1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



Pdf көрінісі
бет102/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

Вегетативтік нерв жүйесі – біздің санамызға (еркімізге) байланыссыз жиырылатын, яғни 
жазық бір салалы бұлшықеттерді (жүректі, ішкі ағзаларды, тамырларды) және бездерді 
иннервациялайтын нерв жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар 
вегетативтік нерв жүйкесі қоректендіру (трофикалық), тыныс алу, асқорыту, зәр шығару, 
көбею, заттек алмасу, иммундық, температураны реттеу және гомеостаз сияқты 
қызметтерді реттеп отырады 
Қызметіне қарай ВНЖ екі бөліктен тұрады,симпатикалық және парасимпатикалық. Бұлай 
жіктелуінің себебі,вегетативтік нерв жүйесінің кейбір талшықтары ағзалардың жұмысын 
белсендіреді,ал кейбіреулері – баяулатады яғни физиологиялық деректерге байланысты. 
Мысалы симпатикалық бөліктің жұмысының белсенділігі артқан кезде көз қарашығы 
үлкейіп , тамырлар тарылып бездердің секрециясы бәсеңдейді,жүрек соғысы жиілеп, ішек 
қимылы тежеледі, қысқыштар жиырылады,ал парасимпатикалық бөліктің белсенділігінде 
– жүрек соғысы баяулап, ішек қимылы күшейеді,қысқыштар босайды,бездердің 
секрециясы күшейеді.
Симпатикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның І-көкірек омыртқасымен ІІІ-бел 
омыртқасының арасында орналасқан. Перифериялық бөлімі симпатикалық шекара 
бағанасы мен түйіндерінен, жүйкелер мен жүйке өрімдерінен тұрады. Симпатикалық 
шекара бағанасы мойын, көкірек, бел және сегізкөз бөліктеріне бөлінеді. 
Парасимпатикалық бөлімнің орталығы сопақша мида, ми көпірінде және жұлынның 
сегізкөз бөлімінде орналасқан. Ми бөлімдерінен басталатын бұл бҿлімнің жүйке 
талшықтары көзді қозғаушы, бет, тіл-жұтқыншақ жҽне кезеген жүйкелердің құрамынан 
шығып өздері таралатын мүшелердің маңында немесе тікелей мүшелердің ішінде 
ганглиялар түзеді. 


• Автономды жүйке жүйесінің ең ежелгі қызметтердің бірі — адаптациялы 
қоректендіргіш (adapto — примериваю, прилаживаю) қызмет болып табылады. Ол 
жасушалар, тіндер және ағзалардың сыртқы ортаның жағдайларына бейімделуін 
қамтамасыз етіп отыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет