1. Жаратылыстанудағы оқытудың қағидаттарына сипаттама беріңіз Жүйелілік пен дәйектілік қағидаттың маңызын ашыңыз


Тәжірибелік әдістерді атаңыз,оларға сипаттама беріңіз



бет8/28
Дата25.05.2023
өлшемі303,13 Kb.
#97278
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
жаратылыстану ссесия

14.Тәжірибелік әдістерді атаңыз,оларға сипаттама беріңіз
Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі.
оқытудың ауызша әдістері оқу-әдістемелік қызметінің жетекші түрлерінің бірі болып табылады, ол кеңінен жоғары сынып оқушыларына арналған пәндерді оқытуда қолданылған. Осыған байланысты, зерттеу айқын объективті ғалымдар үшін құрылды - қалай ең тиімді, осы әдістерді пайдалануға бастауыш мектепте. Осы зерттеулердің ең өзекті міндеті төменгі сынып оқыту осындай әдістерін қолдану әдістерін, оларды пайдалану және ашу жағдайында түрлі көзқарастар ескере отырып, «оқу-әдістемелік» тұжырымдамасын ашып көрсету болып табылады.
15.Оқытудың көрнекі әдістерін сипаттаңыз
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді.
Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады. Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді.
Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысты т.б.). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады.
Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысандарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады.
Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдары көптеп пайданылады.
Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда, қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады. (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан–жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т.б.).
Иллюстрация – демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.
Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның негізінде оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.
30Балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет