1. Жүрек қантамырлар жүйесі. Жалпы морфофункциялық сипаттамасы. Қантамырлардың жіктелуі, дамуы. Қантамырлардың гемодинамикалық жағдайларға байланысты құрылысы, тіндік құрамы мен өзара байланысы


Эндокард және оның туындысы – жүрек қақпақшалары



бет15/31
Дата22.04.2023
өлшемі66,31 Kb.
#85681
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
гисторк2

8.Эндокард және оның туындысы – жүрек қақпақшалары.
Жүрек –қанды қозғалысқа келтіре отырып,қан тамырларға айдайтын негізгі мүше болып табылады.Жүрек қабырғалары 3 қабықтардан тұрады:ішкісі-эндокард,ортаңғысы-миокард және сыртқысы-эпикард деп аталады.
Ендігі кезекте ішкі қабырғасы –эндокардқа тоқтала өтсек.Айта өткеніміздей жүрекің ішкі қабырғасы-эндокард.Бұның бастамасы мезенхиамадан бастау алады.Негізі эндокардтың құрылысы бойынша қан тамырлардың құрылысына ұқсас болып келеді.Қабырғасыэндотелий,эндотелий асты,сыртқы дәнекер тінді қабаттары және етті эластинді қабаттары болады.
Эндокард 4 қабаттан тұрады:
эндотелий -базальді мембранада орналасқан эндотелиальді, полигональді жасушалар;
субэндотелиальді қабат –аз маманданған жасушалары бар борпылдақ талшықты дәнекер тіні;
бұлшықетті-эластикалық қабат-мұнда эластикалық талшықтар тегіс миоцит жасушалармен қиылыса орналасады;
сыртқы дәнекер тіндік қабат -құрамында ірі эластикалық, коллагенді және ретикулярлы талшықтары, тамырлары бар дәнекер тіннен тұрады.
Қақпақша негізін тығыз талшықты дәнекер тіні құрайды, оның құрамында коллагенді және эластикалық талшықтар болады. Қақпақша табаны фиброзды сақиналарға бекінген.

Негізінен эндокард жүрек қақпақшаларын қалыптастырып,оның дубликатурасы болып табылады.Осы тұста айта өтетін жайт, қақпақшалар эндотелиймен тысталған,кішкене жасушалары болатын,талшықты дәнекер тіні бар тығыз пластинка.Ал ,жүрекшеде қақпақшалары тегіс болады.Эндокардтың қоректенуі диффузды түрде ішіндегі қаннан қоректік затты алу арқылы жүзеге асады.


Клапандар.Клапандар жүрекше мен қарынша аралығында орналасады.Көбіне ірі қан тамырларда болады.Жүректің сол жағындағы қарынша мен жүрекше арасындағы клапан-екі қақпақты ,ал оң жағындағысы үш қақпақты болып келеді.Клапандар негізі эндотелиймен тысталады.Құрамында тығыз талшықты,дәнекер тінді құрылымы болады.Негізгі затында көптеп кездесетін заты-гликозаминогликандар деп аталады. Қақпақша табаны фиброзды сақиналарға бекініп орналасады.
9.Миокард. Атипті және типті кардиомиоциттер, олардың жүрек жұмысындағы маңызы. Эпикард және перикардтың париетальді жапырақшасы. Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
Миокард- жүректің қызметіне жауапты, жүректің ірі және мықты қабаты.Миокард бізде 3 түрлі кардиомиоциттерден тұрады: Жұмысшы немесе жиырылғыш;Өткізгіш және Секреторлы кардиомиоциттер. Сонымен қатар миокард құрамында 1-2 ядро, көлденең жолақтылығы бар көптеген миофибриллилары, Т және L-түтікшелері, митахондриялары көп болады. Енді кардиомиоциттерге жеке тоқталып өтсем:
Бірінші бізде жұмысшы немесе жиырылғыш кардиомиоциттер жалпы бұлар миокардтың көп бөлігін алып жаткан кардиомиоциттер болып табылады. Олардың пішіні төртбұрышты, ұзындығы 50-120мкм-ды ал ені 1520мкм-ды құрайды.Жиырылғыш кардиомиоциттер бізде өзара қыстырма дисктермен байланысады. Бұлардың құрамында десмосомалар, миофибриллалар мен қуысты контактылары-нексустары болады. Нексустар нерв импульстерін жасушадан келесі бір жасушаға тез өткізуін қамтамасыз етеді. Десмосомалар мен миофибриллалар механикалық қызмет атқарса, нексустар кардиомиоциттердің синхронды жиырылуын қамтамасыз етеді. Жалпы кардиомиоциттің сырты сарколеммамен тысталады. Ал осы сарколемманың құрамында кардиомиоциттердің плазмолеммасы мен базальді мембранасы болады. Базальді мембранасының құрамында Са иондарымен байланыс жасайтын гликопротеиндер өте көп болады.Осы гликопротеиндер қанның ұюын тежейді. Жиырылғыш кардиомиоциттер қарыншаларда- цилиндр тәрізді, ал жүрекшелерде өсінділі ,көлемі ұсақ боп келеді. Сонымен қатар жүрекшелік миоциттерде митохондриялар, миофибриллалар, саркоплазмалық тор аз, және Т-жүйесі өзекшесі нашар дамыған боп келеді.
2.Секреторлы кардиомиоциттер- оң жақ жүрекше мен құлақшаларда кездеседі.Бұлардың цитоплазмасында секреторлы түйіршіктерінің құрымындағы гликопротеиндер қанға НУФ (натрийдиуретиклык фактор) бөледі. Бұл фактор жүрекшедегі канның мөлшері көбейіп АҚҚ жоғары болу кауiпі туу кезінде канға бөлінеді, бүйрек нефрондарының кабырғасына әсер ету нәтижесінен біріншілік несептен Na -дын қанға кайта сорылуы тежеледі де, ағзадан бүйрекке натриймен бірге көп мөлшерде су бөлініп шығады да, қан қысымын төмендетеді. НУФ кан тамырларының диаметрін кеңейтңп тамырлардың тонусына әсер ететін гормондардың секрециясын тежейді (альдостерон. кортизол, вазопрессин). Бұлармен коса НУФ- тың құрамында қанның ұүюын төмендететін заттар да болады.
3.Өткізгіш кардиомиоциттер бұл кардиомиоциттер жүректің әртүрлі бөліктерінде орналасады. Шығу тегі мен құрылысы жағынан бұлшықет тініне, ал қызметіне байланысты нерв тініне ұқсас болып келеді.Өткізгіш кардиомиоциттердің 3 түрін ажыратамыз: P-жасушалары(пейсмекер жасушасы), аралық жасуша және пуркинье талшықтарындағы жасушалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет