1. Жұлын. Жұлын құрылысының сегменттік принциптері. Жұлынның нейрондары



бет163/169
Дата31.12.2021
өлшемі231,89 Kb.
#22584
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   169
Байланысты:
1-90 сессия сурак

Ауырсынудың шеткі жүйесі. Ауырсыну тітіркендіргішіне жауап беретін қабылдағыш тері мен басқа тіндерді шырмайтын жіңішке сез-імтал талшықтардан, яғни жалаң жүйкс ұштарынан тұрады. Қабылдағыштар орналасымына байланысты, тітіркенудің және сезімтал нейрондардың түрлеріне қарай жіктеледі. Адамның ауырсыну түйсігіне сәйкес жергілікті, өткір, сыздататын, шашыраңқы ауырсыну қабылдағыштарын ажыратады.

Ауырсынудың орталық жүйесі. Ауырсыну сигналдарын қабыл- дайтын құрылымдар орталық жүйке жүйесініңәртүрлі деңгейінде орналасады. Алдымен ауырсыну сигналдарын миға өтпестен бұрын, жұлынның артқы ашасындағы жалпақ тіліктерінің (пластина) орталық нейрондары қабылдайды және өңдейді. Ауырсыну сезімінің өткізгіш жүйелеріне жұлын-таламус, жұлын торлы құрылым, жұлын-орталық ми жүйкесі жолдары және орталық мидың проприорецептор жүйесі жатады. Бұлар арқылы өрлеме ауырсыну мәліметтері мидың бірнеше орталық құрылымында өңделеді. Олар: жұлын, торлы құрылым, ортаңғы ми, сұр зат, таламус, гипоталамус, лимбия жүйесі, ми қыртысының әртүрлі аймақтары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет