Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп, жанады да.
2. Ол күнде аз қазақ пен қалың қалмақ,
Қыран мен қара құстай алысқан шақ.
Баласы Алты алаштың Абылайдың
Астында ақ туының табысқан шақ.
Қазақтың батырлары бәрі қыран,
Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап.
3. Сол сұлу, сұлу екен атқан тандай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай,
Лебізі- жібек лебі, жұмақ желі,
Кәусардай тартқан адам қалар қанбай,
Шын ер ғой Батыр Баян алып қайтқан
Еліне сол сұлуды естен танбай...
4. Ноян да сол сұлуға тәтті балдай,
Мөлдіреп қараушы еді көзі талмай....
Екеуі ескен желдей кетіп қалды.
Кетті олар.Сәске болды, ауыл тұрды,
Алдымен Ер Баянға хабар барды....
Екі жас аттарынан ұшып түсті,
Түскенде бірін -бірі құшып түсті
5.Тартқанда сынбадың –ау, сұм садағым!
Қайтейін, арымадың,арда күшім!
Жоқ,әлде,жоқ... жоқ.... Әлде... Өлтірдім бе,
Інімді алты алаштың намысы үшін?!
6. Қалың қол ортасында Батыр Баян
Баянның батырлығы алашқа аян.
Екі көз екі қызыл шоқ боп кеткен
Аузынан көбік болып бұрқырап қан.
Оң солға алдаспанды сілтілегенде
Бұлақтай қалмақ ханын бұрқыратқан