шығатын симпатикалық талшықтар кіші жамбас астауы қуысында жыныс нервіне
қосылып, төменгі құрсақасты өрімі арқылы жамбас астауы ағзаларына өтеді.
Бірқатар қуысты ағзалардың қабырғаларында нерв өрімдері орналасады, олардың
құрамында ганглиозды жасушалар мен миелинсіз талшықтар бар ұсақ түйіндер
(терминалды) жатады; бұлар ганглиозды- торлы немесе итрамуралды жүйені түзеді.
Интрамуралды жүйе өте-мөте ас қорыту жолында айқын білінеді, бұл жерде ол бірнеше
өрімнен тұрады
1. Бұлшықет-ішек өрімі - plexus myentericus - ас қорыту түтігінің бойлық және
сақиналық бұлшықеттері арасында орналасады.
2. Шырышастылық өрім - plexus submucosus - шырышасты негізде жатады. Ол
бездер мен бүрлер өріміне ауысады.
Аталған өрімдердің сыртында диффузды нерв торы орналасады. Өрімдерге симпатикалық
және парасимпатикалық жүйелерден нерв талшықтары келеді.
Интрамуралды өрімдерде парасимпатикалык жүйенің түйінге дейінгі талпықтары
түйіннен кейінгі талшықтарға ауысады. Интрамуралды өрімдер тұлға қуыстарының
экстраағзалық өрімдері сияқты құрамы жағынан аралас болып келеді. Соңғы кезде ас
қорыту жолы интрамуралды өрімдерінде симпатикалық текті жасушалар да табылған.
Достарыңызбен бөлісу: