1. Жүйелер теориясының негізгі элементтерін нақтылап көрсетіңіз. Жүйенің қасиеттерін атаңыз және әр қасиетіне сипаттама беріңіз


СИГНАЛҒА АНЫҚТАМА БЕРІҢІЗ. СИГНАЛ ТҮРЛЕРІН АШЫП ЖАЗЫҢЫЗ. СИГНАЛДЫҢ КӨЛЕМІН АНЫҚТАҢЫЗ



бет22/28
Дата30.09.2023
өлшемі2,1 Mb.
#112038
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
Қосымша мәліметтер

21.СИГНАЛҒА АНЫҚТАМА БЕРІҢІЗ. СИГНАЛ ТҮРЛЕРІН АШЫП ЖАЗЫҢЫЗ. СИГНАЛДЫҢ КӨЛЕМІН АНЫҚТАҢЫЗ. 
Сигнал (лат. signum — белгі) — берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Электр сигналы дегеніміз — параметрлері берілетін хабар заңдылығымен өзгеретін электртогы немесе электркернеуі. Телекоммуникация саласында сигнал электр сигналы түрінде қолданылады.
Бірінші ретті сигнал — берілетін хабарды алып жүретін электр сигналының алғашқы (көбіне төменгі жиіліктегі) түрі. Мүмкіндігіне қарай (жақын жерлерге) сигналдың алғашқы (бірінші) түрі өзгертілмей, сол күйінде байланыс жолдарымен таратылады, мысалы, қаланың телефон байланысында.
Арналық сигнал. Электр сигналын қашық жерлерге таратқанда ол байланыс жолы бойында әр түрлі себептермен өшіп, әлсірейтіндіктен және хабар таратуды арзандату, бір байланыс жолымен бірнеше хабар беріп тығыздау үшін бірінші ретті (алғашқы) сигналды түрлендіріп өзгертуге тура келеді. Өзгерту хабар тасымалдайтын байланыс жолдарына карай жасалынады. Осындай байланыс жолдарымен берілетін өзгертіліп, түрлендірілген сигналды арналық сигнал дейді.
Детерминал сигнал (лат. determinarе — анықтау) — уақыт бойынша өзгерісі алдын ала белгілі болатын сигнал. Детерминал сигнал уақыт бойынша белгілі зандылықпен өзгереді. Олар үздіксіз, дискретті, периодты, периодсыз болып бөлінеді. Детерминал сигналдың қарапайым түрлері: гармоникалық сигнал немесе импульстер тізбегі.
Курделі сигнал — әр түрлі заң бойынша таратылатын сигналдардың жиынтыгынан тұратын сигнал. Кез келген күрделі сигнал гармоникалық сигналдардың (әр түрлі жиіліктердегі) жиынтығынан түрады. Мысалы, төртбүрышты, үшбүрышты, экспоненциалды, т.б. сигналдар.
Дискретті сигнал — бөлек-бөлек үзілісті сигналдардан тұратын сигнал. Үзіліссіз (аналогты) сигналдарды кодалау, яғни сандық сигналдарга айналдыру үшін оларды үзіп, дискреттейді. Дискретті сигналдар периодты, периодсыз болып және түрлеріне қарай тіктөртбүрышты, үшбұрышты, қоңырау тәрізді, экспоненсиалды болып бөлінеді.
Тасушы сигнал — байланыс жолдарын тығыздап, бір байланыс жолымен бірнеше хабар сигналдарын беру және сигналдардың таратылу жағдайын жақсарту үшін оларды бір спектр ауқымынан басқа спектр ауқымына ауыстыру үшін пайдаланатын сигнал. Тасушы сигнал параметрлерінің біреуі хабар сигналының заңдылыгына сәйкес өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет