын ұсынды, бұл жекеленген пәнді оқытуды жоққа шығарды. Бірақ бастауыш мектепте табиғаттанудың жалпы принциптері сақталынып қалды.
1927 жылы МҒК шешімімен бағдарлама негізінің 1-сатысы бастауышта білім беру 4 жылдық болып енгізілді. Табиғаттану негізгі оқу пәні ретінде 1-4 кластарға дейін жүргізілетін болды. Бұл бағдарлама 1931 жылға дейін жүзеге асты. 1931 жылдан бастап мектептер он жылдық жаңа жүйеге көшірілді. Соған байланысты бастауыш мектепте табиғаттану пәні бойынша жаңа бағдарлама ұсынылды. 1933 жылы мектепке арналған тұрақты оқулықтар бекітілді, оның ішінде В.А.Тетюрованың «Табиғаттанудың бастамасы» оқулығы бар.
6.Оқыту үдеріснде әдістер мен тәсілдер ұғымына сипаттама беріңіз Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігі
Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады,
ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың
танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория
мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Бірлескен және топтық жұмыс. Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі
Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ
мүшелерінің арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің
ынтымақтастығы арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.
Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен
оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін
меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес,
құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.