1. Жас нәрестелік кезеңнің ұзақтығын көрсетіңіз



бет1/6
Дата12.09.2023
өлшемі279,5 Kb.
#106972
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
app


АПП
1.Жас нәрестелік кезеңнің ұзақтығын көрсетіңіз:
А) 7 күн
Б) 10 күн
В) 24 күн
+Г) 28 күн
Д) 30 күн

2.Жүкті әйелге бірінші патронаж жүргізу мерзімін көрсетіңіз:


А) 10-12 апта
Б) 20-28 апта
В) 30-32 апта
Г) 32-34 апта
+Д) 12-14 апта

3. Жүкті әйелге екінші патронаж жүргізу мерзімі көрсетіңіз:


А) 10-12 апта
Б) 20-28 апта
+В) 30-32 апта
Г) 32-34 апта
Д) 12-14 апта

4. Жетіп туған нәресте деп мына мерзімде туғандарды айтамыз:


А) 37-38 аптада
Б) 36-37 аптада
В) 40-42 аптада
+Г) 38-40 аптада
Д) 36-38 аптада

5.Дені сау жас нәрестеге біріншілік патронажға бару мерзімін көрсетіңіз:


+А) перзентханадан шыққан соң алғашқы 3 күнде
Б) перзентханадан шыққан соң алғашқы 5 күнде
В) перзентханадан шыққан соң алғашқы 4 күнде
Г) перзентханадан шыққан соң 1 аптадан соң
Д) перзентханадан шыққан 13 күн аралығында

6.Шала туған нәрестеге біріншілік патронажға бару мерзімін көрсетіңіз:


А) перзентханадан шыққан соң алғашқы 3 күнде
Б) перзентханадан шыққан соң алғашқы 5 күнде
+В) перзентханадан шыққан бірінші күні
Г) перзентханадан шыққан соң 1 аптадан соң
Д) перзентханадан шыққан 13 күн аралығында

7. Жетіп туған жас нәрестені нәрестелік кезеңде учаскелік педиатрдың бақылау жиілігін көрсетіңіз:


А) айына 1 рет
Б) айына 2 рет
В) айына 3 рет
+Г) айына 4 рет
Д) айына 5 рет

8. Жетіп туған жас нәрестені алғашқы айда дәрігерлік бақылауды жүргізу жиілігін көрсетіңізі:


+А) аптасына 1 реттен кем емес
Б) аптасына 2 рет
В) айына 2 рет
Г) айына 1 рет
Д) айына 3 рет

9. Шала туған нәрестелерде бірінші айда дәрігерлік бақылау жүргізу жиілігін көрсетіңіз:


А) аптасына 1 реттен кем емес
+Б) аптасына 2 рет
В) айына 2 рет
Г) айына 1 рет
Д) айына 3 рет

10.Жас нәрестенің бейімделу кезеңінің ұзақтығын көрсетіңіз:


А) 7-8 күн
Б) 2-3 апта
В) 3-4 апта
Г) 28 күн
+Д) өзіне тән
11.Физиологиялық сарғаюдың пайда болу мерзімін көрсетіңіз:
А)1-тәулікте
Б) 2-тәуліктің басында
+В) 2-3 -тәуліктің соңында
Г) 5-тәуліктен соң
Д) 7-күндері

12.Ұл балалардың туғандағы орташа салмағын көрсетіңіз:


А) 3000 г
Б) 3100г
В) 3200 г
Г) 3400 г
+Д) 3500г

13. Қыз балалардың туғандағы орташа салмағын көрсетіңіз:


А) 2900 г
Б) 3000 г
В) 3100 г
+Г) 3200 г
Д) 3300 г

14. Дені сау жас нәрестелердің бас шеңбері құрайды:


А) 30-32 см
Б) 33-34 см
В) 34-35 см
Г) 32-33 см
+Д) 35-36 см

15. Дені сау жас нәрестелердің кеуде шеңбері құрайды:


Б) 31-32 см
В) 32-34 см
+Г) 34-36 см
Д) 36-38 см


16.Алғашқы салмағының қалпына келу мерзімін көрсетіңіз:
А) өмірінің 4- күні
Б) өмірінің 5- күні
В) өмірінің 6 -күні
+Г) өмірінің 7- күні
Д) өмірінің 10- күні

17.28 күндік нәрестеге қажет тәуліктік сүттің көлемін көрсетіңіз:


А) 500 мл
Б) 600 мл
+В) 800 мл
Г) 900 мл
Д) 1000 мл

18.Мезгілінен бұрын босанған әйелдің уызында болатын ерекшелікті көрсетіңіз:


+А) ақ уыз көбірек
Б) ақ уыз аз
В) май көп
Г) май аз
Д) көмірсутегі аз

19.Тамақтанудың қандай түрі баланың интелектуальді дамуына ең тиімді екендігін көрсетіңіз:


А) жасанды бейімделмеген қоспалармен
Б) жасанды бейімдетілген қоспалармен
+В) табиғи тамақтанса
Г) аралас тамақтандыру
Д) қаныққан қоспалармен тамақтандырылса
20.Жетіп туған жас нәрестенің тыныш ояу кезіндегі тыныс алу жиілігін (минутына)көрсетіңіз:
А) 25-30
Б) 30-40.
+В) 40- 50.
Г) 60-70.
Д) 70-80

21. Жетіп туған жас нәрестенің жүрек соғысының жиілігін (минутына) көрсетіңіз:


А) 90.
Б) 110
+В) 140
Г) 170
Д) 80

22. Сәбидің туа салғандағы гемоглобин деңгейін көрсетіңіз:


А) 90-110 г/л
Б) 100-140 г/л
В) 120-140 г/л
Г) 160-180 г/л
+ Д) 180-240 г/л

23.Жас нәрестенің кіндік қалдығының түсу мерзімін көрсетіңіз:


А) өмірінің 1-2 күні
Б) өмірінің 3-4 күні
+ В) өмірінің 4-5 күні
Г) өмірінің 6-7 күні
Д) өмірінің 7-10 күні

24.Жас нәресте жататын бөлменің болуға тиісті температурасын көрсетіңіз:


А)18-19 С0
Б) 20-21 С0
+В) 22-23 С0
Г) 24-25 С0
Д) 27-30 С0

25.Жас нәрестенің алақанын тенарға жақын жерден үлкен бармақпен басқан кезде аузын ашып, басын иетін рефлекс қалай аталады:


А) қорғаныс рефлексі
Б) ұстау рефлексі
В) Галант рефлексі
Г) Перес рефлексі
+Д) Бабкин рефлексі

26.Жас нәрестенің қатты дыбысқа қолын жайып, саусақтарын жазып қайтадан қалпына келтіріп алатын рефлексі қалай аталады:


А) іздеу рефлексі
Б) Галант рефлексі
В) Бабкин рефлексі
+Г) Моро рефлексі
Д) Перес рефлексі

27. Төмендегі рефлекстердің қайсысында жас нәрестені ішімен жатқызған кезде басын бір жағына қарай бұрады:


А) Перес рефлексі
Б) іздеу рефлексі
+В) іздеу рефлексі
Г) Робинсон рефлексі
Д) Галант рефлексі

28. Өмірінің алғашқы жылында балаларды диспансерлік бақылау кезінде жүргізілетін зерттеулер көлемін көрсетіңіз:


+А) қанның жалпы анализі, жалпы зәр анализі
Б) құрсақ қуысының ультрадыбысты зерттеу
В) қан тобын анықтау
Г) қоагулограмма
Д) электрокардиограмма

29.Төмендегі белгілердің қайсысы ерте жастағы дені сау балаларға тән:


+А) салыстырмалы лимфоцитоз
Б) салыстырмалы нейтрофиллез
В) физиологиялық анемия
Г) ретикулоцитоз
Д) эозинофилия

30. Өмірінің алғашқы жылында балаларды невропатологтың емханада қарау жиілігін көрсетіңіз:


А) жылына 1 рет
+Б) жылына 2 рет
В) жылына 3 рет
Г) жылына 4 рет
Д) жылына 6 рет

31. Өмірінің І тоқсанында баланың бойы қанша өседі:


А) 4,5 см
+Б) 7,5 см
В) 3 см
Г) 9 см
Д) 6 см

32. Өмірінің II тоқсанында баланың бойы қанша өседі:


А) 4,5 см
Б) 7,5 см
+В) 3 см
Г) 9 см
Д) 6 см

33. Өмірінің III тоқсанында баланың бойы қанша өседі:


+А) 4,5 см
Б) 7,5 см
В) 3 см
Г) 9 см
Д) 6 см
34. Өмірінің IV тоқсанында баланың бойы қанша өседі:
А) 4,5 см
Б) 7,5 см
+В) 3 см
Г) 9 см
Д) 6 см
35. Баланың 6 айдағы орташа салмағын көрсетіңіз:
А) 5600,0
Б) 6000,0
В) 8200,0
Г) 7200,0
+Д) 6800,0
36. Өмірінің алғашқы жылының соңында баланың салмағы неше есе артады:
А) 1,5 есе
Б) 2 есе
+В) 3 есе
Г) 4 есе
Д) 5 есе

37. Клиникалық педиатрияда «дене дамуы» термині дегеніміз:


+А) бой өсуінің динамикалық үрдісі
Б) дененің көлденеңінен өсуі
В) дене салмағының артуы
Г) дененің кейбір бөліктерінің дамуы
Д) баланың биологиялық жетілуі
38 . Бала ойыншыққа қызығады, қарайды, көзқарасын тоқтатады, күледі, уілдейді, басын жақсы ұстайды. Бұл бала қай жасқа сәйкес келеді:
А) 4 айлық
Б) 3 айлық
+В) 2 айлық
Г) 5 айлық
Д) 6 айлық

39 . Бала тынымсыз, белсенді, жатқанда аунайды, дыбыс шыққан жаққа басын бұрып қарайды, өз бетімен отырады. Баланың жасын анықтаңыз:


А) 4 айлық
Б) 5 айлық
+В) 6 айлық
Г) 7 айлық
Д) 8 айлық

40. Жүйке жүйесі эмбрионалдық дамудың ерте кезеңінде жүктіліктің мына мерзімінде қалыптасады:


А) 1-2 аптада
+Б) 2-3 аптада
В) 3-4 аптада
Г) 4-5 аптада
Д) 5-6 аптада

41. Баланың дамуы көрсетілетін медициналық құжатты атаңыз:


+А) 112/у үлгі
Б) 026/у үлгі
В) 030/у үлгі
Г) 025/у үлгі
Д) 063/у үлгі

42. Баланы жиынтықты тереңдетіп қарау мына жаста жүргізледі:


А) 2 жаста
+Б) 3 жаста
В) 4 жаста
Г) 9 жаста
Д) 10 жаста
43. Дені сау баланың бірінші клиникалық қан талдауы мына жаста жүргізіледі:
+А) 1 айда
Б) 3 айда
В) 6 айда
Г) 1 жаста
Д) 36 айда

44. Аралас тамақтану деп балаға 1 жасқа дейін ана сүтімен қатар мынандай қосымша тамақ түрін беруді айтады:


А) жеміс пюресі
Б) көкөніс пюресі
В) донор сүті
+Г) жасанды сүт қоспалары
Д) жеміс және көкөніс пюресі

45. Балалар емханасында баланың денсаулық тобы жазылатын құжатты көрсетіңіз:


А) 026\у
Б) 038\у
+В) 112\у
Г) 063\у
Д) 039\у

46. Жас нәрестені перзентханада емшекке салу мерзімін көрсетіңіз:


+А) туғаннан кейін бірден
Б) 6 сағаттан кейін
В) Бір тәуліктен кейін
Г) 2 тәуліктен кейін
Д) перзентханадан шыққан соң

47. Табиғи тамақтандыру кезінде мына жастан бастап шырын береді:


А) 2 айлық
Б) 3 айлық
В) 4 айлық
Г) 1 айлық
+Д) 6 айлық

48. Бала туғаннан кейінгі ең бірінші атқарылатын әрекетті атаңыз:


+А) баланы анасының ішіне жатқызады
Б) орау үстеліне жатқызады
В) баланы нәрестелер бөлмесіне алып кетеді
Г) кювезге жатқызады
Д) анасы мен баласы бірге болмауы керек

49. БДҰ-ның кеңесі бойынша емшекпен емізу принциптерінің санын көрсетіңіз:


А) 5
+Б) 10
В) 7
Г) 6
Д)13
50. Баланың 5 айлық кезіндегі ақуызға қажеттілігін көрсетіңіз:
А) 2,2 г/кг
Б) 2,5 г/кг
+В) 2,6 г/кг
Г) 2,9 г/кг
Д) 3,0 г/кг

51.Ананы емшекпен емізуге дайындайтын маманды атаңыз:


А) маммолог
+Б) учаскелік педиатр
В) қажеттілік жоқ
Г) перзентхана қызметкерлері
Д) әйел туған соң өзі айналысады
52. Гипогалактияның белгісін көрсетіңіз:
А) сүт бездерінің көлемі кіші
+Б) сүт шығудың азаюы
В) сүт құрамының өзгеруі
Г) сүт мөлшерінің артуы
Д) сүттің мүлдем болмауы

53. Бірінші қосымша тамақ ретінде беретін азық-түлікті көрсетіңіз:


+А) көкөніс езбесін
Б) сүзбе
В) ет өнімдерін
Г) жеміс езбесін
Д) ботқаларды

54.Лактацияның ең жоғарғы бөліну кезеңін көрсетіңіз:


А) 0-ден 12 айға дейін
+Б) 1-2 айдан 5-6 айға дейін
В) 1 айдан 3 айға дейін
Г) 1 айдан 36 айға дейін
Д) 12 айлық

55. БДҰ-ның бағдарламасы бойынша екінші қосымша тамақ енгізу мерзімін көрсетіңізі:


+А) 7 айдан бастап
Б) 1 айдан бастап
В) 6 айдан бастап
Г) 1 жастан бастап
Д) 3 айдан бастап

56. Дифтерияның алдын алу үшін төмендегі вакциналардың қайсысын қолданады:


А) тірі
Б) өлі
+В) адсорбиленген анатоксин
Г) биосинтетикалық
Д) әлсіздендірілген

57. Туберкулездің алдын алу үшін төмендегі вакциналардың біреуі қолданылады:


А) АКДС
+Б) БЦЖ
В) АДС
Г) ВГВ
Д) ККП

58.Гепатит В-ға қарсы вакцина мына вакцин тобына жатады :


А) тірі
Б) өлі
В) адсорбирленген
+ Г) биосинтетикалық
Д) әлсіздендірілген

59. Гепатит В-ға қарсы вакцинция неше реткі б/е егуден тұрады:


А) 5 рет
Б) 4 рет
+В) 3 рет
Г) 2 рет
Д) 6 рет

60. Сәби полиомиелитке қарсы бірінші егуді алады:


А) перзентханада
Б) 1 айында
+В) 2 айында
Г) 3 айында
Д) 4 айында

61. Балаларға қызылшаға, қызамыққа және эпидпаротитке қарсы (ККП) егуді жасау мерзімін көрсетіңіз:


А) 6 айында
Б) 9 айында
+В) 1 жаста
Г) 1 жас 2 айында
Д) 1,5 жаста

62. Балада перзентханада егілген БЦЖ - ден кейін тыртық пайда болу мерзімін көрсетіңіз:


А) 3 айда
Б) 6 айда
В) 6,5 айда
Г) 9,5 айда
+Д) 1 жаста

63. Туберкулинді сынама жүргізу мерзімін көрсетіңіз:


А) жыл сайын
Б) ай сайын
В) 2 жылда 1рет
Г) 6 айда 1 рет
+Д) көрсеткіш бойынша

64. БЦЖ вакцинасын егу жолын көрсетіңіз :


А) теріге
Б) тері астына
+В) тері ішіне
Г) бұлшық етке
Д) тамырға

65. Манту сынамасынан кейін БЦЖ мына мерзімде жасалады:


А) 24 сағаттан кейін
+Б) 72 сағаттан кейін
В) кез келген уақытта
Г) 1 айдан бұрын емес
Д) 1 ай ішінде

66. Иммуноглобулинді немесе қан препараттарын енгізгенннен кейін қызылша және паротитке қарсы вакцина салу мерзімін көрсетіңіз:


А) 1 айдан кейін
+Б) 3 айдан кейін
В) 2 аптадан соң
Г) 6 айдан соң
Д) 2 айдан соң

67. АКДС-тің вакцинация курсы неше реткі б/е егуден тұрадтындығын көрсетіңіз:


А) 5рет
+Б) 3рет
В) 1 рет
Г) 7 рет
Д) 2 рет

68. Мына жаста гепатитке қарсы егу толық аяқталған болып саналады.


А) 10 айда
Б) 6 айда
+В) 4 айда
Г) 1 жаста
Д) 2 айда

69. Сәби полиомиелитке қарсы екінщі егуді алуға тиісті мерзімді көрсетіңіз:


А) 2 айында
+Б) 3 айында
В) 4 айында
Г) 6 айында
Д) 1 жаста

70. Ерте жастағы балаларда Күлге қарсы егу үшін төмендегі вакциналардың бірі қолданылады:


+А) АКДС-вакцина
Б) АДС-анатоксин
В) АДС-М -анатоксин
Г) АД-М – анатоксин
Д) АД- анатоксин
71. Балаларға қай жасқа дейін Манту сынамасын жасамай БЦЖ вакцинасын егуге болады:
А) 1 айға дейін
+Б) 2 айға дейін
В) 3 айға дейін
Г) 6 айға дейін
Д) 1 жасқа дейін

72. Бала ВГВ-ға қарсы екінші егуді мына жаста алады:


+А) 2 айында
Б) 4 айында
В) 4,5 айында
Г) 5,5 айында
Д) 5 айында

73. Сәби полиомиелитке қарсы үшінші егуді алады:


А) 3 айында
Б) 5 айында
+В) 4 айында
Г) 1 жаста
Д) 1,5 жаста

74. Полиомиелитке қарсы біріншілік вакцинация егу күнтізбесі бойынша бітуге тиіс мерзімді көрсетіңізі:


+А) 4 айында
Б) 6 айында
В) 1 жаста
Г) 1,5 жаста
Д) 2 жаста

75.АКДС вакцинациясын аяқтау мерзімін көрсетіңіз:


+А) 4 айда
Б) 4,5 айда
В) 5,5 айда
Г) 6,5 айда
Д) 7 айда

76. Егу күнтізбесіндегі полиомиелитке қарсы ревакцинация жасалатын мерзімді көрсетіңізды:


А) 8 айда
Б) 9 айда
В) 10 айда
Г) 11 айда
+Д) 12-15 айда

77. Сәби 2 жаста. Егу күнтізбесі бойынша оған жасау керек егуді көрсетіңіз:


А) қызылшаға қарсы
Б) эпидпаротитке қарсы
В) вирусты гепатит А-ға қарсы
+Г) вирусты гепатит В-ға қарсы
Д) қызамыққа қарсы
78. Күнтізбе бойынша гепатит А-ға қарсы екінші егу жасалуға тиіс мерзімді көрсетіңіз:
А) 2 жас 3 айда
Б) 1 жас 8 айда
+В) 2 жас 6 айда
Г) 1 жас 7,5 айда
Д) 1 жас 8,5 айда

79. Егу күнтізбесі бойынша АКДС ревакцинациясын жасау мерзімін көрсетіңізі:


+А) 18 айда
Б) 1 жас 8 айда
В) 1 жас 6,5 айда
Г) 1 жас 7,5 айда
Д) 1 жас 8,5 айда

80. Егу жүргізгенде ескеретін қанша «қауіп тобы» бар:


А) 3
Б) 4
+В) 5
Г) 6
Д) 7

81. Төмендегі құжат үлгілерінің бірі алдын алу егу картасы деп аталады :


А) 112/у
Б) 026/у
В) 039/у
Г) 058/у
+Д) 063/у

82. Егу күнтізбелік жоспары бойынша 1 жастағы балаға мына егулер жүргізіледі:


А) АКДС2 , ОПВ2 +Hib2
Б) ВГВ3+ ОПВ4
В) RV БЦЖ + RVАДС + RV ККП
+Г) КПП + ОПВ4
Д) RV АКДС + RV Hib

83. Қолданудан кейін тірі вакцина қалдықтарын жоюға қолданатын ертіндіні көрсетіңіз:


А) 3 % хлораминмен
Б) 0,5 % хлорлы әкпен
В) 5% хлорлы әкпен
Г) 1 % хлораминмен
+Д) 0,2 % деохлормен

84. Қауіп тобындағы балаларға қызылшаға қарсы егу жасау мерзімін көрсетіңіз:


А) 6 айда
Б) 9 айда
+В) 1 жаста
Г) 1 жас 2 айда
Д) 1,5 жаста

85. Полиомиелит вакцинасынан кейін болуы мүмкін реакцияларды көрсетіңіз:


А) жоғары температура
+Б) сұйық нәжіс
В) аллергиялық бөртпе
Г) анафилактикалық шок
Д) коматозды жағдай

86.Төмендегі бұзылыстардың бірі мешелдің патогенезі негізіне тән:


А) калий-натрий алмасуы
Б) олигосахаридтер алмасуы
+В) фосфор-кальций алмасуы
Г) пурин алмасуы
Д) билирубиндік алмасу

87.Мешелдің ерте клиникалық көрінісі болып табылады:


А) тәбеттің төмендеуі
+Б) тершеңдік
В) субфебрилитет
Г) кеуде қуысының деформациясы
Д) гипотрофия

88.Мешелдің постнатальді арнайы алдын алуды жүргізуге таңдалған дәрі болып табылады:


А) видехол
+Б) аквадетрим
В) 0,5% Д 3 спиртті ертінді
Г) 0,125 % Д2 майлы ертінді
Д) вигантол

89.Д3 витаминінің күнделікті алдын алу үшінгі мөлшерін көрсетіңіз:


+А) 500 МЕ
Б) 800 МЕ
В) 1250 МЕ
Г) 1500 МЕ
Д) 5000 МЕ

90. Мешел бар балаларды диспансерлік бақылау мерзімін көрсетіңіз:


А) 6 ай
Б) 1 жыл
+В) 3 жыл
Г) 4 жыл
Д) 5 жыл

91. Мешелдің жедел кезеңінде диспансерлік бақылау жиілігін көрсетіңіз:


+ А) 10-14 күнде бір рет
Б) Айына 1 рет
В) 3 айда бір рет
Г) жарты жылда 1 рет
Д) жылына 1 рет

92.Мешелдің реконвалесценция кезеңінде диспансерлік бақылау жиілігін көрсетіңіз:


А) 10-14 күнде бір
+Б) айына 1 рет
В) тоқсанына 1 рет
Г) жарты жылда 1 рет
Б) жылына 1 рет

93.Темір тапшылықты анемияның патогенетикалық себебі төмендегі аталғандардың біреуі:


А) жиі ЖРВИ мен ауру
+Б) ағзадағы темірдің жетіспеушілігі
В) ағзаға дәрумендердің жеткіліксіз түсуі
Г) ақуыз жетіспеушілігі
Д) созылмалы жұқпа ошақтарының болуы

94. Жетіп туған балалардың тамақтану рационында темірдің қажеттілігін көрсетіңіз:


А) 0,5 мг/кг
Б) 0,7 мг/кг
В) 1 мг/кг
+Г) 1,5 мг/кг
Д) 2 мг/кг

95. Шала туған балалардың тамақтану рационында темірдің қажеттілігін көрсетіңіз:


А) 0,5 мг/кг
Б) 0,7 мг/кг
В) 1 мг/кг
Г) 1,5 мг/кг
+Д) 2 мг/кг

96. Темір тапшылықты анемияның барысындағы темір жетіспеушілігін түзетудің ең тиімді әдісін атаңыз:


А) толық құрамды диета
+Б) темір препараттары
В) ферментотерапия
Г) С дәрумені
Д) дәрілер

97. Темір тапшылықты анемияның жедел кезеңіндегі баланы диспансерлік бақылау жиілігін көрсетіңіз:


+А) 10-14 күнде бір
Б) айына 1 рет
В) 3 айда бір рет
Г) жарты жылда 1 рет
Д) жылына 1 рет

98. Темір тапшылықты анемиясы бар балаларды ремиссия кезеңінде диспансерлік бақылау жиілігін көрсетіңіз:


А) 10-14 күнде бір
+ Б) айына 1 рет
В) 3 айда бір рет
Г) жарты жылда 1 рет
Д) жылына 1 рет

99. Гемограмма көрсеткіштері қалыпты темір тапшылықты анемиясы бар балаларды «Д» есебтен шығару уақытын көрсетіңіз:


А) 1 ай өткенде
Б) 3 ай өткенде
+В) 6-12 ай өткенде
Г) 3 жыл өткенде
Д) жасөспірім бөлмесіне өткізгенге дейін есептен шығармайды

100. Гипотрофия барысында иммунологиялық реактивтіліктің төмендеуінің негізгі себебінде мына зат алмасу түрінің бұзылысы жатады:


+А) ақуыздардың
Б) майлардың
В) көміртектердің
Г) минералдардың
Д) дәрумендердің


101. I-дәрежелі гипотрофияда баланың дене салмағының жетіспеушілігін көрсетіңіз:
А) 1–5 %
Б) 5–10 %
+В) 11–20%
Г)21–30%
Д) 30%-дан артық


102. II-дәрежелі постнатальді гипотрофия барысындағы салмақ жетіспеушілігін атаңыз:
А) 5–10 %
Б) 11–20%
+В) 21–30%
Г) 31-40%
Д) 40%-дан артық

103. I-дәрежелі гипотрофия барысында тамаққа толеранттылықты анықтау мерзімінің ұзақтығы:


А) 1-2 күн
+Б) 3-7 күн
В) 10 күн
Г) 14 күнге дейін
Д) 1 айға дейін

104. Гипотрофиясы бар балаларды клиникалық белгілер жойылғаннан кейін диспансерлік бақылау мерзімін көрсетіңіз:


А) 6 ай
+Б) 1 жыл
В) 2 жыл
Г) 3 жыл
Д) жасөспірім бөлмесіне өткізгенге дейін

105. Гипотрофиясы бар 6 айға дейіңгі балалардың учаскелік дәрігерге қаралу жиілігін көрсетіңіз:


А) күнделікті
Б) апта сайын
+В) 2 аптада бір рет
Б) айына 1 рет
Д) 3 айда 1 рет

106. Гипотрофиясы бар 6-12 айдағы балаларды учаскелік дәрігерге қаралу жиілігін көрсетіңіз:


А) апта сайын
Б) 2 аптада бір рет
+В) айына 1 рет
Г) 3 айда 1 рет
Д) 6 айда 1 рет

107. Экссудативті-катаральді диатездің ерте клиникалық белгісін көрсетіңіз:


+А) гнейс
Б) тері және шырышты қабаттардың бозаруы
В) дене салмағының артықтығы
Г) ацетонемиялық құсу
Д) лимфоидті тіннің гиперплазиясы

108. Экссудативті-катаральді диатезі бар баланы диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А) 1 жыл
+Б) 2 жыл
В) 3 жыл
Г) 5 жыл
Д) жасөспірім бөлмесіне өткізгенге дейін

109. Лимфатико-гипопластикалық диатезге келесі белгілер тән:


+А) әлсіздік, аз қимылдау, дене салмағының артықтығы
Б) теріде құрғақ, қышитын бөртпелердің пайда болуы
В) жоғары нервті қозу
Г) үлкен еңбек шеттерінің кішігірім «жұмсақтығы»
Д) сулы экзема

110. Лимфатико-гипопластикалық диатезі бар балалардың емдәм ерекшеліктерін көрсетіңіз:


А) пуриндерге бай азық-түліктерді шектеу
Б) ет өнімдерін шектеу
+В) оңай сіңірілетін көмірсутегін шектеу
Г) майларды шектеу
Д) арнайы емдәм қарастырылмаған

111. Лимфатико-гипопластикалық диатезі бар баланы диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А) 1 жыл
Б) 2 жыл
+В) 3 жыл
Г) 5 жыл
Д) жасөспірім бөлмесіне өткізгенге дейін

112. Жүйке-артриттік диатезі бар балалардың генеалогиялық анамнезінде келесі ауру кең таралған:


+А) подагра
Б) ревматоидті артрит
В) жүйке жүйесінің функционалды бұзылысы
Г) қант диабеті
Д) созылмалы бронхит

113.Жүйке-артриттік диатезі бар балалар тағамынан келесі азық-түлік түрін алып тастаулары керек:


А) орамжапырақ
+Б) қымыздық
В) картоп
Г) сәбіз
Д) қызылша

114.Жүйке-артриттік диатез барысындағы зерттеу әдістерін көрсетіңіз:


А) Жалпы қан анализі
+Б) ЖҚА, қан мен зәрд зәр қышқылын анықтау
В) бүйректік сынамалардың биохимиялық талдау
Г) бауыр сынамаларының биохимиялық талдауы
Д) сілті фосфатазасын анықтау
115. Жүйке-артриттік диатезі бар баланы диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:
А) 1 жыл
Б) 2 жыл
В) 3 жыл
Г) 5 жыл
+Д) жасөспірім бөлмесіне өткізгенге дейін

116. Пневмония диагнозын қоюдың «Алтын стандарт»-на кіреді:


А) жөтел
Б) жоғары температура
В) интоксикация
Г) ЭКГдегі өзгеріс
+Д) рентгенограммадағы ошақты, сегментарлы өзгерістер

117. Үй жағдайында пневмонияның жиі этиологиялық факторы болып саналады:


А) стафилококктар
+Б) пневмококктар
В) ішек таяқшасы
Г) қарапайымдылар
Д) стрептококктар

118.Жедел пневмониямен ауырған балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А) 3 ай
Б) 6 ай
В) 9 ай
+Г) 1 жыл
Д) 3 жыл

119. 3 айға дейінгі жастағы жедел пневмониямен ауырған балаларды емханада «Д» бақылау жиілігін көрсетіңіз:


+А) алғашқы 6 айда айына 2 рет, содан кейін 1 жасқа дейін айына 1 рет
Б) алғашқы 3айда айына 2 рет, содан кейін 1 жасқа дейін айына 1 рет
В) алғашқы 6 айда айына 2 рет, содан кейін 1 жасқа дейін 2 айда 1 рет
Г) алғашқы 3айда айына 2 рет, содан кейін 1 жасқа дейін 3 айда 1 рет
Д) 1 жасқа дейін ай сайын қарау қажет

120. 3 айдан 1 жасқа дейінгі жастағы жедел пневмониямен ауырған балаларды емханада «Д» бақылау жиілігін көрсетіңіз:


+А) айына 1 рет
Б) алғашқы 6 айда айына 2 рет, содан соң айына 1 рет
В) алғашқы 6 айда айына1 рет, содан соң 2 айда 1 рет
Г) алғашқы 6 айда айына1 рет, содан соң 3 айда 1 рет
Д) 2 айда 1 рет

121. 1 жастан 3 жасқа дейінгі жастағы жедел пневмониямен ауырған балаларды емханада «Д» бақылау жиілігі:


А) Айына 1 рет
+Б) Алғашқы 6 айда айына 2 рет, содан соң айына 1 рет
В Алғашқы 6 айда айына 2 рет,содан соң айына 1 рет
Г) Алғашқы 6 айда айына 1 рет, содан кейін 2 айда 1 рет
Д) 2 айда 1 рет

122. 3 жастан жоғары жастағы жедел пневмониямен ауырған балаларды емханада «Д» бақылау жиілігін көрсетіңіз:


А) айына 1 рет
+Б) тоқсанына 1 рет
В) тоқсанына 2 рет
Г) 2 айда 1 рет
Д) алғашқы 6 айда айына 1 рет, содан кейін 2 айда 1 рет

123. Төмендегі аталғандардың бірі жедел пневмонияда қалпына келтіру емінің тиімді екендігінің ең нақты көрсеткіші болып табылады:


А) жалпы жағдай көрсеткіштерінің жақсаруы
+Б) пневмонияның қалдық көрністерінің жойылуы
В) қан көрсеткіштерінің қалпына келуі
Г) жөтелдің азаюы
Д) тыныс жетіспеушілік көріністерінің азаюы

124.Созылмалы бронх-өкпе патологиясы бар бала стационардан шыққан соң бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А) 1 жыл
Б) 3 жыл
В) 5 жыл
+Г) ересектер емханасына өткізгенге дейін
Д) сауыққанға дейін

125. Пневмосклероз және бронхоэктазы бар балалардың емханада алатын реабилитациялық ем курсының жиілігін көрсетіңіз:


А) жылына 1 рет
Б) жылына 2 рет
В) жылына 3рет
+Г) жылына 4 рет
Д) ай сайын
126. Қайталамалы обструктивті бронхитте маман дәрігерлердің қарау жиілігін көрсетіңіз:
А) ЛОР, стоматолог – жылына 1 рет;
Б) Окулист, стоматолог – жылына 2 рет;
+В) ЛОР, стоматолог – жылына 2 рет;
Г) ЛОР, окулист, стоматолог – тоқсан сайын;
Д) ЛОР, стоматолог – тоқсан сайын.
127. Мектеп жасына дейінгі созылмалы бронхиты бар баланы педиатрдың қарау жиілігін көрсетіңіз:
А) ай сайын;
+Б) тоқсан сайын;
В) жылына 2 рет;
Г) жылына 1 рет;
Д) айына 2 рет.

128. Созылмалы бронхөкпе патологиясы бар балаларды толық емес ремиссия кезінде диспансерлік бақылау жиілігін көрсетіңіз:


А) ай сайын;
+Б) тоқсан сайын;
В) жылына 2 рет;
Г) жылына 1 рет;
Д) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін.

129. «Мезгілдік аллергиялық ринит» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған баланы аллерголог дәрігердің қарау жиілігін көрсетіңізі:


А) ай сайын;
Б) тоқсан сайын;
+В) жылына 2 рет;
Г) жылына 1 рет;
Д) айына 2 рет.

130. 4 жасар жедел пневмониямен ауырған баланы маман дәрігерлер (ЛОР, стоматолог) қарау жиілігін көрсетіңіз:


А) ай сайын;
Б) тоқсан сайын;
+В) жылына 2 рет;
Г) жылына 1 рет;
Д) апта сайын.

131. «Мезгілдік аллергиялық ринит» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған баланы бақылауға алу ұзақтығын көрсетіңіз:


А) 3 жылға дейін;
Б) 1 жылға дейін;
В) 5 жылға дейін;
Г) 6 айға дейін;
+Д) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін.

132. Жедел пневмонияны емдеудің негізгі тәсіліне жатады:


А) дезинтоксикалық ем;
Б) антигистаминдік ем;
В) дәрумендік ем;
+Г) антибактериалдық ем;
Д) симптоматикалық ем.

133. Төмендегі қоздырғыштардың бірі жедел стенозданушы ларинготрахеиттің этиологиялық факторы болып табылады:


А) бактериялық инфекция;
+Б) вирустар;
В) қарапайымдылар;
Г) риккетсиялар;
Д) даму ақаулықтары

134. Жедел стенозданушы ларинготрахеит кезіндегі I дәрежелі круптың клиникалық көрінісін атаңыз:


+А) даустың қарлығуы, қайтпайтын, құрғақ, жабысқақ жөтел, жүктеме кезіндегі тыныс
жетіспеушілігі;
Б) қашықтықтан естілетін стридор, инспираторлық ентігу, афония, мазасыздық;
В) адинамия, салғырттық, ТЖ 2 дәр., тыныштық кездегі периоральдық немесе акроцианоз;
Г) ұйқышылдық, аритмиялық немесе парадоксальді тыныс, брадикардия;
Д) кенеттен ентігу, жөтел, тұншығу, қан түкіру.

135. Төмендегі белгілердің бірі жедел бронхит кезінде өкпеде аускультативті тыңдалады:


+А) қатаң тыныс, тыныс алған кезде және тыныс шығарудың басында құрғақ, кейін ылғалды орташа көпіршікті сырылдар;
Б) қатаң тыныс, құрғақ және ызыңдаған сырылдармен өкпенің барлық бөлігінде;
В) өкпеде үнсіз майда көпіршікті және сықырлаған сырылдар тыныс алған кезде
және тыныс шығарудың ең басында естіледі;
Г) өлсіреген тыныс, тұрақты ылғалды майда көпіршікті сырылдар;
Д) әлсіреген тыныс, локальды майда көпіршікті сырылдар, сықырлау.

136. Төмендегі қоздырғыштардың бірі пневмонияның ең жиі этиологиялық факторы болып табылады:


А) вирусті инфекция;
Б) өкпенің туа пайда болған ақаулықтары;
+В) бактериальді инфекция;
Г) қарапайымдылар;
Д) құрттық инвазия.

137. Төмендегі қоздырғыштардың бірі 5 жасар балалардағы пневмонияның ең жиі қоздырғышы болып табылады:


А) листериялар;
Б) пневмококк;
+В) пикорновирустер;
Г) цитомегаловирустер;
Д) микоплазма.

138. Төмендегі аталғандардың бірі атипті пневмония қоздырғышы:


А) пневмококк
+Б) хламидия
В) стафилококк
Г) гемофильтік таяқша
Д) стрептококк

139. Дөрекі, үріген тәрізді жөтел төмендегі аурулардың қайсысына тән:


А) көкжөтелде
Б) бронхитте
В) пневмонияда
+Г) көмей стенозында
Д) тыныс жолындағы бөгде зат

140. Атипті пневмония кезінде мына антибиотик тиімді әсер етеді:


А) пенициллиндер
Б) цефалоспориндер
+В) макролидтер
Г) аминогликозидтер
Д) тертациклиндер

141.Төмендегі аталғандардың бірі ревматикалық аурулардың біріншілік алдын алуы болып табылады:


А) өршудің алдын алу
Б) аурудың қайталауының алдын алу
В) ЖРВИ –ның алдын алу
Г) созылмалы жұқпа ошақтарын санациялау
+Д) стрептококкты жұқпаның емі және алдын алу

142.Төмендегі аталғандардың бірі ревматикалық аурулардың екіншілік алдын алуы – бұл:


А) Интеркурентті ауруларды емдеу
Б) Қауіп топтарын бөлу
+В) Қайталау мен өршудің алдын алу
Г) Емдеу кезеңділігін сақтау
Д) Тиімді диспансерлік бақылау жүргізу.

143.Төмендегі аталғандардың бірі туа пайда болған жүрек ақауларының антенатальді алдын алуда маңыздырақ:


+А) жүктіліктің ерте кезеңінде әйелдің денсаулығын қорғау
Б) кәсіби зияндылықтарды жою
В) медико-генетикалық кеңес
Г) ұтымды тамақтану
Д) қозғалыс жүктемесі тәртібін сақтау

144.Ревматизммен ауырған баланы соңына дейін емдеу және реабилитациялау жүргізілетін орын::


А) стационарда
+Б) жергілікті кардиоревматологиялық санаторияда
В) балалар емханасының күндізгі сационарында
Г) кардиоревматологтың диспансерлік бақылауы
Д) үйде

145.Ревматизммен ауырған балада интеркурентті ауру дамыған кезде жүргізіледі:


А) біріншілік алдын алу
+Б) ағымды алдын алу
В) мезгілдік алдын алу
Г) жыл бойына алдын алу
Д) екіншілік алдын алу

146.Ревматикалық ақауы бар балаға жүргізіледі:


А) біріншілік алдын алу
Б) ағымды алдын алу
В) мезгілдік алдын алу
+Г) Жыл бойына бициллин-5пен алдын алу
Д) ЖРВИ-ның алдын алу

147.Ревматикалық емес кардит көбінесе мына жағдайда дамиды:


+А)вирусты жұқпа кезінде
Б) бактериальды жұқпа кезінде
В) дәрілік препараттар әсерінен
Г) вакцина, сарысу әсерінен
Д) тағамдық аллергендер әсерінен

148.Ревматикалық емес кардитті екіншілік алдын алудың мақсатын көрсетіңіз:


+А) аурудың қайталауының алдын алу
Б) патологиялық үрдістің асқынуын болдырмау
В) ауруға дер кезінде диагноз қою
Г) диспансерлік бақылау
Д) превентивті ем
149.Жүрек қан тамыр жүйесі патологиясы бар балаларға диспансерлік бақылау жүргізетін бөлімшені атаңыз:
А) қалалық кардиологиялық орталық
Б) арнайы кардиоревматологиялық бөлімде
В) арнайы санаторияда
+Г) балалар емханасы кардиоревматолог бөлмесі
Д) денсаулықты нығайту орталығы (ДНО)

150.Кезеңді ем жүргізу үшін ревматизнің белсенді фазасында кардиоревматологиялық көмек құрылымының маңызды звеносын атаңыз:


А) кардиоревматологиялық стационар
Б) балалар емханасы кардиоревматолог бөлмесі
+В)жергілікті кардиоревматологиялық санатория
Г) балалар емханасы күндізгі стационары
Д) үйдегі стационар

151.Ревматизммен ауырған балаларды диспансерлік бақылаудың 1-жылында бақылау жиілігін көрсетіңіз:


+А) ай сайын
Б) тоқсан сайын
В)жылына 2 рет
Г) жылына 1 рет
Д) 2 жылда 1 рет

152.Ревматизммен ауырған балаларды диспансерлік бақылаудың 2-жылында бақылау жиілігін көрсетіңіз:


А) ай сайын
+Б) тоқсан сайын
В)жылына 2 рет
Г) жылына 1 рет
Д) 2 жылда 1 рет

153.Ревматизммен ауырған балаларды диспансерлік бақылаудың 3-жылында бақылау жиілігін көрсетіңіз:


А) ай сайын
Б) тоқсан сайын
+В)жылына 2 рет
Г) жылына 1 рет
Д) 2 жылда 1 рет

154.Ревматизммен жүрек ақауынсыз ауырған балаларды диспансерлік бақылаудан шығару мерзімін көрсетіңіз:


А) атакадан кейін 1 жылдан соң
Б) атакадан кейін 2 жылдан соң
В) атакадан кейін 3 жылдан соң
+Г) атакадан кейін 5жылдан соң
Д) есептен шығарылмайды

155.Ревматикалық жүрек ақауы бар балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А) атакадан кейін 1 жылдан соң
Б) атакадан кейін 3 жылдан соң
В) атакадан кейін 4 жылдан соң
Г) атакадан кейін 5 жылдан соң
+Д) есептен шығарылмайды, жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

156.Ювенилді-ревматоидты артриттің буынды түрімен ауыратын баланы диспансерлік бақылаудан шығару критериилерін атаңыз:


А) белсенді өмір салты
+Б) буын қызметінің берік қалпына келуі
В) өршудің болмауы
Г) физикалық жүктемег бейімделуі
Д) белсенді қабыну көрністерінің болмауы

157.Дәнекер тіннің диффузды аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А) аурудан кейін кейін 1 жыл бойына
Б) аурудан кейін 3 жыл
В) аурудан кейін 4 жылдан соң
Г) аурудан кейін 5 жылдан соң
+Д) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін есептен шығарылмайды

158. Ювенилді-ревматоидты артриттің буынды-вицеральді түрінде диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А) 2 жыл
Б) 3жыл
В) 4 жыл
Г) 5 жыл
+Д) есептен шығарылмайды

159. Дәнекер тіннің диффузды аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау принципін атаңыз:


А) ұтымды тамақтану
Б) жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау
В) қимыл белсенділігі(таңғы гимнастика, жаттығу)
+Г) ДТДА-ы даму қаупі бар топты бөлу
Д) салқын тиіп аурудың алдын алу

160. Дәнекер тіннің диффузды ауруларының біріншілік алдын алудың міндетін көрсетіңіз:


А) балаларды жалпы сауықтыру
Б) алдын алу қарауларын жүргізу
В) санитарлық ағарту
+Г) ауру дамын тежеу
Д) егулерден медқарсылық

161. Дәнекер тіннің диффузды ауруларымен ауыратын балаларды диспансерлік бақылау жиілігін көрсетіңіз:


А) тоқсан сайын
Б) ай сайын
+В)аурудың ауырлық дәрежесіне, үрдістің белсенділігіне қарай жеке
Г) жарты жылда 1 рет
Д) жылына 1 рет

162. Дәнекер тіннің диффузды ауруларымен ауыратын балаларға егу жасаудағы дәрігерлік тактиканы көрсетіңіз:


+А) абсолютті қарсы көрсеткіш
Б) салыстырмалы қарсы көрсеткіш
В) егулерге ұзақ мерзімді қарсы көрсеткіш
Г) аурудың ауырлық дәрежесіне қарай жеке
Д) эпид.көрсеткіш бойынша шешіледі

163.Асқазан және 12 елі ішек ойық жарасы бар балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А. өршуден кейін 2 жылдан кем емес
Б. өршуден кейін 3 жылдан кем емес
В. өршуден кейін 4жылдан кем емес
Г. өршуден кейін 5 жылдан кем емес
+Д. жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

164.Созылмалы гастродуадениті бар балаларды «Д» бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А. өршуден кейін 1жыл
Б. өршуден кейін 2 жыл
+В. Өршуден кейін 3жыл
Г. өршуден кейін 4 жыл
Д. жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

165.Созылмалы гастродуадениті бар балаларды «Д» бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


+А. өршуден кейін 1жыл
Б. өршуден кейін 2 жыл
В. өршуден кейін 3жыл
Г. өршуден кейін 4 жыл
Д. жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

166.Созылмалы панкреатиті бар балаларды өршуден кейін «Д» бақылау жиілігін көрсетіңіз:


А. айына 1 рет
+Б. тоқсанына 1 рет
В. жарты жылда 1 рет
Г. жылына 1 рет
Д. 2 жылда 1 рет

167.Панкреатитпен ауыратын балаларды «Д» бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А. 1 жыл
Б. 2 жыл
В. 3 жыл
Г. 5 жыл
+Д. жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

168.Созылмалы бейспецификалық жаралы колиті бар балаларды «Д» бақылау мерзімін көрсетіңіз


+А. есептен шығарылмайды
Б. өршуден кейін 1 жылдан кем емес
В. өршуден кейін 3 жылдан кем емес
Г. өршуден кейін 4жылдан кем емес
Д. өршуден кейін 5 жылдан кем емес

169.Созылмалы белсенді гепатитпен науқас балаларды «Д» бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А. 1 жыл
Б. 2 жыл
В. 3 жыл
Г. 5 жыл
+Д. жасөспірімдер бөлмесіне өткенге дейін

170.Созылмалы холециститпен және холецистохолангитпен науқас балаларды «Д» бақылау мерзімін көрсетіңіз:


А. асқынудан кейін 1 жыл
+Б. асқынудан кейін 3 жыл
В. асқынудан кейін 4 жыл
Г. асқынудан кейін 5 жыл
Д. жасөспірімдер бөлмесіне өткенге дейін есептен шығарылмайды

171.Жедел гломерулонефритпен ауыратын балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А) 2 жыл
Б) 3 жыл
В) 4 жыл
+Г) 5 жыл
Д) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

172.Созылмылы гломерулонефритпен ауыратын балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А) 2 жыл
Б) 3 жыл
В) 4 жыл
Г) 5 жыл
+Д) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

173.Жедел пиелонефритпен ауыратын балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А) 2 жыл
+Б) 3 жыл
В) 4 жыл
Г) 5 жыл
Д) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

174.Созылмалы пиелонефритпен ауыратын балаларды толық клиникалық-зертханалық ремиссия кезінде диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А) 2 жыл
Б) 3 жыл
В) 4 жыл
+Г) 5 жыл
Д) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

175.Екіншілік созылмалы пиелонефриті бар балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А) 2 жыл
Б) 3 жыл
В) 4 жыл
Г) 5 жыл
+Д) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

176.Туа пайда болған нефропатиясы бар балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:


А) 2 жыл
Б) 3 жыл
В) 4 жыл
Г) 5 жыл
+Д) жасөспірімдер бөлмесіне өткізгенге дейін

177.Пиелонефритке тән негізгі белгіні атаңыз:


А) ісіктер
Б) бас аурулары
В) гипертония
+Г) іш және бел аурулары
Д) тұрақсыз үлкен дәрет

178. Пиелонефритке тән анализдегі өзгерісті атаңыз:


А) гематурия
Б) гипопротеинемия, диспротеинемия
+В) бактериурия
Г) С-реактивті ақуыз
Д) гиперхолестеринемия

179. Балаларда жиі қолданылатын зәр шығару жүйесін зерттеуге арналған әдісті атаңыз:


+А) Ультра дыбысты зерттеу
Б) уадиоизотопты ренография
В) рентген-урологигиялық зерттеу
Г) цистография
Д) уретрография

180. Гломерулонефритпен ауыратын балалардың анамнезінде төмендегі жұқпалардың бірімен бұрын ауырғандығы жиі кездеседі:


+А) стрептококкты инфекция
Б) стафилококкты инфекция
В) пневмококкты инфекция
Г) хламидия инфекциясы
Д) микоплазма инфекциясы

181. Жедел цистит белгісін көрсетіңіз:


А) қыжылдау
Б) гипокалиемия белгісі
В) бел аурулары
+Г) кіші дәрет кезінде ауру сезімдері
Д) эритроциттердің көбеюі

182. Нефротоксикалық әсері ең аз антибиотикті атаңыз:


+А) ампициллин
Б) левомицетин
В) гентамицин
Г) ристомицин
Д) рифампицин

183. Ең нефротоксикалық антибиотикті көрсетіңіз:


А) ампициллин
+Б) цефазолин
В) гентамицин
Г) оксациллин
Д) макропен

184. Бала 1-жүктіліктен, жүктіліктің екінші жартысы токсикозбен және анемиямен өткен. Ай күні жетіп туған, туғандағы салмағы 3300г, бойы 51 см, асфиксия болған, кіндігі мойнына екі оралғандығы байқалған. Баланың жағдайы Апгар шкаласы бойынша 6-7 балл, 5 минуттан кейін 7-8 балл болды. Қанағаттанарлық жағдайда учаскелік дәрігердің бақылауына үйге шығарылды.


Денсаулық тобын анықтаңыз:
А) І топ
+Б) ІІ топ
В) ІІІ топ
Г) ІV топ
Д) V топ

185. Пиелонефритпен ауырғандарды диспансерлік бақылаудың бірінші жылы жалпы зәр анализін тапсыру жиілігін көрсетіңіз:


+А) бірінші 3 айда айына 2-3 рет, келесі 3 айда айына 1 рет, 2-ші жартыжылдықта – 3 айда 1 рет
Б) алғашқы 3 айда айына 2 рет, келесі 4-12 айда 3 айда1 рет
В) алғашқы 3 айда айына 2 рет, келесі 4-12 айда 1 айда 1 рет
Г) алғашқы 6 айда айына 1 рет, келесі 6 айда 2 айда 1 рет
Д) бір жыл ішінде айына1 рет

186. Жедел гломерулонефритпен ауырған баланың сауыққандығы туралы мына кезде айтуға болады:


А) 1 жыл тұрақты клиникалық және зертханалық ремиссиядан кейін
Б) 2 жыл тұрақты клиникалық және зертханалық ремиссиядан кейін
В) 3 жыл тұрақты клиникалық және зертханалық ремиссиядан кейін
Г) 4 жыл тұрақты клиникалық және зертханалық ремиссиядан кейін
+Д) 5 жыл тұрақты клиникалық және зертханалық ремиссиядан кейін

187. Төмендегі зат алмасу бұзылысының бірі жүйке-артритикалық диатездің негізіне тән:


А) билирубин алмасуы
Б) көмірсутегі алмасуы
В) минерал алмасуы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет