Кең мағынада кодтау дегеніміз хабарламаларды сигналдарға түрлендіру.
Тар мағынада кодтау дегеніміз дискретті хабарламаларды нақты символдар тіркесі түріндегі сигналдармен бейнелеу. Кодтауды жүзеге асыратын құрылғы кодер деп аталады.
Сигналдарды беру кезінде сигналдар бөгеуілдердің ықпалына ұшырайды. Бөгеуіл дегеніміз кез-келген кедергі жасатын сыртқы әсерлер немесе ауытқулар, сонымен қатар аппаратураның өзіндегі сигналдардың бұрмалануы (аппаратурадағы кедергілер).
Қайта кодтайтын құрылғы(декодер) алынған сигналды алушыға түсінікті болатындай етіп түрлендіреді.
Сигналдарды беру жабдықтарының жиынтығы байланыс каналы деп аталады.
Ақпараттық жүйелерде ақпаратты беру үрдісі
16. МОДУЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ДЕМОДУЛЯЦИЯ ПРОЦЕДУРАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН МАЗМҰНЫ ТУРАЛЫ ЖАЗЫҢЫЗ. Беруші құрылғы үзіліссіз хабарламаларды немесе таңбаларды байланыс линиясы бойынша ыңғайлы өтуі үшін сигналдарға түрлендіреді. Символдардың сигналға түрлену үдерісі модуляция, ал кері түрлендіру үдерісі демодуляция деп аталады. Оларды жүзеге асырушы құрылғылар: модулятор және демодулятор. Модулятор мен демодулятор модем деп аталады.
Ақпараттық сигналдар шектеулі диапазон шегінде кейбір шамалар мәндерінің сансыз мөлшерін көрсете алады.
Цифрлі (дискретті) сигналдар мәндердің біреуіне немесе түпкілікті жиынтығына ие бола алады.
Аналогты сигналдар бұрмалануға икемді, есесіне деректерді кодерлеу мен декодерлеу цифрлі сигналдар үшін қарапайым жүзеге асады.
ЭЕМ келіп түсетін цифрлі деректер модулятор – демодулятор көмегімен аналогты формаға түрленеді.
17. МОДУЛЯЦИЯ ТҮРЛЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ СИПАТТАМАЛАРЫН КЕЛТІРІҢІЗ. Цифрлі деректерді аналогты формаға түрлендірудің үш тәсілі немесе
модуляцияның үш әдісі мүмкін:
Амплитудты модуляция – жүйелі берілетін ақпарат биттеріне сәйкес негізгі синусоидалды тербелістің амплитудасы ғана өзгереді: мысалы, бірлік бергенде тербеліс амплитудасы үлкен болады, ал ноль бергенде – кіші немесе негізгі сигнал типті болмайды;