1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Бүйрекүсті безінің милы затының гормондары, олардың зат алмасуда және организм функциясын реттеудегі ролі



бет96/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

56.Бүйрекүсті безінің милы затының гормондары, олардың зат алмасуда және организм функциясын реттеудегі ролі.

Бүйрекүсті безінің милы қабаты. Бүйрекүсті безінің милы қабатында негізгі 2 гормон — адреналин (А) мен норадреналин (НА) түзіледі. А негізінен бүйрекүсті бездерінде ғана, ал НA басқа даағзаларда пайда болады және адренсинергиялық синапстардағы қозуды өткізетін медиатор ретінде де бөлінеді. А, НА және дофамин – биогендік катехоламиндерге жатады. Олар тирозиннің туындысы болып есептеледі (сондықтан да бұл гормондар тирозиназа ферментінің әсерінен ыдырайды).Катехоламиндер организмдегі барлық тканьдер мен клеткаларға әсер етіп, оларда күрделі биохимиялық процестерді тудырады ми және көптеген физиологиялық процестердің ерекшеліктерін айқындайды.Катехоламиндердің әсер ету механизмі түрлі күрделі биохимиялық процестермен байланысты. Ол процестеркатехоламиндердің мембраналык рецепторлармен яғни адренорецепторлармен арнайы байланысы кезінде пайда болып, адрелинциклазаның белсенділігімен клеткадағы түрлі биохимиялық процестердің жылдамдығына байланысты өтеді. Организмде адренорецепторлар өте көп. Түрліткань клеткаларындағы орнына, арнайы рецепторлардың нысана клеткалардың мембранасында орналасу тығыздығына, олардыңтүрлі химиялық заттарға таңдамалы сезімталдығына (әсіресе катехоламиндердің өздеріне сезімталдығына) және жауап реакциларына байланысты С және В адренорецепторлар бар.

Катехоламиндер (А, НА) химиялық ұқсастығына қарамастан физиологиялық әртүрлі әсер етуі, олардың таңдамалылығына түрлі цитоплазмалық мембраналардың адренорецепторларымен (А, B)қарым-қатынасына, ағзалардың құрылысына байланысты келеді.Ферменттік ыдырауына байланысты катехоламиндердің адренорецепторларға әсері өте қысқа мерзімде өтеді және ол пайда болған өзгерістерді қалпына келтіруге жүйке рефлекстік және гуморальдық механизмдер қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет