1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары


Бүйрекүсті бездерінің милы қабатының гормондарының физиологиялық әсері,олардың зат алмасуда және организм функциясын реттеудегі ролі



бет97/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   169
Бүйрекүсті бездерінің милы қабатының гормондарының физиологиялық әсері,олардың зат алмасуда және организм функциясын реттеудегі ролі.

 

Катехоламиндердің организмге әсері өте көп жәнежан-жақты, 



1. Адреналин жүрек-қан тамырлар жүйесіне өте күшті әсер етеді:

а) жүректің жұмысын күшейтіп соғу ырғағын тездетеді, қозғыштығын ұлғайтып, өткізгіш жүйесі бойынша серпініс өтуін жақсартады;

ә) қан тамырларын тарылтады. Дененің әр жеріндегі тамырларының адреналинге сезімталдығы әртүрлі. 

Мысалы: ішкі ағзаларды (бауыр, ішек, қарын) қанмен қамтамасыз ететін артериола тамырларының қабырғасын босаңсытады, ал оған байланысты қаңқа бұлшықеттеріне келетін қанның мөлшерін көбейтеді. Жүректің қантамырларының көлденең қимасы адреналиннің әсерінен кеңейедіде, жүрек еттерін қанмен қамтамасыздандыру жақсарады;

б) жүрек қызметі мен қан тамырларының кернеуін өзгерту арқылы адреналин қанның қысымына әсер етеді. Оның мұндай әсері көбіне қысқа мерзімде байқалады. Қан қысымының артуы гормонның әсері басталғандағы жағдайға, адреналинді ыдырататын ферменттің белсенділігіне, мөлшеріне байланысты.

2. Ішектің бірыңғай салалы еттеріне әсер етеді. Оның тонусын төмендетіп қозғалысын тежейді.3. Бронхының бірыңғай салалы еттерін босаңсытады.4. Көздің қарашығын үлкейтеді.5. Екіқабат әйелдің жатырының бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын пайда етеді.6. Тері түктерінің қапшықтарының етін жиырады, сондықтанадамның эмоция кезінде төбе «шашы тік тұрады,7. Көмірсулардың алмасуына әсер етеді8. Бауыр еттеріндегі гликогенолизді күшейтіп, гипергликемиямен глюкозурияны тудырады;9. Майдың алмасуына әсер етеді. Ол липолизді күшейтіп липогенезді басады, майдың тотығуын күшейтеді. Мұның бәрі күшті тітіркендіргіштің әсері кезінде организмнің энергиялық мүмкіндіктерін толық пайдалануға бағытталған.Кенноның пікірінше адреналин «авариялық гормон», «эмоциялық гормон» болып есептеледі.Әсіресе қауырт жағдайларда (экстремальдык) Katexova MHN-дер: а) бұлшықеттердің жұмысын күшейтеді; ә) рецепторлардың сезімталдығын, (асіресе көру, есту), вестибулярлық аппараттардың жүйесін күшейтеді.Бүл өзгерістер қауырт жағдаа да организмнің қызметін сыртқы ортаның өзгерген жағдайларына бейімдеуге бағытталған.Сонымен бүйрекүсті бездерінің милы және қыртысты қабаттарынын гормондарын бейімдеуші (адаптациялык) гормон деп атаған дүрыс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет