1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 ІХ жұп ми нерві, ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары және бастың



Pdf көрінісі
бет66/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

 
87. ІХ жұп ми нерві, ядролары, тармақтары, нервтендіру аймақтары және бастың 
вегетативтік түйіндермен байланысы.
ІХ-шы жұп: тіл-жұтқыншақ нерві (n.glossopharyngeus)аралас нерв, яғни 
қозғалтқыш, сезімталдық, вегетативтік және дәм сезу нерв талшықтарынан тұрады, 
осыған сәйкес үш ядросы болады – 1-қозғалқыш, 1-сезім, 1-вегетативтік . 
-ядролары: 
а) қосарланған ядро (nucleusambiguus) – қозғалтқыш, сопақша мидаХ-шы және 
ХІ-ші жұп ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларымен қосарланып бірге орналасады; 
б) дара жол ядросы(nucleustractussolitarii) – сезімтал, басқа да ми нервтерінің (Х, 
VІІ ж.т.б.) сезімтал ядроларының жалғасы есебінде сопақша мида орналасқан; 
в) төменгі сілекей бөлетін ядро (nucleussalivatoriusinferior) – вегетативтік 
парасимпатикалық ядро, олда сопақша мида жатады; 
-ескеретін жағдай, ромбтәрізді шұңқырда орналасатын ми нервтерінің 
ядроларының топографиясына мән берсек, онда шұңқырдың ұзынабойлық ортаңғы 
жүлгесіне жақын қозғалтқыш ядролар, шұңқырдың латералді бөлігінде, яғни латералді 
бұрышына жақын сезімтал ядролар, ал қозғалтқыш және сезімтал ядролар аралығындағы 
бөлікте вегетативтік ядролардың орналасатындығы;
-ядролардың 
осындай ретпен сопақша мида, яғни ромб тәрізді шұңқырда 
проекциялануының себебі бар: жұлынның артқы жіпшесінде өрлемелі сезім жолдары 


өтеді және артқы мүйізінде сезім ядролар, латералді мүйізінде вегетативтік ядролар, ал 
алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш ядролар орналасқан;
-жұлынның осы артқы бөліміндегі сезімталдың құрылымдар жоғарғы жақта сопақша миға 
жалғасады, ал сапақша мидың, жұлыннан келген, артқы бөлімінің құрылымдары, дәлірек 
айтсақ нәзік және сынатәрізді будалар жоғары латералді бағытталып мишықтың төменгі 
аяқшасына жалғасады, сөйтіп артқы сезімтал құрылымдар (ядролар) ромб тәрізді 
шұңқырдың латералді бөлігіне ығысып орналасады да, қозғалтқыш ядролар шұңқырдың 
ортаңғы сызығына жақын өз орнындарында қалады (жұлынның алдыңғы мүйізінің 
қозғалтқыш ядроларына сәйкеседі), ал вегетативтік ядролар олардың аралығында жатады 
(жұлынның бүйір мүйізіндегі вегетативтік ядроларға сәйкеседі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет