ІІІ бөлім.Оқу Зертханалық Кешені Комптон эффектісі 1. Құрылғы бөлігі 5-суретте қондырғының корпус түрінде жасалған, мөлдір қақпағы бар фотосуреті, 6-суретте оның ішкі бөліктері көрсетілген.
5-сурет. «»Комптон эффектісі» қондырғысының сыртқы көрінісі
6-сурет. «Комптон эффектісі» қондырғысының ішіндегі басты түйіндерінің орналасуы
Радиоактивті изотопы бар контейнер
Шашыратқыш
Детекторлы-сцинтилляционды спектрометр
Қақпақтың астында қондырғының басты түйіндері көрінеді.
кванттар көзі. Қондырғының қырында көздің «қосылуын» анықтайтын әрі қорғасын контейнердің коллимационды саңылау деңгейіне радиоактивті заттардың ампуласының шығарылуы сәйкес келетін жарық диоды орналасқан. Көздің «қосылуы» қондырғы корпусының алдыңғы жағында орналасқан «көз» тетігін басқанда орындалады.
. Қондырғының арнайы жылжымалы тіреуішінде шашыратқыш орналасқан. «Шашыратқыш» тетігі арқылы кванттың cәулесінен алып тастауға болады.
кванттар детекторы. оғарыда айтылғандай, детектор сцинтилляционды спектрометр түрінде болады. Мұнда оның моделі көрсетілген. Панельдің алдыңғы бөлігіндегі тетіктер арқылы детектор 0-ден 90-қа дейінгі бұрыштарды өлшеуге мүмкіндік береді. Детектордың қосылуы қондырғы панелінің алдыңғы жағында орналасқан «ФЭК» тетігі арқылы іске асады.
2.Компьютерлік-бағдарламалық бөлім Эксперименттің маңызды аспаптық және жұмыспен өтелетін бөлігі болып аппаратпен басқару бөлігі, эксперимент процесін демонстрациялау, нәтижелерді өңдеу(математикалық әдістерді пайдалану, кесте және график тұрғызу) функциялары кіретін компьютер болып табылады.
Бағдарлама бойынша сілтеме:
Методикалық басқару(басып шығару)
Иа
Жоқ
Кіру (Windows жұмыс үстеліндегі немесе папкалардың біріндегі таңбаша)