5.3. Жұмыстыорындау әдісі 5.3.1 .Құрал-саймандар:
а) бета-бөлшектер санағышы
б) уақыт өлшегіші
в) алюминий жұтқыш пластинкалар.
5.4. Жүмысты орындау тәртібі 5.4.1. Санау жылдамдығының 5% орташа-шаршылық салыстырмалы қатесін қамтамасыз ету үшін қанша импульс саны жинақталу керек екенін анықтау (уақыттың өлшеу қатесі еленбейді).
5.4.2. Фондық санау жылдамдығын 5% қатемен өлшеу.
5.4.3. Препарат пен фонның санау жылдамдығын 5%-дан аспайтын қателікпен жұтқыштың әртүрлі қалыңдықтары үшін анықтау. Жұтқыш пластинкалардың санын өзгертудің 1-кестеде келтірілген реті ұсынылады. Бір алюминий табақшаның қалыңдығы 0,09 мм. Алюминийдің тығыздығы =2,7 г/см2, мыстыкі, сәйкес, 0,146 мм және =8,9 г/см2. Өлшеу нәтижелерін ұсынылған кестеге тізу.
5.4.5 Алынған мәліметтерден жұтылу қисығын кәдімгі және жартылай логарифмдік масштабта сызыңыз.
5.4.6 Екі сызбадан да толық жұтылу қалыңдығын фон деңгейіне экстраполляциялау әдісімен анықтаңыз. Ол үшін сызбасының соңын қайта сызыңыз (5.3 – сурет)
5.4.7.Толық жұтылу қалыңдығын тұрғызылған графиктен (5.3 сурет) анықтау. А мен Б (фондық санау жылдамдығының қателіктер коридорына кірер алдындағы соңғы екі нүкте) нүктелері арқылы жүргізілген түзудің түзулерімен қиылысу нүктелерінен R қалыңдығы мен қателікті анықтау.
5.4.8 Екінші (5.4 – сурет) сызбасының ортаңғы сызықтық бөлігін фон сызығына экстраполляциялап, R–ды табыңыз. Екі нәтижені салыстырыңыз.
5.4.9 Электрондардың жүрімінің алынған мәндерін талқылаңыз. Анық бір мәнді таңдағаннан кейін 1) санағыштың терезесінің 5 мг/см2қалыңдығын; 2) көзді жабатын қабықшаның 1 мг/см2 қалыңдығын; 3) Көзбен санаған арасындағы ауаның қалыңдығын () ескеру керек.
5.4.10 Табылған қалыңдықтың R мәнінен (11)-(15) формулаларының әрқайсысынан есептеп, олардың әрқайсысы үшін берілген энергия мәндерімен салыстырып, энергаяның ақиқат мәнін анықтау.
4.3-сурет
4.4-сурет.
5.4.6. Энергияны анықтаудың қатесін анықтау үшін қалыңдықтың мәндеріне сәйкес энергияны, ақиқат мәнін беретін формуланы пайдаланып анықтау.