Қанның вена арқылы жылжуы.
Қантамырларының тұйық шеңберінде қан үздіксіз айналып ағып тұруы үшін алдымен жүректің жиырылу қуатыжұмсалады. Мүның 10-15%-і артерия тамырларының кедергісінен өтуге, ал 80-85%-і артериолалар мен капиллярлардың кедергісін жеңуге кетеді. Сонда қанды веналар арқылы жүрекке қайта жеткізу үшін жүрек қуатының 5%-і ғана қалады. Қан вена арқылы қозғалуы үшін капиллярлардан венулаларға, онан соң веналарға үнемі құйылып түруы қажет. Бұл жүректің соғуына байланысты (кардиалық фактор). Қанның венаға өтетін кейінгі бөлшегі алғашқы бөлшегін әрі қарай жылжытады. Жүрек соғуын қойса, венадағы қанның жылжуы баяулап біраздан соң тоқтайды. Сондықтан қанның вена арқылы жылжуының ең бірінші себебі - жүректің соғуы. Кардиалық фактормен қатар қанның вена арқылы жүрекке қарай жылжуына көмекші бірнеше экстракардиалық (жүректен басқа) қосымша себептер бар:
1. Кеуде қуысының қанды өзіне қарай соруы. Демді ішке тартқан сотте кеуде қуысы кеңейеді. Қысым төмендей түседі. Мұның салдарынан қуысты веналармен бірге жүрекшелер де кеңейеді, сөйтіп вена жүйесінің бас жағы (Р() мен аяқ жағындағы (Р2) қысымның айырмасы (Р,-Р2) арта түседі. Сондықтан қан жоғары қысымнан төмен қысымға қарай үздіксіз жылжып отырады.
2.Демді ішке тартқанда диафрагма (көк ет) қүрсаққа қарай ығысады, оның күмбезі төмен түседі. Осыған орай құрсақ қуысында қысым күшейіп, венадағы қанды құрсақтан кеуде қуысына қарай ығыстырады. Бұл да анның жүрекке қарай ағуын тездетеді.
3.Қаңқа еттері жиырылған кезде қанға толған жұқа веналарды сығымдап қанды жүрекке қарай итермелейді.
Қанның белгілі бағытта ағуына веналар ішіндегі қақпақшалардың ашылып жабылуы көмектеседі. Қақпақшалар қанды жүрекке қарай өткізеді де, оның кері жылжуына кедергі жасайды. Барлық экстракардиялық себептердің әсерін тоқтатқан күннің өзінде жүрек соғып тұрса, венадағы қанның ағуы бірден тоқтамайды. Демек, қанның венаарқылы үздіксіз ағуының негізгі себебі жүректің ырғақты жиырылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |