Жұлын 31 сегментке бөлінген. Әрбір сегмент алдыңғы және артқы жұлын түбiрлерi арқылы дененің оған сәйкес және көршілес сегментімен байланысады. Сондықтан жұлынның бір түбірі бұзылca, не кесiлсе оған сәйкес дене сегментінде сезiм және қозғалыс функциялары толығынан жойылмайды. Оның қызметiн көршілес сегменттік нейрондары орындайды. Белла-Мажанди заңы бойынша жұлынның артқы түбірлері афференттік жүйкелерден, алдыңғы түбірлері эфференттік талшықтардан тұрады.
Адамның жұлынында 13,5 млн-дай нейрон дар болады. Олардың 97% сезгіш және аралық,ал 3% козғалтқыш нейрондар.
➢ Қозғалтқыш нейрондардың альфа (а) және гамма (у) екi түрi сұр заттын алдыңғы мүйізінде орналасады.
а - мотонейрон ең үлкен клетка. Бул нейронныңаксоны адамның бет еттерінен басқа барлық қаңкаеттерімен байланысқан. Тұтас бір бұлшықеттінбарлык миоциттерімен байланысатын нейрондартобын нейрондық пул деп атайды. Бұлар тұтас қозбауы мүмкiн. Осыған орай жиырылатын етталшыктарынын саны оған байланысты еттi жиыруәртүрлі болмак. у - мотонейрон а-мотонейроннынтонусын тежейді (реттейді).
➢ Аралық нейрондар басқа нейрондармен коздыратынне тежейтін синапстар кұрады. Демек, олар қозумен тежелу процестерiнiн тууын реттейді және белгiлi бiр сегменттің ішіндегі көршілес сегменттерарасындағы байланыстарды іске асырады. Бұл нейрондар сұр заттын денесінде, артқы мүйiздiңшылбыр (funiculus) бөлімін де орналасады. Шылбыр клеткалардын аксондары жұлынның жоғаары қарай өрлейтін жолын құрады. Аралыкнейрондар катарына мотонейроннынайналасындағы оны тежеуші реншоу клеткаларыжатады. Аралық клеткалар арқылы ми бағанынынторлы кұры лымдары жұлында пайда болатын козу, тежелу процестерін рет тейдi
➢ Сезгiш нейрондар жұлын ганглийлеріндетопталған. Бұл клетканың бiр талшығы болады. Олганглийден шыға берісте екіге бөлінеді. Онын бiрiрецепторларда туған қозуды сезгiш нейронның денесiне жеткiзедi, ал екiншi талшығы сезгіш нейронның серпіністерін жұлын нейрондары мен ми қыртысы нейрондарына апарады.Вегетативтiк жүйке жүйесiнiң ганглийге дейінгі симпатикалыкнейрондары жұлынның кеуде, бел сегменттерініңбуйір мүйізінде, ал парасимпатикалык нейрондарысегізкөз бөлімінде орналасады.
Мұнан бөлек нейрондар әсер етуіне, бөлімдеріне, белгілеріне қарай жіктеледі.
ЖЖ бөлімдеріне қарай Вегетативті және соматикалықболып бөлінсе, берген әсеріне қарай қозушы жіне тежеуші, ақпарат таралуы бағытына қарай афференттік, эфференттік және аралық, ассоциативтік.
Осының ішінде афференттік, эфференттік нейрондар соматикалық жж-не жатады оларды мотонейрондар депте атайды. Эфференттік нейрондар эффекторды жүйкелендіреді. Ал афференттік нейрондар мүшелерден келген серпілістерді миға немесе жұлын сегменттеріне өткізеді. Аралық нейрондарға келсек олар осы жұлынның мотонейрондармен байланысады. Яғни, ми қыртысын жұлынмен байланыстырады. Аралық нейрондар әсері бойынша жоғарыда айтқандай қозушы және тежеуші екеуіде болады. Ал жұлынның өзіндік апаратын құраушы нейрондар ол ассоциативті нейрондар. Себебі олар сегменттер ішіндегі мен аралығындағы байланыстарды тұрақтандырушы. ЖЖ-нің вегетативтік бөлімі мәні бойынша аралық болып табылады.Оның өзі симпатикалық және парасимпатикалық нейрондар болып бөлінеді. Симпатикалық нейрондарға мойын, көкірек және бел бөлімдерінде орналасқан. Соған қарай бірнеше орталықтар айта кетсек қарашық рефлексі, жүрек, бүйрек жұмысы және сілекей бөлу орталықтар осында орналасқан. Ал парасимпатикалық нейрондар сегізкөз бөлімінде орналасқан. Яғни, осындағы жамбас бөлігінің мүшелерін қамтиды. Қалған қаңқа бұлшықеттер мойыннан бастап аяқ ұшына дейінгі орталықтар жұлынның барлық бөлімінде бар.
Достарыңызбен бөлісу: |