1. Жасуша теориясының ашылу тарихы


Прокариоттар мен эукариоттар



бет4/13
Дата19.12.2022
өлшемі41,29 Kb.
#58261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
сома

8.Прокариоттар мен эукариоттар
Жасушалық құрылымы бар ағзалар прокариоттар мен эукариоттарға жіктеледі.Прокариоттар дегеніміз-жасушасында ядросы қалыптаспаған ағзалар.Олардың жасушаларының көлемі 0,5-3мкм.Плазмалық мембранасының сыртында көмірсулар мен амин қышқылдарынан тұратын жасуша қабығы бар.Прокариоттардың жасушалары қарапайым құрылысты талшықтар арқылы қозғалады.Генетикалық материалдары да қарапайым құрылысты.Олардың гистонды ақуызы жоқ,тек цитоплазмада бос жататын сақиналы бір тізбекті ДНҚ молекуласынан тұрады.Прокариотты жасушалардың көбейуі жай екіге бөліну арқылы жүреді.Прокариоттарға жалпы көк-жасыл балдырлар мен бактериялар жатады.Эукариоттар туралы айтсақ,эукариоттар-ядросы қалыптасқан ағзалар.Олардың прокариоттардан көптеген айырмашылықтары бар.Мысалы:генетикалық материалы ядрода орналасқан күрделі құрылысты,ДНҚ тізбегі және ақуыз молекуласынан тұратын хромосомалы және олар митоздық жолмен бөлінеді.Эукариотты жасушалы ағзаларға біз қарапайымдыларды,саңырауқұлақтар,өсімдіктер,жануарлар мен адамдарды жатқыза аламыз.Бұл жасушаларының өзіне тән негізгі құрылымдық бөліктері болады,олар:жасуша мембранасы,цитоплазма және ядро.
9. Жасуша мембранасы.
Жасуша мембранасы-жасушаның сыртын қаптап тұратын қабық.Оның қалыңдығы 6-10нм.С.Сингер мен Г.Никольсонның “сұйық-мозаикалық” моделі бойынша жасуша мембранасы липидтер молекуласының екі қабатынан және белоктардан тұрады.Липидтер 40%-ға жуық,белоктар 60%-ға жуық,көмірсулар 10%-ға жуық болады.Жасуша мембранасының атқаратын қызметтеріне тоқталсақ,олар:қорғаныш,тасымалдаушы және рецепторлы қызметтер атқарады.Осындай қызметтер атқаратын жасуша қабықшасы 3қабаттан тұрады:гликокаликс,плазмалық мембрана немесе плазмолемма және субмембрана немесе гиалоплазма.Гликокаликс-көп жасушалы жануарлар мен қарапайымдардың плазмолеммасының үстінде орналасады және оның қалыңдығы 3-4нм болады.Оның құрылысы тор пішіндес болады.Плазмалық мембрана жасуша мембранасында ерекше орын алатын қабат,қалыңдығы 7,5нм.Плазмолемма шектеуші,тосқауылдық,тасымалдау,рецепторлық және таңдамалы өткізгіштік қызметтерін атқарады.Өсімдіктер мен прокариоттар жасушаларындағы плазмолемманың сыртын тығыз қабықша қоршайды және ондай қабықшалар қорғаныс және тірек қызметін атқарады.Жалпы жасушаның пайда болуына плазмолемма ықпал жасайды.Жасуша қабықшасы екі компоненттен тұрады:матрикс және фибрилді жүйе.Матрикстің құрамына гемицеллюлоза, полисахаридтер мен пектин кіреді.Ал,фибрилді жүйе целлюлозадан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет