1. Жасушаішілік құрылымдардың гистофизиологиясы, олардың мүшелердегі ерекшеліктері. Органеллалар, жіктелуі, құрылысы, қызметтері


Жүйкелік аяқтамалар. Жіктелуі. Құрылысының принциптері. Жасушалардың рецепторлық және эффекторлық аяқтамалары



бет18/19
Дата03.01.2023
өлшемі70,11 Kb.
#60301
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
гисто

17. Жүйкелік аяқтамалар. Жіктелуі. Құрылысының принциптері. Жасушалардың рецепторлық және эффекторлық аяқтамалары.
Жүйке талшыктары аяккы аппараттармен — жуйке ұштарымен аяқталады. Жүйке ұштарының үш типін ажыратады: 

  • нейрон аралык синапстарды түзетін және нейрондардын өзара байланыстарын камтамасыз ететін аяккы аппараттар

  • жұмыскер мүшелердің тіндеріне жүйкелік импульсті жеткізетін эффекторлык аяктамалар

  • рецепторлык аяқтамалар.

Эффекторлық жүйке ұштарының (аяктамаларының) екі түрі болады: 
кимылдатқыш және секреторлық.
Қимылдатқыш жүйке уштары — денелік немесе автономды жүйке жүйесінің кимылдатқыш жасушаларының аксондарының аяққы аппараттары. Олардын катысуымен жүйкелік импульс жұмыскер мүшелердін тіндеріне беріледі. Колденен-жолакты бұлшык еттердегі кимылдаткыш жүйкелік аяқтамалар жүйке-бұлшык еттік байланыс,деп аталады. Жүйке-бүлшык еттік байланыс жүйке талшығының осьтік цилиндрінін аяккы тармағынан және бүлшык ет талшығының маманданған аймағынан тұрады . Миелинді жүйке талшығы, бүлшык ет талшығына тақалып, миелин кабатынан айрылады және маманданған жүйке-бүлшык еттік аяктаманы қалыптастырады.
Нейролеммоциттері жайпактанады, олардың базальды мембранасы бұлшық ет талшығының базальды мембранасына жалғасады. Аксонның терминальды бұтактарының плазмолеммасы және бүлшык ет талшығынын сарколеммасы ені 50 нм шамасында болатын синапстык санылаумен бөлінген. Синапстык саңылау гликопротеинге бай аморфты затпен толтырылған. Бүлшык ет талшығынын сарколеммасы көптеген катпарлар кұрайды, олар жүйке-бұлшык ет байланысынын екінші реттік синапстык санылауын түзейді. 
Бүл аймакта бүлшык ет талшығында әдеттегідей көлденен-жолактылык болмайды, митохондриялардын молдығымен сипатталады, дөңгелек немесе сәл сопакша ядролар жинакталады. Митохондриялар және ядролар бірігіп, синапстың постсинапстық бөлігін кұрайды.
Жүйке-бұлшык ет байланысындағы жүйке талшығынын терминальды бұтактары көптеген митохондрияларымен және осы аяктамаға тән медиаторлар – ацетилхолиндер бар.
Жазык бүлшык ет тінінде орналаскан кимылдаткыш жүйке ұштары жазык миоциттердін арасында өтетін жүйке талшығынын мониіақ тэрізді жуандамалары түрінде аныкталады. Жуандамалардың кұрамында адренергиялык немесе холинергиялык пресинапстык көпіршіктер болады. Аталған жуандамалар аймағында нейролеммоциттер көбінесе болмайды.

Секреторлық жуйке ұштарының кұрылысы ұксас болады. Олар терминальдардын аяккы жуандамалары түрінде болып немесе жүйке талшығының бойында орналаскан, күрамында пресинапстык, негізінен холинергиялык, көпіршіктері бар жуандамалар болып табылады.


Рецепторлық жүйке ұштары 


Бұл жүйке аяктамалары — рецепторлар — бүкіл оріанизмге таралған және әр түрлі тітіркенулерді сырткы ортадан да, ішкі мүшелерден де кабылдайды. Осыған сәйкес рецепторлардың екі үлкен тобын кұрайды: экстерорецепторлар және интерорецепторлар. 

  • Экстерорецепторларға есту, көру, иіс сезу, дәм сезу және түйсіну рецепторлары жатады. 

  • Интерорецепторларға (ішкі) висцерорецепторлар (ішкі мүшелердің жағдайы туралы мәлімдеушілер) және 

  • Вестибулопроприорецепторлар (тірек-кимыл аппаратының рецепторлары) жатады. Рецептордың осы түрінің қабылдайтын тітіркенуінің ерекшелігіне байланысты барлык сезімтал аяктамаларды механореңепторларға,барорецепторларға, хемореңепторларға, термореңепторларға және т.б. жіктейді.

Құрылысына байланысты сезімтал аяктамаларды, глиалды кабығы жок дендриттердін жіңішке тармактарынан кұралған бос (еркін) жүйке ұштарына және кұрамында жүйке талшығының барлык компоненттері, атап айтсак, осьтік цилиндр және глия жасушалары болатын, бос емес (еркін емес) жүйке ұштарына бөледі. Бос емес жүйке ұштары, сонымен коса, дәнекер гіннен кұралған капсуламен капталуы мүмкін, онда оларды капсуламен қапталған деп атайды. Дәнекер тіндік капсуласы жок бос емес жүйке үштарын капсуламен капталмаған деп атайды.Бос жүйке үштары әдетте суыкты, жылуды жэне ауырсынуды кабылдайды. Мұндай аяктамалар эпителийге тән болып келеді. Бұл жағдайда миелинді жүйке талшыктары эпителийлік кабатка келіп, миелинінен айырылады, ал осьтік пилиндрлер эпителийге енеді де, жасушалардын араларында жіңішке терминалды бүтактарға тармакталады.Дәнекер тіннің ішіндегі рецепторлар өте әр түрлі болады. Олардың басым көпшілігі осьтік цилиндрдің күрделілігі әр түрлі бұтактануы болып табылады. Мүндай аяккы аппараттың күрамына, әдетте, талшыктардың барлык тармактануларын костап жүретін (бұл бос емес капсуламен капталмаған рецепторлар), нейролеммоциттер кіреді.
Дәнекертіннін капсуламен капталған рецепторлары, олардың әр түрлілігіне карамастан, барлык жерде осьтік цилиндрдін тармактарынан және глиалдык жасушалардан тұрады. Сыртынан мұндай рецепторлар дәнекертіннен кұралған капсуламен капталады. 

  • Сезімтал капсуламен капталған аяктамаларға түйсіну денешіктерін — Мейснер денешіктерін жаткызады. Олар пішіні овоидты кұрылымдар. Олартерінің дәнекер тіндік бүртікшелерінің ұшында орналасады. Түйсіну денешіктері өзгеріске ұшыраған нейролеммоциттерден — денешіктін ұзына бойына перпендикулярлы орныккан тактильді жасушалардан тұрады. Тактильді жасушалардын ядросы орналаскан бөліктері шетте орналасқан, ал жайпактанған, орталыкка караған бөліктері табакшалы өсінділерді кұрайды, олар карама-карсы жактың өсінділерімен интердигитацияларды калыптастырады Денешік жүка капсуламен капталған. Миелинді жүйке талшығы денешіктің негізіне астыңғы жактан кіреді, миелинді кабатынан айрылып, тактильді жасушалардың араларында иренделген бұтақтардың түзейді.

  • Адамда табакшалы денешіктер Фатер—Пачини денешіктері кең тараған. Мұндай денешіктің ортасында өзгерген леммоциттерден кұралған ішкі буылтык, немесе колба орналасады . Табакшалы денешіктің қасында миелинді сезімтал талшык миелинді кабатынан айрылады, ішкі буылтыкка кіріп, сол жерде тармакталады. Сыртынан денешік фибробласттардан және спиральды бағытталған талшыктардан түратын катпарлы капсуламен қоршалған. 

Жүйке-бұлшык ет ұршыктары каңкалык бұлшык еттерде сенсорлык мүшелер болып табылады, олар созылу рецепторлары түрінде кызмет аткарады. Ұршық, созылатын дәнекер тінінен кұралған капсуланың ішінде орналасқан, бірнеше көлденең-жолакты бүлшык ет талшыктарынан — интрафузальды талшыктардан тұрады. Бұлшык еттің капсуладан тыскары жаткан қалған талшыктары экстрафузальды деп аталады. Капсуланың кұрылысы катпарлы болып келеді. Онда сырткы және ішкі қабаттарды ажыратады. Капсуланың және интрафузальды талшыктардың араларында сұйыктықпен толтыралған кеңістік болады.Интрафузалды бұлшык ет талшығының рецепторлық бөлігі жиырылмайтын, орталық бөлігі болып табылады. Интрафузалды талшықтардың екі түрін ажыратады: ядролық қалталары бар талшықтар және ядролық тізбектері бар талшықтар. Адамда ұршыкта ядролық калталары бар талшықтардың саны 1-ден 3-ке дейін болады. Орталық кеңейген аймакта көптеген ядролар болады. Ядролык тізбектері бар талшыктардың саны ұршыкта 3-тен 7-ге дейін жетеді. Олар ядролык калталы талшыктарға карағанда, екі есе жіңішке және екі есе кыска болып, ядролары бүкіл аймақта тізіле орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет