2.Жүйеге анықтама беріңіз және мысал келтіріңіз. Жүйенің классификациясын сипаттаңыз. Жүйенің жүйелік белгілерін атаңыз. Жүйе – бұл бір-бірімен байланыста және қатынаста бола отырып, бүтіндей бірлікті құрайтын элементтердің жиынтығы.Кез келген жүйені ішкі жүйелерге, ал ішкі жүйені жүйенің ең кіші деңгейі -элементтерге бөлуге болады.
Ішкі жүйе – бұл нақты белгілерге байланысты берілген тәуелсіз жүйе бөлігі.
Жүйе элементі – бұл қандай да бір нақты функцияны орындайтын және әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объект.
Жүйе ішіндегі элементтер бір-бірімен өзара байланыста, ал сыртқы ортада - басқа жүйелермен тікелей және кері байланыста болады.
Мысалы, егер нарықты жүйе деп қарастырсақ, онда оның элементтері: тауар өндірушілер, сатып алушылар, маркетологтар, жарнамалар, сұраныс, тауар және т.б Кез келген жүйені ішкі жүйелерге, ал ішкі жүйені жүйенің ең кіші деңгейі -элементтерге бөлуге болады.
Жүйе құрылымы деп оның элементтерінің сыртқы ортамен өзара әсерін анықтайтын ішкі кеңістік байланыстарының салыстырмалы түрдегі орнықты тәртібін айтады.
Жүйе элементтерінің сыртқы ортамен байланысы берілген элементтердің енулері мен шығулары арқылы бейнеленеді. Ақпараттық жүйе енулер мен шығулардан тұратын динамикалық жүйе.
Жүйенің барлық элементтерінің өзара әрекеттесуі ақпарат ағымының қозғалысы арқылы жүзеге асады.
Нақты мақсаттарға байланысты жүйелер әр түрлі белгілерге сәйкес жіктелінеді:
Барлық жүйелер элементтерінің байланысу белгілеріне қарай айқындалған және ықтимал болып бөлінеді. Айқындалған жүйеде барлық элементтер нақты анықталған түрде болады. Ақпараттық жүйе айқындалған жүйеге жатады.
Қоршаған ортамен алмасу дәрежесі бойынша жүйелер ашық және жабық болады. Ашық жүйе мен жабық жүйенің арасындағы айырмашылық - алмасу үрдісі.
Күрделілік дәрежесіне байланысты жүйелер үшке бөлінеді: қарапайым, күрделі және өте күрделі. Қарапайым жүйенің мысалы: қызметкерлердің, жұмысшылардың жұмысқа келуін бақылау жүйесі және т.б. Күрделі жүйенің мысалы: фирманың, кәсіпорынның ақпараттық жүйесі және т.б. Өте күрделі жүйенің мысалы: мемлекеттік ақпараттық жүйе, халықаралық ақпараттық жүйе
Жүйенің жүйелік белгілері:
Сыртқы тұтастық қағидасы- қоршаған ортадағы жүйенің салыстырмалы бейімделуі;
Ішкі тұтастық қағидасы- жүйенің қасиеті оның элементтерінің қасиеттерінен және олардың өзара байланыстарынан тәуелді (элементтердің өзара байланысының бұзылуынан жүйе өз функциясын орындай алмайды);
Иерархиялық қағидасы- жүйеге ішкі жүйелер бөліп беруге болады, екінші жағынан жүйенің өзі күрделі жүйенің элементі болуы да мүмкін.