1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


рН-тың тұрақтылығын сақтаудағы бүйректің ролі



бет106/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

рН-тың тұрақтылығын сақтаудағы бүйректің ролі.

 

Бүйректе мұнымен қатар кейбір қанда жоқ заттар түзіледі. Мәселен, қанда бар гликол мен бензой қышқылынан түтікшелер эпителиінде гиппур қышқылы түзіледі, ал аммоний тұздары аммиактан синтезделеді. Бүйрек сілті-қышқыл тепе-теңдігін(гомеостазасын) бір қалыпта сақтайды. Сілті-қышқыл гомеостазасы негізінен организмде жүретін өте күрделі секреторлық және синтездеу процестеріне байланысты. 



Несептің белсенді реакциясы (РН ортасы) адамда әр уақыт өзгеріп тұрады. Ол адамның ішкен тамағының құрамына, қасиетіне мөлшеріне, қызметіне, қимылына, ортаның температурасына т. б. жағдайларға байланысты. Кейде несептің реакциясы (рН) 4,5-ге дейін төмендеуі немесе 0,8-ге дейін жоғарылауы мүмкін (басқаша айтқанда, несептің рН реакциясы қышқыл немесе сілтілі болады. Бірақ қанның рН реакциясы әр уақыт салыстырмалы тұрақты 7,36—7,40(сәл сілтілі) деңгейде болады. Өйткені бүйрек артық сілті және қышқыл заттарды несеппен бірге сыртқа шығарып тұрады.Бүйрек қанның (рН) реакциясын тұрақты сақтауға да қатысады. Бұл жағдай бүйрек түтікшелерінің клеткасында жүретін ацидогенез және аммонигенез процестеріне өте тығыз байланыс

Ацидогенез — күрделі иондардың алмасу реакциясы арқылы карбоангидраза, фосфатаза және басқа ферменттердің қатысуымен, бүйрек түтікшелерінде бос су ионы, қышқылды және сілтілі фосфор қышқылының тұздары пайда болып әрі шығарылатын процесс,

Аммониегенез — глутамин, глутаминаза ферменттер жүйесінің

қатысуымен түтікшелер клеткасында амиактан (NH3) және аммоний тұзынан синтезделіп шығарылатын процесс, Бұл өте күрделі процесс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет