1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



Pdf көрінісі
бет111/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

1) Краниалды 
2) Сакралды 
Краниалдының ортаңғы бөлігі ортаңғы мида (мезэнцефалдық бөлік) және ромбтәрізді 
мида - көпір мен сопақша ми (бульбарлық бөлік) жайғасқан орталықтардан тұрады. 
 Мезенцэфалдық бөлікті nucleus accessories n. oculomotorii мен ортанғы сыңар ядро 
құрайды, олар арқылы көз бұлшықеттері m. sphincter pupillae мен m. ciliaris 
нервтендіріледі.
 Бульбарлық бөлікті nucleus salivatorius superior n. facialis (дәлірек n. intermedius), 
nucleus salivatorius inferior n. glossopharyngei мен nucleus dorsalis n. vagi кұрайды. 
Парасимпатикалық жүйенің краниалды бөлімінің шеткі бөлігін құрайтындар:
 бассүйек нервтерінің III, VII, IX және Х жүптары кұрамындағы (I және IX жұптар 
құрамында да болуы мүмкін) түйінге дейінгі талшықтар;
 мүшелер жанында орналасқан терминалды түйіндер, атап айтқанда: ganglion ciliare, 
pterigopalatinum, submandibulare, oticum және
 түйіннен кейінгі талшықтар, олардың дербес жолы болады, мысалы, ganglion 
ciliare-ден шығатын, nn, ciliares breves сияқты немесе олар қайсыбір нервтердің 
құрамында жүреді, мысалы ganglion oticum-нен шығып, п. auriculotemporalis-тің 
құрамында жүретін түйіннен кейінгі талшықтар..
Кейбір авторлар парасимпатикалық талшықтар жұлынның басқа сегменттерінен де 
шығып, алдыңғы түбіршіктер арқылы тұлға мен қол-аяқтарға кетеді деп көрсетеді. 
Сакралды ортаңғы бөлік жұлында, II-IV сегізкөз сегменттері деңгейінде бүйір мүйіздің 
substantia intermeialateralis-те жатады.
Сакралды бөлімінің шеткі бөлігі II-IV сегізкөз нервтерінің алдыңғы түбіршіктері, одан 
әрі олардың алдыңғы тармақтары құрамында кіші жамбас астауына кіріп plexus sacralis-ты 
(анималды өрім) түзетін талшықтардан тұрады. Олар бұл жерде өрімнен бөлініп, nn. 
splanchnci pelvini plexus hypoglastricus inferior-ға барып, сонымен бірге жамбас астау 
қуысындағы: colon sigmoideum мен тік ішекті, несепқуығын, сыртқы және ішкі жыныс 
мүшелерін нервтендіреді. Nn. splanchnici pelvini тітіркендіруінен тік ішек пен несеп қуығы 
- m. detrusor vesicae - жиырылып, олардың қыспақтары босаңсиды. Симпатикалық 
кұрсақтылығы өрім талшықтары бұл мүшелердің босауын тежейді; олар жатырдың 
жиырылуын қоздырады да, ал nn. splanchnici pelvini оны тежейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет