1. Жазудың пайда болуы мен даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз


Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен негізгі ерекшеліктерін «INSERT» әдісі арқылы саралаңыз



бет14/29
Дата14.05.2023
өлшемі0,96 Mb.
#93095
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
25.Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен негізгі ерекшеліктерін «INSERT» әдісі арқылы саралаңыз.
Бұрыннан білеміз-V
Латын графикасы қазіргі жазуымыздан мейлінше жетілдірілген,әрі ыңғайлы.Қазақ тілі үшін тән емес басы артық дыбыстардан,таңбалардан арыламыз.Біздің қоғамға тән осы әліпби құрамындағы әріптер өзімізге таныс ағылшын,неміс,түрік,әзербайжан т.б. тілдерінің әліпбилерінде де кездесетіндіктен қабылдауға ыңғайлы,меңгеріп шығуға да еш психологиялық кедергі тудыра қоймайды.
Біз үшін жаңалық +
Әріп саны-31,әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған.Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған.Қазіргі ә,ө,ү,ұ,ғ,ш, қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген.
Келіспейміз –
«Латын әліпбиіне көшсек,сауатсыз болып қаламыз.Қазіргі жазумен басылып шыққан әдебиеттерді оқи алмай қаламыз,оларды жаңа әліпбиге көшіруге уақыт пен көп қаржы керек.Қытай,жапон,корей,еврей,грузия,армян,грек жұрттары өз әліпбилерінде ,олар латынға көшпейді,бірақ жұрттан артта қалып жатқан жоқ,сондықтан бізге қазіргі әліпбиде қала берсек».
Сұрақ пайда болды-?
Ең соңғы жасалған емле нұсқасы ережеге сай келіп тұрса,латын графикасына көшуімізге не кедергі?
26.Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі туралы лингвист ғалымдардың тұжырымын саралап,өз көзқарасыңызды ПОПС формуласы бойынша дәлелдеңіз.
1.Менің ойымша,латын графикасына негізделген қазақ жазуы тіл білімінде өзекті мәселелерге ие болып отыр.Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру кезінде тіліміздің табиғатын сақтап қалуға және кейінгі ұрпақ өз тілін құрметтеуіне негіз болатындай етіп болашақ үшін маңызды қадам жасау қажет.
2.Себебі,мен оны былай түсіндіремін:қазақ елі бүгін бе,ертең бе міндетті түрде латын графикасына көшері сөзсіз.Латын графикасы қазіргі жазуымыздан мейлінше,жетілдірілген,ыңғайлы жазу болмақ.Қазақ тілі үшін тән емес басы артық дыбыстардан,таңбалардан арыламыз.
3.Оны мен былай дәлелдей аламын:Біздің кирилл әліпбиінің үштен бірі ұлттық дыбыстық қорымызға сәйкес келмейді.Оның себебі-саяси әрекеттің әсерінен,42 әріп болуы керек деген сынның салдарынан болды.Ереженің жартысына жуығы бөтен тіілдегі сөздерді таңбалаудың ережесінеайналып кетті.Біздің ережеміз,жазуымыз ұлттық жазуымыз өзінің ұлттық сипатынан айырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет