1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 Х жұп ми нерві, ядролары, топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары



Pdf көрінісі
бет68/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   119
88. Х жұп ми нерві, ядролары, топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Х-шы жұп: кезбе нерв (n.vagus– аралас нерв , яғни қозғалтқыш, сезімталдық, дәм 
сезу және вегетативтік нерв талшықтарынан тұрады және үш ядросы болады (1-
қозғалқыш, 1-сезім, 1-вегетативтік):
-ядролары : 
а) қосарланған ядро (nucleusambiguus) – қозғалтқыш, сопақша мида ІХ-шы және 
ХІ-ші жұп ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларымен қосарланып бірге орналасады; 
б) дара жол ядросы(nucleustractussolitarii) – сезімтал, басқа да ми нервтерінің 
(ІХ, VІІ ж.т.б.) сезімтал ядроларының жалғасы есебінде сопақша мида орналасқан; 
в)кезбе нервтің дорсалді ядросы (nucleusdorsalisn.vagi) – вегетативтік 
парасимпатикалық ядро, олда сопақша мида жатады, яғни ромб тәрізді шұңқырдың 
төменгі үшбұрышындағы кезбе нерв үшбұрышында (trigonum n. vagi-да) проекцияланады; 
 
-n.vagus-тыңмида орналасатын жері: 
-n.vagus сопақша мидан артқы латералді жүлге (sulcusposterolateralis) арқылы 
шығады, n.glossopharyngeus-тен төмен жатады және 10-15 түбіршік түрінде шығып, жуан 
сабау түзеді;
-n.vagus-тыңбассүйектегі орны: 
-бас сүйектен мойындырық тесік (foramenjugulare) арқылы шығады; 
-ескеретін жағдай, foramenjugulareарқылы n.vagus-пен бірге ІХ-шы, ХІ-ші жұп 
ми нервтерінің және ішкі мойындырықтық венаның жүретіндігі; 
 
-n.vagus-тың 
жүретін 
жолының 
топографиясы,тармақтары 
және 
нервтендіретін ағзалары (166-168-суреттер): 
- n.vagus-тың сезімтал нерв таршықтарыforamenjugulare-ден шығарда жоғарғы 
түйін (ganglionsuperius) және шыққан соң төменгі түйін (ganglioninferius) түзеді; екі 
түйінде жалған униполярлы нейрондармен құралған, яғни униполярлы нейронның (1-ші 
нейронның) шеткі өсінділері (аксондары)n.vagus-тың құрамымен және оның 
тармақтарымен ағзаға жетіп рецепторлармен қосылады, ал орталық өсінділеріn.vagus-тың 
құрамында миға бағытталып, оның сопақша мидағы сезімтал дара жол ядросына 
(nucleustractussolitarii) барады (2-ші нейрон), әрі қарай сезім импульстары сезімнің 
қыртысасты орталығы таламусқа (3-ші нейронға) беріледі, одан сезім талшықтары 
қыртыс орталығы орталықартқы қатпарға (gyruspostcentralis-ке) барады; 
-бассүйек қуысынан foramenjugulare арқылы шыққаннан соң, n.vagusалдымен 
v.jugularisinternaжәнеa.carotiscommunis арасында, тамырлардың артында, олармен бір 
қынапта орналасып, төмен бағытталады; 
-әрі қарайn.vagusкеуде қуысының жоғарғы тесігі арқылы кеуде қуысына өтіп, онда 
оңжақ кезбе нерв бұғана асты артерияның (a.subclavia-ның) алдында, ал солжақтағысы – 
аорта доғасының алдыңғы жағында орналасады; 


-оң және солжақ кезбе нервтің екеуіде төмен қарай бағытталады және, өкпе түбірін 
артқы жағынан айналып өтіп, өңешпен қосарлана жүріп, оның қабырғасында – сол жақ 
кезбе нерв алдыңғы бетінде, оңжақ нерв – артқы бетінде өрімдер түзеді; 
-кезбе нервтің екеуіде өңешпен бірге көкеттің өңеш саңылауы (hiatusesophageus
арқылы іш қуысына өтіп, асқазанның алдыңғы және артқы қабырғасында өрімдер түзеді; 
-ескеретін жағдай, асқазаның алдыңғы қабырғасында солжақ кезбе нерв, ал артқы 
қабырғасында оңжақ кезбе нерв тармақталып өрім түзеді; n.vagus-тың бұлай орналасуы, 
асқазанның даму (онтогенез) барысында солжақтан оңға қарай бұрылыс жасауының 
нәтижесінде болады, яғни асқазан онтогенездің бастапқы кезеңінде сагиталді жазықтықта 
орналасады, оң және солжақ беттері болады (кезбе нервтер де асқазанның сәйкес оң және 
солжақ беттерінде жатады), кейіннен асқазан солжақтан оңға қарай бұрылыс жасап, 
фронталді жазықтыққа ауысады, осы кезде солжақтағыn.vagusасқазанның алдыңғы бетіне, 
ал оңжақтағыn.vagus асқазанның артқы бетіне өтіп орналасады. 
жоғарыда атап өткендей, жүретін жолына сәйкес, n.vagus төрт бөліктен тұрады: бас, 
мойын, кеуде және іш бөліктері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет