1. Жарық терапиясы фототерапия



бет31/43
Дата17.01.2023
өлшемі102,66 Kb.
#61732
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Байланысты:
ішкі аурулар

61. Серотерапия Серотерапия-қан сарысуын қолдану және одан препараттар жасау. Бір фермадағы бірнеше клиникалық сау жануарлардан (аллогендік сарысу) немесе ауырып болған жануарлардан (реконвалесцентті жануарлар) алынған қан сарысуы қолданылады. Жедел респираторлық ауруларды емдеу және алдын алу үшін реконвалесцентті қан сарысуы әсіресе кеңінен қолданылады. Алдын алу үшін оны тері астына дене салмағының 1 мл /кг - нан үш рет 10-12 күннен кейін немесе аэрогендік түрде 2 мл/м3 камерадан үш күн қатарынан, содан кейін 10-12 күннен кейін тағы екі рет енгізеді.
62. Мойын вагосимпатикалық новокаин блокадасын қолдану әдісі A.и.федотов әдісімен жылқының мойын ваго-симаатикалық түйінін (жұлдызша түйінді) блокадалау. малды тұрған бойы қозғалмайтындай етіп бекітіп, жетінші омыртканың көлденең канатын және бірінші қабырғаныңүшінші бөлігінің шетін саусақпен басып байкап табады. жетінші мойын омыртқасының көлденең қанатының алдыңғы бүрышынан төмен қарай алынған тік сызықпен біріншіқабырғаның жоғарғы үшінші болігінен жүргізілген көлденең сызықтың түйіліскен жері новокаин ертіндісін еңгізетін нүкте болып табылады. бұл нүкте жетінші мойын омыртканың колденең қанатынан 3,5-4 см томен болады. орын дайындалып болганнан кейін осы нүктеге зарарсыздандырылған инені малдың тұқымына, күйіне байланысты белгілі бір тереңдікке кіргізеді де (мөлшері 8-10 см) ертіндіні шприц арқылы малдың 1 кг салмағына есептеп жібереді. бір рет жасаған блокададан мал тәуір болмаса блокаданы 3-4 күннен кейін кайталайды. Блокада кезінде иненің тиісті жерге дұрыс барғанын тексеру үшін ол инені белгілі бір терендікке енгізгеннен кейін одан мандренді алып, бақылау ретінде новокаин ертіндісін құяды. Ине дұрыс тұрған жағдайда оның сырттағы өзегінен мөлдір түсті новокаин ертіндісі баяу тамшылайды. егер иненің ұшы бұлшық етке кірсе ертіндіні енгізуге белгілі бір күш түсіру керек және ине павильонынан қан аралас сұйық байқалады, ал егер ине кеуде қуысына енсе, онда ергінді ине өзегінен жылдам сорылып кетеді. кейінгі екі жағдай иненің дұрыс бармағанының дәлелі. ондай жағдайда инені суырып алыш кайта дұрыстап енгізеді. иненің дұрыс барғанына көз жеткенен кейін барып ертіндінің толық дозасын жібереді. Емдеу көрсеткіштері: өкпелердің қабынулары; бронх пен өкпелердін қабаттаса қабынуы; өкпенің ісінуі; жүрек етінің қабынуы; жүрек қабығыныңқабынуы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет