1. Жазудың пайда болуы мен даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз


Дыбыстық жазу түрлері мен олардың топтастырылуын «Эйлер шеңбері» әдісі арқылы саралап,жинақта



бет6/29
Дата14.05.2023
өлшемі0,96 Mb.
#93095
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Латын жауаптарымен А

10.Дыбыстық жазу түрлері мен олардың топтастырылуын «Эйлер шеңбері» әдісі арқылы саралап,жинақта.
Не?
Дыбыстық жазу (әріп жазуы)-тіл дыбыстарын,фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Сондықтан кейде оны “әріп жазуы” деп те атайды.Әріп жазуы буын жазуынан кейін пайда болды. Таза күйінде консонантты дыбыстық жазу б.з.б. ІІ-мыңжылдықтың ІІ-жартысында пайда болса, вокалданған дыбыстық жазу б.з. І-мыңжылдығының басында пайда болған.Әріп жазуы пайда болуының дүниежүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды.
Қалай?
Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы — ең қолайлы жазу.Әр түрлі тілдерде буын саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз.Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін,әдетте,20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады.Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді.Әріп жазуы — сөздерді ғана емес,сонымен бірге олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу.
Неге?
Әріп жазуы бір елден екінші елге ауысуға икемді болды.Кейбір халықтар басқалардан әріп жазуын қабылдай отырып,оның әліпбилік құрамын өз тілдерінің дыбыстық жүйесіне икемдеп алған. Мысалы,финикий әліпбиінің негізінде грек жазуының қалыптасуы кезінде,ал грек әліпбиінің негізінде славян жазуының қалыптасуы кезінде осылай болды.Әріп жазуының таралуы б.з.б. 1-мыңжылдықтың алғашқы ғасырларынан басталады. Әріп жазуы негізгі екі түрлі бағытта таралды. Шығыста финикий жазуының негізінде пайда болған арамей жазуынан Азия халықтарының әріп жазу жүйелері жасалса,батыста финикий жазуының негізінде пайда болған грек жазуынан Еуропа халықтарының жазу жүйелері жасалып таралды.
Нәтиже?
Қорыта айтқанда,дыбыстық яғни әріп жазуының маңызы өте зор.Қазіргі таңда барлық елдер бір ауыздан әріп жазуын қолданады.Өйткені графикамызға да өте тиімді жазу түрі болып табылады.Әріп жазуы бізді сауатсыздықтан құтқарады.Әріп жазуы арқылы жаһандық әлемге қадам басамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет