Интерорецепторлар қатарына - ішкі ағзалардың жағдайын ишараттайтын висцерорецепторлар мен тірек-қимыл жүйесінің кіреберістік және пропиорецепторлық (проприо - меншікті) қабылдағыштары жатады.
Бұлшық, еттерде, тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы адамның қимылдау (кинестетикалық) түйсіктері мен тепе теңдік (статикалық) түйсіктері сезіледі. Дененің ішінде (қарында, ішекте, өкпеде) орналасқан сезім м\шелерін интерорецептор деп атайды. Бұл рецепторлар арқылы ішкі мүшелерімізде ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу сынды басқа да қандай процестер болып жатқаны жайында хабар алып отырамыз. Адамның ішкі мүшелерінде туатын осындай түйсіктерді органикалық түйсіктер деп те атайды
Проприорецепторлар-механорецепторлардың жеке түрі. Сенсорлық органдардың осы элементтеріне сәйкес келетін сезім-проприоцепция.
Проприоцепторларға бос жүйке ұштарынан басқа, бұлшықет шыбықтары, сіңірлерде шоғырланған Гольджи жиынтығы және фассияларда, сіңірлерде, байламдарда орналасқан пачини денелері жатады.