Ас сіңіру механизмі. Заттар қанға не лимфаға сіңу үшін бірнеше биологиялық мембранадан өтеді. Олар: ішек-қарынның кілегейлі қабығы, тыныс жолын іштей көмкерген кілегейлі қабық, капиллярлардың эндотелийлері, альвеола қабырғасындағы альвеолалық эпителий, плевра жапырақтары мен шажырқайды қаптаған серозды қабығы, бірнеше қабат эпителий жасушаларынан тұратын тері т.б. Қоректік заттар бойға сіңу үшін олар алдымен ішек эпителиінің апикальдық және базалдық мембраналарынан, содан соң қан тамыры эндотелийінен өтуі керек. Кейбір заттар жасушааралық саңылаулардан өтеді.
Ас қорытылуы кезінде пайда болған өнімдер тоқ ішекте де сіңеді, бірақ онда шіріткіш микробтар әсерімен амин қышқылдарынан зиян- ды улы заттар түзіледі де қанға сіңеді. Сондықтан тоқ ішекте сіңетін қоректік заттардыңарасында, әсіресе, белоктарды синтездеуге керекті амин қышқылдары өте азайып кетеді. Бұл жағдайды ауруды тоқішек арқылы қоректендіргенде ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |